Зейнеткердің сауалы

Зейнетақым неге аз?

  • Зейнетақым неге аз?

    Зейнетақым неге аз?

Саламатсызба! Мен сізден өтініп сұрайтыным, менің зейнетақым өте аз, қазір жасым 65 те, 43 мың теңге аламын. Мен 5 баламен пенсияға шыққанмын, мен 60 жасқа келгенше медбике қызметін атқардым 38 жыл жұмыс өтілім бар, Осыны ескере келе менің жұмыс өтілім және 60 келгенше тапқан жалақым зейнетақыма қосылады ма екен?!


Араш Жарасова, Қызылорда қаласының тұрғыны


Жауап:

Салеметсіз бе!


Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, зейнетақы тағайындау кезінде ұсынатын еңбек өтілі мен (еңбек өтілі тек қана 1998 жылы 1 қаңтарға дейін есепке алынады) 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап (зейнеткерлік жасқа толғанға дейін) жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табысын негізге ала отырып жүзеге асырылады.


Зейнетақы мөлшерлерін қайта қарау үшін Сіз тек зейнетақыны тағайындауда бұрын ұсынылған құжаттарыңызды толықтыратын еңбек өтілі мен табысы туралы құжаттарды тапсырған жағдайда ғана мүмкін.


Осыған орай, зейнетақыңызды қайта қарау үшiн, 1998 жылдан бастап еңбек өтіліңізді және зейнеткерлік жасыңызға толғаннан кейін жұмыс істеген кезеңдегі табыс туралы мәліметтерді алуға құқық негіздер жоқ.


Айта кететін жайт, 2018 жылғы шілде айынан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақты, сол сияқты жинақтаушы жүйелеріне қатысу өтілін ескере отырып, мемлекеттік базалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілетін болады.


Мысалы, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 50 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде берілуі қарастырылып отыр. 


Алаш айнасы


Көрілген: 2047    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.07.2017, 14:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30