Зейнеткердің сауалы

Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі тағайындалды

  • Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі тағайындалды

    Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі тағайындалды

Экономист Айдархан Құсайынов ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк өкілдері бұл мәліметті растады. "Жалпы, мен Ұлттық банктің саясатымен келісемін. Оны бүгінде елімізде түсінікті саясаты мен көзқарасы бар мемлекеттік органдардың ең тиімдісі деп санаймын. Бұл туралы мен бірнеше рет жазған болатынмын. Мен осы командада болғаныма қуаныштымын", - деді Айдархан Құсайынов Tengrinews.kz тілшісіне. Құсайынов Айдархан Маратұлы - "Almagest" компаниясының бас директоры, Ресей мен Қазақстан Тәуелсіз директорлар ассоциациясының мүшесі. 1995-1998 жылдары "KBS Group" компаниясында жұмыс істеген. Онда бизнестің консультациялық бағытын дамытумен айналысқан. 1998-2002 жылдары "ҚазТрансОйл", "ҚазТрансГаз" компанияларында инновациялық жобалар департаментінің директоры, стратегиялық жоспарлау мен даму жөніндегі атқарушы директор және тағы да басқа қызметтерді атқарған. 2002-2003 жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде газ өнеркәсібі департаментінің директоры болды. 2004 жылдан бастан мұнай, тау-кен өнеркәсібі мен мұнай-химия саласын дамыту, жобаларды сату мен сатып алу бойынша жеке кеңес беру қызметін көрсеткен.




Көрілген: 1248    Пікірлер: 0

жұма, 07.04.2017, 13:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30