Ашаршылық санағы – сан-сұраққа толы

30 мамыр 2012, 13:12

Кеңестер Одағының құрамында болған республикалардың ішінде ең көп қырғынға ұшыраған қазақтар екені – қазір тарихи факт. Дегенмен соның нақты цифрларын бүгінгі ғылым әртүрлі айтып жүр. Бұл жөнінде нақты бір тұжырымға келе алмай жүрміз.
Демографтардың көпшілігі 1913 жылы Ахмет Байтұрсыновтың «Әлһамду­лилла, 6 миллион қазақ бармыз» деген пікіріне сүйе­неді де, нақты ғылыми талдауға жү­гін­бейді. Мәселен, Саложинков деген орыс тарихшысы өзінің 1921 жылы Орын­бор қаласында басылған кітабында: «1911 жылы қазақтардың саны 8 мил­лион 200 мыңға жуық болған», – деп жазады. Қазір біз 1916 жылғы аштық­тан қы­рыл­ған қазақ­тың санын білмейміз. Азат­тық көте­рілісте қазақтың саны әлемді шар­пыған. Аштықтан қырылған, көрші Қы­тай­ға ауып кеткен қанша қазақ бар екенін білмейміз, оларға ескерткіш жоқ. 1929-32 жылдар­дың аралығында қазақ­тар 372 рет көтері­ліске шыққан. Онда қан­ша қазақтың қы­рыл­ғанын тағы ешкім біл­мейді. Шамамен білетініміз – 20 жылға жет­пейтін уақытта қазақтың 71 пайызы адам қолымен жа­салған түрлі сая­саттың құр­бандығы бол­ған.
Ал мүлік мәселесіне келсек, кәмпеске бас­талардың алдындағы мұрағат құжатта­рына сүйенетін болсақ, қазақта 44 мил­лиондай мал басы болғаны белгілі.
Байларының өзінде ғана 44 миллиондай малы бар, жан басы 8 миллион халық­тың тарихи мүмкіндігі зор еді. Әлем бойынша индустрия енді қарқын ала бас­таған 20-жүзжылдықтың басында бұл – өте үлкен көрсеткіш. Біз орыс отаршылды­ғы­ның бізге берген зарарын толық өлшеуге тиіспіз. Салыстырып айтсақ, 1926 жылы өз­бектер 4 миллион 800 мың болған. Қа­зіргі Өзбек­стан халқы 28 миллион 800 мың адамға жетті. Ал 8 миллион қазақ бір ғасыр ішінде қайда барар еді? 50 миллионнан еркін асып, қолындағы 44 миллион мал бұл халықты капитализмге эво­лю­циялық жолмен өткізетін еді.
Кейін сол малдың бәрін тартып алды. Ең соңында 31-33-жылдары аштыққа ұрын­дырып, содан кейінгі бір санақта қазақ­тарда 4 миллионға жетер-жетпес мал қал­ған екен. Сол 8 миллион қазақтан 1939 жылы санақта 2 миллионнан асар-аспас қана қалған. 75 пайызы қырылған. 1,5-2 миллиондайы шетелге кетті, қалғандары қырылды деген сөз.
Ал кәмпеске болмағанда қазақтың жал­пы тұрмысы тым құрығанда күнгей Корея­ның бүгінгі тіршілігіндей керемет күйлі болатыны, 80-90 жылдың ішінде қазақ буржуазиясы мультипликативті өзге­ріспен атадан балаға қалатын түрлі бизнеске ұласатыны күмәнсіз. Кәмпескені адам­зат тарихындағы ең сорақы қиянат, адасушылық деп бүгінгі құқықтық сана айыптайды. Бірақ Кеңес өкіметінің тонау­шы­лығы қазақ халқын сапа жағынан да, экономикалық жағынан да кемінде бір жарым ғасырға кері лақтырды. Білдей бір ұлт­тың болашағына балта шапқан зобалаң­ның мәңгілік сұрауы болмай ма?
Өкініштісі – біз осы шындықтарды ашу­ға құлықсызбыз. Ресейдің ФБҚ-сы өзі­нің мұрағатын ашып қойды. Интернет арқылы-ақ құжаттарға қол жеткізуге болады. Ал біздің Ұлттық қауіпсіздік комитетіміз­дің есі­гі әлі күнге дейін жабық тұр. Сан мәр­те сұрау салсақ та, ресми мекемелері­міз жауап бермейді. Соның салдарынан тарих ілгері жылжымай тұр.