Геноцидке кім кінәлі? немесе тарихи жауапкершілік иесін іздеген жиын

Геноцидке кім кінәлі? немесе тарихи жауапкершілік иесін іздеген жиын

БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің 1933 жылғы шілденің 10-16-сы аралығында болып өткен VI пленумы орақ науқаны және мемлекетке астық тапсыру, ауыл мен деревнядағы  партиялық жұмыс, мал шаруашылығын дамыту туралы үш мәселені қарап, талқылады. Бұл Л.И.Мирзоянның басшылығымен өткен бірінші пленум еді. Онда «Ауыл мен мал шаруашылығын дамыту туралы» басты баяндаманы республика Совнаркомының төрағасы Ораз Исаев жасады. Ол «бұрынғы басшылықтың» өкілі ретінде пленумның алдында ашаршылық пен жұт қасіреттерінің себеп-салдарлары мен оған басты кінәлілер туралы айтып, есеп беруге тиіс болатын. Шындығына келсек, дәл осындай есеппен ашаршылықтың басты прорабы Голощекиннің өзі сөйлеп, қатал үкімге ұшырауы керек еді.

Абай ОМАРОВ (коллаж)
Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы қызметінен ауыстырылуына және Қазақстанға жоғарғы жақтан белгілі бір көмек арнасының бұрылуы­на қалың бұқараның жаппай қарсылығын біл­дірген басқа да арыз-шағымдардан бөлек, қа­зақ халқының бір туар перзенті Тұрар Рыс­құлов пен Совнарком төрағасы Ораз Исаев­тың Ста­линге жолдаған хаттарының  да үлкен ық­палы болғаны – тарихи шындық.  Сталиннің О.Исаев жөнінде: «Ол – Қазақстандағы өз қыз­­ме­тіне өте лайық басшы. Ол Голощекинмен бір­­ге асыра сілтеулер жіберіп алды. Енді сіз­бен (Мирзоянмен – Т.К.) бірге қателерді жөн­деу­ге қатыссын», – дегені О.Исаевтың өз қыз­­ме­тінде қалу-қалмауы туралы екіұшты мә­­­се­лені түпкілікті шешіп берген болатын. Бұл жағдайда Сталин Голощекинді басынан си­пағандай (ол оған Мәскеуде жоғары ла­уа­зым­ды қызмет берді, дәл осындай жоғары қызметті көп жыл өткен соң М.Горбачев та­ғы бір айыбы ашылып қалған эмиссар Г.Кол­бинге де ұсынған болатын) болғандықтан, Исаевты да жазалай алмаған. Ал Голощекинді жа­­залағаны жеке басқа табынушының Қа­зақ­станда жүргізген саясатының кедір-бұ­дыр­ларын мойындағанымен бірдей болатын. Бұл арада бірінші скрипканы Голощекиннің ой­нағанын жақсы біле тұрып, оның орнына мүл­де бөтен адам – Л.Мирзоянды жібере оты­­рып, Сталин өзінің жаңа өкілі респу­бли­ка­да ор­­нығып алғанға дейін О.Исаевтың бай тә­­жі­рибесін пайдаланғысы келді.
О.Исаев пленумда жан-жақтан соққан соққының бәрін – бұрынғы басшылыққа деген наразылық пен қарсылықты да, Го­ло­щекиннің «оң қолы» ретінде өзінің аты­на айтылған сынды да жалғыз өзі қа­был­дап алды. Ол пленумда барынша ашық болу­ға, мәселені жан-жақты қарастыруға тырысты.

1933 жыл. Шілденің 12-сі. Кешкі мәжіліс.
Сөз Исаев жолдасқа беріледі.
... Мен жауапкершіліктен жалтармақшы емеспін. Қателеріміздің барлық ауыртпалы­ғын бұрынғы басшылықтағы кейбір жол­дастарға, солардың ішінде Голощекин мен Құрамысовқа аудара салу ниетінде де болғаным жоқ. Олай етудің өзі партия жолына сыйымды іс те бола қоймас еді. Өзін кіп-кішкентай, моп-момын ғана адам етіп көрсетіп, бұрынғы басшылықтан жәбір шеккен қызметкер ретінде бейім тұратын, сөйтіп, ептеп-септеп қиыншылықтарда қа­те­лерден сытылып кетуге ұмтылатын адам мен емеспін. Баяндамамды да, қоры­тынды сөзімде де тек сын ғана деп есептемей, на­ғыз сын деп білемін: оның ішінде де өзімді баса сынағаным деп білемін.
Бәріңізге мәлім, бұрынғы басшылықта менің орным оңай орын болған жоқ. Шынында да, мен «шабақ» немесе қатардағы артельші ғана болсам, онда үкімет адамы болғаным қайсы?! Ірі бай-шонжарлардың шаңырағын ортасына түсіріп, белін сын­дырған дәуірді де, Қазақстан партия ұйы­мында болған ұлтшыл уклондарды, жіктерді қиратқан дәуірде де мен аз жұмыс атқарғаным жоқ...
Алайда осындай даусыз игі істеріммен қатар, менің Қазақстандағы соңғы екі-үш жылдың ішінде болған асыра сілтеу, бұр­ма­лаушылықтардағы орным да шағын бол­май шықты. Сондағы менің қателеріме келсек, мынадай бір жайды еске түсіру керек. Мен жас қазақ коммунистерінің (солшыл) тобының ішінен шыққандардың бірімін.
...Атап өтуімді міндет деп білемін: өлкелік комитеттің отырықшыландыруды шапшаңдату жолындағы бірсыпыра қаулы­ла­рын, солардың ішінде отырықшылан­дыру ісін жалпы алғанда 1933 жылдың ақырына дейін аяқтау жайындағы қаулыны жазып, ұсынған менмін. Мұнан басқа, шамасы, 1931 жылдың орта кезінде бір жаса­ған баяндамамда мал шаруашылығы аудан­дарын колхоздастыруды шапшаң­дату деген мәселені өз басым ашық көтердім.
...Қатеміз сол, біз мал шаруашылығын ойсыратып отырған түпкі, негізгі себептерді ұғынбадық. Ол енді, міне, қазір ғана ала­қандағыдай ап-айқын болып отыр: көш­пелі, жартылай көшпелі аудандарда мал басының азаюын тоқтату үшін отырық­шы­лан­дыру мен колхоздасуды шапшаң­датуды қоя тұрып, қателер мен асыра сілтеулерді тежеу керек еді.
...Өткен кездегі қателерімде, Құрамысов айтқандай, айғайшы ғана болып қана қой­ғаным жоқ, мен кейбір мәселелерді өз бетім­мен өзімше ойластырып шығарып та жүрдім.
...Қатеміз сол, ауылды үлкен қиыншы­лық­тарға ұшыратқан, малдың басын кеміткен шын себептерді ұқпадық, содан дұрыс қорытынды шығара алмадық, сондықтан, әрине, теріс істер істеп, ағаттықтарға жол бердік.
Мен басшы болдым, басшы орында болмасыма әддім жоқ еді. Өйткені мен өкімет ағасымын, партияның белсенді қыз­метшісімін, бірақ қандай болсам да, осы дәуірдің ішінде Қазақстанда болған барлық игі істі де, жаман істі де қолымнан жалғыз өткізіп отырдым деп ойламаймын. Басшы­лық­тағы ең басты орын (роль) ұйымның бірінші хатшысы Голощекиндікі болды; солай болған соң, әрине, айыптың адам айт­қысыз мол жағы сонда, бұл даусыз нәрсе. Әрине, қазірде де, басшылықта менің орным бірінші хатшымыз Мирзоян жолдастың орнымен бірдей емес. Мирзоян жолдас ұйым басшысы болғандықтан, саясат пен басшылыққа алдымен жауапты, әрине, менің мұным жауапкершілікті өз мойнымнан түсіргендік емес. Менің мұны ерекшелей айтып тұрғаным, кейбір жолдастар өзім­нің бұрынғы басшылықтағы орнымды айта келіп, ұйымның бірінші хатшысы бол­ған Голощекиннің айыбын да, жауапкершілігін де бүркеп, қымтап кеткісі келеді.
(Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, 141-қор, 1-тізбе, 5748-іс, 112-бет)
Ең үлкен қателігім – қателігімді мойындамау болды
БК(б)П Қазақ өлкелік партия коми­те­­ті­нің екінші хатшысы Ізмұхан Құра­мы­сов­тың пленумда сөйлеген сөзі­нен:

...Мен бүгінгі күні тап болып отырған өкінішті нәтижелердің себебіне айналған өзімнің рөліме, өзімнің қателіктеріме, өзімнің кемшіліктеріме тоқталуға міндеттімін, – деп мәлімдеді Құрамысов. – Менің рөлім басқалардың бәрінен де бөлек, бұрынғы басшылықтың жүйесін танымалды насихаттайтын арнайыландырылған роль болатын. Бәрінен бұрын, бәрінен белсендірек, бәрінен жиірек және бәрінен көбірек қателесіп, осы мәселені мен қойып едім. Мен осылай деп мәлімдеуді өзімнің парызым деп санаймын. Бірақ мен мынаны да атап өтуге міндеттімін:
Менің қателіктерімнің бәрі, өзімнің жұмысымды тексеріп, ой сарабынан өткіз­ген кезде бұрынғы өлкелік партия коми­тетінің басшылығы ұстанған жүйенің ық­палынан шыға алмағанымнан. Мен өзімнің жұмысымнан бұрынғы басшылық­тың жү­йе­сімен сәйкес келмеген бірде-бір қағи­далы қателікті таба алмадым.
Мен жіберген кемшіліктердің бірде-біреуі өлкелік партия комитеті жүргізген саясатқа қарама-қайшы келмейді, олар­дың бәрі де бұрынғы басшылықтың жіберген қателіктерінен негіз алады. Мені бұрынғы басшылықтың кең иығының қал­қасына бой тасалағалы тұр деп ойлайсыздар ма? Әри­не, жоқ. Жекелеген жол­дас­тардың қате­лік­теріне бұрынғы басшы­лықтың құра­мымен бірдей қарауға болмас. Олардың әрқайсысының қателігіне жеке тұрғыдан қараған дұрыс. Исаев жол­дастың да осы қате­ліктердегі рөлі аз емес. Бірақ Исаев жолдас бұл қателіктерін мо­йындады және оларды жөндеуді бәрі­міз­ден бұрын қолына алды.
Бірінші парызым – мына шындықты айту: Мен Голощекин жолдасты үлкен бедел санадым. Ал жеке мәселелерге байланысты айтарым: бюро мүшелерінің өрескел қателесіп тұрғандарын көре тұрып, олар­дың алдында өзімнің жеке көзқарасымды білдіруге, пікірімді қорғауға батылдық таныта алмадым. Менің ең үлкен қателігім – Орталық комитеттің 17 қыркүйектегі шеші­мін мен ОК тарапынан өлкелік коми­теттің саясатын қолдағандық деп түсін­дір­дім. Ал бір жетіден соң Голощекин баян­дама жасады және ол дәлме-дәл менің қате­ліктерімді растады. Бюроның басқа мүшелері менің қателіктерімді көріп тұрып, ешқандай әрекет көрсетпеді. Бұдан шыға­тын қорытынды біреу-ақ: ол – бұл қателік­тердің, сөз жоқ, бұрынғы басшылықтың қа­те­лігінен шығып отырғаны.
Егер де ОК бұл жағдайдан бұрынырақ хабардар болғанда, Голощекинді де бұрын алар еді қызметінен. Біздерді де алатын еді. Ал бұл жағдайдың ертерек түзелуіне кө­мек­тесер еді. Міне, істің соншалықты тереңдеп кетуіне, яғни қателіктердің асқы­нуына осындай кешірімсіз әрекеттер басты себеп болып отыр. Менің ең үлкен қателі­гім, жолдастар, осы уақытқа дейін өз қате­лік­терім мен бұрынғы басшылықтың жіберген қателіктері туралы ашық мойында­мағандығым деп санаймын.
Сондықтан да мен былай деп мәлімдеу­ді өз парызым деп санаймын: жаңа басшы­лық, әсіресе Мирзоян жолдас бұрынғы бас­шылықтың осы қателіктерінің бәрін тез меңгеріп, зерттеп үлгерді және тез арада ерік-жігерін жұмсап, жіберіп алған мүмкін­діктердің есесін қайтаруға және қате­ліктерді жоюға құлшына кірісіп жатыр. Орталық ко­митетке дұрыс мәлімет, ақпарат беру­дің бір дәлелі – ОК республикаға орасан зор кө­мек­тер беріп жатыр. Бұл үлкен көмектің басы да емес, соңы да болмас. Әрине, әлі көп нәрсе істелінген жоқ, әрине, бұл тек үлкен істің басы ғана (Мирзоян: Дұрыс айтасыз).
Әлі алда бұдан да көп қиындықтар, күрделі міндеттер тұр. Ал оларды жеңу үшін Мирзоян жолдас бастаған жаңа бас­шы­лық­тың төңірегіне топтаса білу керек. Сөйтіп, білекті сыбанып көмектесу қажет, онда да тек сөзбен ғана емес, нақты іспен кө­мектесу қажет. Мен мұны жан-тәніммен қолдаймын әрі өз мойныма барынша жауапкерлікпен ала отырып, өлкелік партия комитетінің жаңа басшылығының жүйесі­мен өз келісімімді сөз жүзінде емес, нақты ісіммен дәлелдеуге әзірмін. Әрбір таза да адал коммунист, ойлай білетін коммунист айналада болып жатқан ұлы өзгерістер үшін өз-өзіне есеп бере білуге тиісті. Мәсе­лені басқаша қоюға болмайды...
(ҚР Президентінің мұрағаты, 141-қор, 1-тізбе, 5725-іс, 559-560 бб.)

Голощекинге қазақтың тұрмыс-тіршілігін түсіндіру мүмкін емес еді
ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы сталиндік зобалаң қазақтың талай боздақта­рын қуғын-сүргінге ұшыратты. Солардың бірі қоғам қайраткері Ұзақбай Құлым­бетов еді. Ұзақбай Құлымбетов ВКП Қазақ өлке­лік комитетінің аштық жылынан кейін өт­кен пленумында шындықты былай деп жеткізген еді:
– 1926 жылы Қызылордада болған III пленумнан соңғы өлкелік комитетінің екінші тарихи пленумы осы пленум деп айта аламын. III пленум Қазақстан ұйымын жегідей жеп, кері сүйреген жікшіл, оңшыл, сол­шыл уклондармен күресудегі ірі, ма­ңыз­ды саясаттық іс болса, қазіргі VI пленум ауыл шаруашылығы, ауылдың жай-күйі, бұған бұрынғы басшылықтың істеген қате­лері көп сөз болып отыр. Бұл – өте дұрыс әң­гіме. Өйткені ол кемшіліктердің бетін аш­пасақ, олардан қорытынды шығармасақ қате­нің өзін түзей алмаймыз, ол олқылық­тардың зардабын жоя алмаймыз.
Мен де өлкелік комитеттің мүшесімін. Мен де Голюдов пен Кұрамысұлы секілді қызметшімін. Бірақ «Арбакештің атындай» болдым, не бұйырса соны ғана істе­дім. Айып­тың бәрі Голощекин мен Исаевта. Бізде кінә жоқ» дей алмаймын. Ашығын айта­йын, Голюдов және оны жақтаушылар­дың: «Біз бала емеспіз, қатені істеп кеткен бас­қа­лар. Біз айтқанды орындаушылар ғана бол­дық» деуінің өзі адалдыққа сый­майтын сөз. Менің ойымша, баяндама жаса­ған Ораз Исаев жолдас та, жарыссөзде сөйлеген басқа жолдастар да, олардың ішінде Пинхасик, Сәд­уақасұлы, Сегізбай­ұлы және басқалары қате­лерді, олардың себептерін саясаттық жағы­нан дұрыс талдап берді.
Ізмұхан Құрамысұлы жолдас бұл бағыт­та қатені көп жібергендігін, қатені дәл өзіндей көп істеген қазақ коммунисі жоқ екендігін айтты. Оның бұл сөзі рас сөз. Осы жағынан алып қарағанда ол Голощекиннен кейінгі екінші адам болды. Өйткені ауылда жолсыздық болып жатыр деген дыбыс естілсе, аудан ұйымдарынан осы туралы бір хабар келсе, Голощекин алдымен Ізмұханмен ақылдасатын. Көбінесе сол екеуі бір-бірінің көңілін жұбатып: «Мұ­ның бәрі де байдың қылығы, кейбіреулер­дің ісі», – деп қоя салатын.
Елден түскен ондай хабарлардың бірде-біреуіне ешқандай мән бермейтін. Із­мұ­хан бұл жөніндегі айыбын дұрыс мойындады. Өзінің жауаптылығы ешкімнен кем еместігін, қайта Ораздан анағұрлым екендігін айтты. Ораз және басқа жолдастар Голо­щекиннің пікіріне қосылмаған уақытта Ізмұхан ылғи бірінші хатшы жағына қарай жығыла кететін еді. Ол сонда: «Мұның өзі сендердің қиыншылықтан қаймыққанда­рың, бұл кеңес мекемелеріне ұлтшылдар­дың ықпалы жүре бастағандығының сал­дары», – деп жеңістік бермейтін. Алайда Ізмұ­хан жолдастың еңбегі сол, ол кеш те бол­са өз қателерін мойындауға мықтап тырысып көрді.
Өлкелік комитеттің соңғы пленумында Ораз екеуміз Голощекинмен табандатқан үш күн бойы айтысып, әуре болдық. Пленумнан кейін обком хатшыларының арнау­лы мәжілісін шақырайық, сонда олардың ауылдың қамын жемей отырғандарын айтайық дедік. Әрине, бұл бағытта Шығыс Қазақстан обкомы там-тұмдап, Батыс Қазақстан обкомы ептеп жұмыс жүргізгені болмаса, басқалары ауылдың халін оңдау қамын ойламай отыр дедік. Осының бәрін обком хатшыларының өздеріне әдейілеп ескертейік деп қолқа салдық. Амал не, мұндай мәжілістің шақырылу қажеттігіне Голощекиннің көзін жеткізу өте қиын болды. Ақыры оның бізге айтқан сөзі мынадай болды. Маған не қыл дейсіндер? Көш­пен­ділік – бұл елдің ежелгі тұрмыс-салты. Мұны бір мәжілісте сөз еткенмен, оны тоқ­тата аласыңдар ма? – дегені ғой оның. Қай­дағы ежелгі салт десеңізші?
Қазақ малын айдап, дүние-мүлкін артып алып, көшіп жүрсе бір сәрі. Ал енді тамақтан тарығып, аштықтан азып-тозып қала-қаланы, теміржол стансыларын, базар-базарды кернеп тентіреп жүрсе ол ежелгі тұрмыс-салты емес, қиыншылықтан ғой. Ежелгі тұрмыс-салтымен мұның үш қай­наса сорпасы қосылмайтыны анық. Бірақ, амал нешік, сонда Голощекиннің оң тізесін басып отырған Ізмұхан жолдас та бұл мәсе­лені нағыз большевикше қоя алмады, Голощекинге осының мәнісін жақсылап түсіндіре білмеді.

Л.И.Мирзоянның пленумда сөйлеген сөзінен
...Жолдастар, мен бұрын қателіктер мен асыра сілтеулер жіберген ескі мамандардың бәрі жарамсыз, ескі мамандардың ешқай­сысы да бізге керек емес деп мәселе қой­ғысы келет­ін­дердің бәріне соққы беруге тиіспін. Мәсе­лені осылайша қою өлкелік партия комите­тінің саясатымен ешқандай да үйлеспейді. Өлкелік партия комитеті мынадай көзқарас ұстанады: ол өздерінің қате­ліктерін терең сезіне алатын, өздерінің жұмысын, ұйым­ның жұмысын қайта құра алатын және істі ал­ға қарай жүргізе алатын, тексерілген, пар­тиялық ұстанымды қызмет­керлердің бә­рін сақтап қалуға ниетті.
Жарыссөз кезінде кейбір жолдастар, ша­мамен, мынадай мәселе қойды: егер де өткеннің асыра сілтеулері мен қателіктеріне қатыстың ба, биік мінбеден сөз алып, күнә­ларыңа халық кешірім бергенге дейін ке­шірім сұрап, жалына бер. Мәселен, Исаев жолдасты алайықшы. Әлдебіреулер оның бұрынғы басшылықтың тұсында көрнекті қызмет атқарғанына бола өзара сынды өткірлеуге әуестік танытып отыр. Мен мұны дұрыс ұстаным деп санамаймын. Исаев жол­дас бүгінгі пленумнан көп уақыт бұрын-ақ өзі қатысқан Қазақстандағы қателіктерді ашық түрде мойындаған болатын. Ал бүгін­де ол адал ниетімен, большевиктік күш-жігерімен, басқалармен, бізбен бірге сол қателіктерді түзету үшін қолынан келгеннің бәрін жасауда. Исаев жолдас өзінің баяндамасында ол қателік­терді қалай түзету ке­ректігін, өзара сын­ның негізінде партия ұй­ымдарын жаңа жеңіс­терге қалай жұмыл­дыру жолдарын және қолбасы ретінде өзі қалайша күресе­тінін ешқандай бүкпесіз ашық атап көр­сетті.
Құрамысовтың сөйлеген сөзіне қатыс­ты. Мен Құрамысов жолдастың жартыкеш­тігі үшін сөккен жолдастардың сыны дұрыс деп ойлаймын. Оның сөзінде дәл осы сәтте зәру­лігі сезіліп тұрған нақтылық пен ашық­тық жетпей қалған сияқты. Құрамы­совтың мәлімдемесінде өткендегі жіберілген қате­ліктері мен асыра сілтеулерді мойындап, те­рең сезінемін дегені, асыра сілтеулер мен қателіктерді түзету үшін өз­ге­лермен және барлық партиялық ұйым­дармен бірге жұ­мыс істеуге келетіні – тек қолдап, құттықтауға ғана лайық.
(ҚР ПМ, 141-қор, 1-тізбе, 5725-іс, 575-578 бб.)

1933 жылдың 13 шілдесінде Л.Мирзоян БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті пленумының жұмысы туралы Сталинге хабардар етті:
...Пленум мынадай маңызды шешімдер белгіледі. Мен бұл туралы қысқаша бол­са да, Сізге хабарлау қажет деп санаймын.
Біріншіден, көшпенділікпен күрес саласында 1933-1934 жылдары
біздегі бар ор­алмандардың бәрін орналастырып, ол­ардың шаруашылық тұрмыстарын ор­нық­тыру қажеттілігі туралы шешім қабыл­данды.
Отырықшылық мәселесі ескіше сөз ма­ғы­насында шынында болған емес. Нақ­тырағын айтқанда, бүгінгі күні Қазақ­станда мұндай қоныс ауыстыруға ұмтыл­майтын көшпелі және жартылай көшпелі халық жоқ. Тұтас алған­да, ескі көшпелі және жартылай көш­пелі ха­лық бүгінде мүлде көшіп кететіндей жағ­дайда отыр. Сондықтан да отырық­шы­лық­қа деп бөлін­ген де, бөлініп жатқан қар­жы­ның бәрін де біз қоныс аударушыларды оты­рықшылан­дыруға және олардың тұр­мы­сын орнық­тыруға бағыттап жатырмыз.
Аппаратты түпкілікті орнықтыру бағы­тында біз биылдың өзінде Халық ағарту, Денсаулық сақтау, Жер халық комиссариат­тары сияқты наркоматтарды, қазақ аудандары мен бірен-саран орыс-қазақ аралас аудандарда аудандық кеңес аппараттарын түбегейлі іске қосу жөнінде шешім қабылдадық. (ҚР ПМ, 160-қор, 1-тізбе, 92-іс, 147-148 бб.)
Енді Л.И.Мирзоянның Қазақстан өл­келік партия комитетінің VI пленумының шешімдерін орындау барысында атқарған іс-әрекеттерін көрсететін мұрағаттық құ­жаттарды ақтарсақ. 1933 жылдың 13 шіл­десінен 25 желтоқсанына дейінгі ара­лықта Л.Мирзоян қол қойған баяндама, партия мен үкімет басшыларына жіберілген ақпараттар мен жеделхаттар сияқты бірқатар құжаттардың тізімі тым ұзын. Бұл қызмет бабындағы материалдар кең ауқым­ды өзекті мәселелердің қалай ше­шім­дер тапқаны туралы нақтырақ білуімізге мүмкіндік береді: атап айтқанда, мамандарды таңдау мен оларды өз шептеріне бекіту, партия құрылысы, көшпенділерді азық-түлікпен қамтамасыз ету мен оларды жұмыстандыру, Орта Азия мен Қытай­дан келген босқындарды жайғастырып, олардың тұрмысын орнықтыру, республи­кадағы байланыс саласын дамыту, ауыл шаруашылығын техникамен жарақтан­ды­ру және механизатор мамандар дайындау, Алматы қаласында тұрғын үйлер тұр­ғызу, электростансы салу, тұрғындарды өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарын және қойылымдар көрсететін мекемелер ашу т.б. Левон Мирзоян Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатының құры­лысына шұғыл жәрдем сұрайды. Ол Серго Орджоникидзеден Магнитогорға қа­лай қол ұшын берген болса, Балқашқа да дәл сондай көңіл бөліп, көмек көрсетуін өтінеді. Қарағандыны көтеріп, оның бай мүмкіндіктерін пайдалану үшін, – деп жазады Л.Мирзоян, – Қарағандыға құмтас жет­кізу жөнінде қазірден бастап айрықша шаралар қабылдау қажеттігін, Қараған­ды­ның жұмысшыларын, сондай-ақ ауру­ха­на­лардағы балаларды сүтпен қамтудың ай­рықша қажеттілігін ескере отырып, орта­лық­тандырылған дайындау арқылы жыл­дың соңына дейін 2500 тонна сүт, оның ішінде, Қарағандыда 1750 тонна сүт жұм­сауға рұқсат сұрайды.
БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің хатшысы Л.И.Мирзоянның барлық аудандық партия комитеттеріне жеделхаты.

Ұжымшарларда Қытайдан қайтып оралған көшпенділерді қамтамасыз ету қорларын құруға рұқсат
беру туралы

Орталық комитеттің мына қаулысын хабарлаймын: «Кеңшілік жасау тұрғысынан 1933 жылғы көктемгі егістік науқаны кезінде және одан кейінгі қабылданған көшпен­ділерді қамтамасыз ету үшін ұжымшарларда қорлар құру жөніндегі Қазақ өлкелік партия комитетінің кепілдемесі қанағаттанды­рылсын және құруға рұқсат берілсін».
Қордың мөлшері әрбір ұжымшардың астық түсіміне, көшпенділердің санына байланысты ұжымшаршылардың өздерінің жалпы жиналысының қаулысы бойынша белгіленеді.
БК(б)П Қазөлкеком хатшысы Л.Мирзоян. 1933 жылдың 26 тамызы. (ҚР ПМ, 241-қор, 9-тізбе. 2725-іс, 42-бет)

Мәскеу. Одақтық совнарком – Молотовқа
Синьцяндағы оқиғалардың басында біздің мекен аумағымызға 11 889 адам бос­қындар өтті. Босқындардың бір бөлігі кері қайтарылды. Біздің мекенімізде 9614 адам, олармен бірге 5226 ірі қара, 37434 ұсақ мал қалды. Олардың ішінде 1112 адам жол жұмыстарына тартылды. 4352 адам орналастыру бөлімшелеріне қарай жылжып барады. 5262 адамды орналастыру мәселесі күтіп тұр. Босқындардың азық-түлік жағдайларының қиындығын ескеріп, өлкенің ресурсынан бүгінге дейін 100 тонна нан бөлінді. Бүгін босқындарды жол-жөнекей және орналастырылатын жер­лерде 1 қаңтарға дейін қамтам­асыз ету үшін қосымша 278 тонна астық бөлу­ге дайындау бөлімшелеріне нұсқау берілді. Қорлар инспекцияларының Ком СТО нарядына рұқсат беруіңізді сұрай­мын.
БК(б)П Қазөлкеком хатшысы Л.Мирзоян 1933 жылдың 30 тамызы. (ҚР ПМ, 241-қор, 9-тізбе, 2725-іс, 45-бет)

Күздің жақындап қалуына байланысты күрделі мәселе алдан шықты. РСФСР кәсіп­орындарында жұмысқа орналастырылған қоныс аударушы қазақтардың одан әрі ор­нығуымен Қазақстаннан 25 мың адамды сыртқа шығару мәселесін не істеу керек?
Кейбір өлкелер РСФСР совнаркомнан Қазақстанға
қайтқысы келетін қазақтардың мәселесін қалай шешеміз деп сұрап та жатты. Жекелеген қазақ топтары ұйымдаспаған түрде Қазақстанға қайтып кетіп жатқан оқиғалар да болды. Олар тұп-тура өздері­нің туған ауылдарының мекен аумағына қарай жолға шығып, ешкімнен де ешқан­дай көмек күтпегендіктен көптеген қиын­дық­тарға тап болды. Осыған алаң болған Тұрар Рысқұлов Л.Мирзоян мен О.Исаевқа хат жазды.
Тұрар Рысқұлов Қазақстанға жиі келіп тұрған. Егін ору мен Отанға астық тапсыру науқаны кезінде де, кәсіпорындарды іске қосу кезінде де, мемлекеттік мәселелер шешілетін сәтте де келген. Торапты стансыларда, залға лайықтап жасалған (жасақ­тал­ған) арнайы вагондарда ол жергілікті басшылармен жиналыстар өткізген. Республика кәсіпорындарында, мекемелері мен жоғары оқу орындарында болып, сөз сөйлеген. Қазақстанның ауыл шаруашылы­ғындағы келеңсіздіктерді жою үшін Т.Рыс­құлов шешкен тәжірибелік мәселелер оны еңбекші бұқараның жақсы өмірі жолын­дағы күрескер ретінде де шынықтырды.
Мемлекеттің көмегімен ұштастырылған Л.И.Мирзоян
бастаған Қазөлкеком қызме­тінің Қазақстанның ауыл шаруашылы­ғындағы асыра сілтеудің зардаптарын жою үшін шешуші маңызы болды. 1933 жыл­дың өзінде республикада жаппай сою мен талан-таражға салудың есебінен мал басы­ның кеміп кетуі күрт тоқтатылды, ал бір­қатар аудандарда мал шаруашылығы өсі­міне қол жеткізілді де. Халық арасында азық-түлік тапшылығы жойылды. Қазақ шаруаларының жаппай көшіп-қонуы тыйыл­ды, олар өздерінің бұрынғы жерлеріне оралып, тұрақтанды. Өкімет көш­пенді­лер­ді отырықшылыққа көшіру мен оралмандарды шаруа­шылық тұрмысқа одан әрі орнықтыру жө­нін­дегі үлкен шараларды жүзеге асыруға кірісті.


Тілеу КӨЛБАЕВ, тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА  академигі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста