Қазақтың аттан түскені – рухынан айырылғаны

Қазақтың аттан түскені – рухынан айырылғаны

Ашаршылық жұты, саяси қуғын-сүргін кезеңі. Бұл алапаттарда қазақ халқы тек ұлы тұлғаларынан, мал-жанынан ғана айырылып қойған жоқ, ұлттық спорт түрлері де орасан зардап шекті. Талай ұлттық ойынымызға тыйым салынып, соның кесірін әлі күнге дейін тартып жатқан жайымыз бар.


Қазақ жерінің байлығына қызыққан Сталин сол байлықты өз иелігіне алып қалу үшін нендей айла-амал қолданбады десе­ңізші... Ақыр соңында өз ойын Голощекин­нің қолымен жүзеге асыруды көздеп, 1924 жылы қазақ жеріне Филипп Исаевичті арнайы жібергені бүгінде жасырын емес. Көп уақыт өтпей-ақ, шамамен алты айдан кейін Сталин Голощекинді Кремльге шақы­рып алған деген дерек бар. Сол кездесуде «Филипп Исаевич, сіздің қазақ даласына барғаныңызға жарты жыл болды. Қазақты тұқырту үшін не істеу керек екен?» деп сұрағанда, Голощекин байыптап отырып бәрін баяндап, ақыр соңында: «Қазақтарды аттан, жылқыларынан айыру керек. Сонда ғана бұл ұлтты жоюға болады», – деген ой түйіпті.
– Иә, дәл солай. Голощекин Сталинмен кездескенде бірінші ретте осы мә­селені қозғады. «Қазақтарды аттан түсі­рейік» деді, – деп Ұлттық ат спорты фе­де­рация­сының президенті Сәдібек Түгел ат спорты­ның сол кездегі жағдайына қанық­тырды.
– Ал бұл деге­німіз – қазақтың рухын түсіру. Рух жо­ғалса, бәрінен айырыламыз. Ал ат үстіндегі қазақ, қай тұрғыдан алсақ та, өзін ешкімге ұстатпайды. Ол да­ла­дағы самал жел сияқты. Сонымен қоса ат үстін­дегі қазақ өршіл болып келеді. Мұ­ны олар да түсінді. «Сөзіңнің қисыны бар. Ендеше, қазақты аттан түсір», – деп Сталин Го­лоще­кинге қадап тапсырма береді. Міне, малды тартып алу, елді жылқыла­рынан айы­ру, ашаршылық содан бастап белең алған. Зерт­теушілер бүгінде бұл мәселенің ба­йы­бына бармай жүр. Әйтпесе астындағы атын алып қойғаннан кейін ғана қазақ қаң­ғып, ашаршылыққа ұшыраған, – деп ашына сөйледі ұлттық ат спортының жанашыры.
Иә, деректерді аттап өте алмайсың. Шы­нымен де, содан кейін-ақ қазақ халқы астындағы атынан, жайлауындағы жылқы­ла­ры­нан айырыла бастаған. Әлбетте, сонымен қоса ұлттық ат ойындары да жайына қалғаны айтпаса да түсінікті. Сәдібек Түгел келтірген деректерге сүйенсек, 1915 жылғы санақ бойынша қазақ даласында барлығы 5 миллион 640 мың жылқы бол­ған екен. Ал 1934 жылы небәрі 100 мың­дай ғана ат қалған.
– Сонда қарап тұрсақ, айналдырған 19 жылдың ішінде 5 миллион 550 мыңдай жылқымыз айдауда кетіп, өзгенің қолына өт­кен, қалғанын қынадай қырған. – деп әңгі­месін жалғастырды Ұлттық ат спорты фе­дерациясының президенті. – «Жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек. Жылқыда да жылқы бар қазанаты бір бөлек», – деп жатамыз ғой. Сол секілді олардың ішінде талай тұлпар, сәйгүліктеріміз, жүй­рік­теріміз болды. Со­ның кесірінен аламан бәйге, көкпар сын­ды ойындарымыз да өтпей қалды. Рас, бірен-саран ат жарыстары өтіп тұрды. Оның өзінде қатаң бақылаумен өтті. Тіпті «басмашылардың ойыны» деп көкпа­ры­мызға тыйым салып тастаған кездер де аз болған жоқ. Бұл үрдіс егемендік алғаны­мыз­ға дейін де жалғасын тауып келді. Мәселен, өзім куә болған бір жайтты айтып берейін. 1981 жыл болатын. Ат ойын­да­ры­ның жанашыры, марқұм Мэлс Нариманов көкпаршыларды жинап алып, дүр­кіретіп дала көкпарын ұйымдастырып жү­ре­тін. Бір күні Шығыс Қазақстанның бір елді мекенінде көкпар ұйымдастырады. Дүр­кіреп көкпар өтіп жатыр. Арада көп уақыт өткен жоқ, аспанда бір тікұшақ пайда бол­ды. Айналшықтап ұшып жүр. Біраз бар­лаған соң әлгі тікұшақ ұшып кетті де, арада жарты сағаттан кейін жасақтарын ертіп, облыстық компартияның басшысы Александр Протазанов деген келіпті. Келе салып, айқайға басып, «басмашылардың ой­ынын ұйымдастырып жатқандарың не? Қай көтеріліске дайындалып жүрсің­дер?!» – деп дүрсе қоя беріпті. Нариманов­ты алып кеткен. Ол кезде мен аудандық ком­партияның бірінші хатшысы болатынмын. Араға түсіп, арашалап қалғанмын. Көп ұзамай бәрібір партия мәжілісіне шақы­рып алып, Мэлс Наримановқа қатаң сөгіс жариялады, – деп Сәдібек Түгел Кең­естік кездегі ат спортының жағдайын осылайша айтып берді.
Міне, Кеңес Одағы кезінде ұлттық ой­ын­дарымыздың жайы осындай болған. Ал қазақтың ұлттық ойындарының 95 пайызы ат үстінде өтетінін ескерсек, астындағы аты­нан айырылған қазақ ұлттық спортын да жоқтап қалғанын бағамдау қиын емес. Соның зардабын әлі күнге дейін тартып, егеменді ел болсақ та, ұлттық ойындарымызды тиісті деңгейде дамыта алмай жат­қан жайымыз бар. Рас, «қазақтың ұлттық ойындарына көңіл бөліп жатырмыз» деген желеумен колхоз, ауыл деңгейінде тоғыз­құ­малақ, қыз қуу ойындары өтіп тұратын. Де­генмен оның барлығы да көлеңкеде өскен шөппен тең болғанымен келісерсіздер. Жалпы, Кеңес Одағы кезінде орталық­тың қазақ спортшыларына да қырын қара­ғаны жасырын емес. Тіпті «қазақтардың бойы аласа, аяқ­тары қысқа» деген сылтау­мен қазақ жастарын спортқа алмаған кездер де аз бол­маған. Алайда оның бар­лығы бүгінде ұмыт болды. Өз алдына ел болып, еңсесін түзе­ген айбарлы Қазақстан – бүгінде спорттық тұрғыда әлемде алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Оны Лондон Олимпиадасында тағы бір рет дәлелдейміз.
Елемес ӘЛІМХАНҰЛЫ, Қазақтың туризм және спорт академиясының вице-президенті, ұлттық спорт түрлерінің жанашыры:
– Иә, бүгінде оның несін жасырамыз, Кеңес Одағы кезінде талай ұлттық ойынымыз құрдымға кетті ғой. Бү­гін­де оларды әлі де түгендей алмай жүр­ген жайымыз бар. Әсіресе қазақтың төл спортын жою үрдісі 1946 жылға дейін қатты жүргізілген. Ұлттық спорт үшін күрескен тұлғаларымызды ұлтшыл деп айыптап, ат спортын ұйымдастыр­ған­дарды басмашыға балап, барлығы­ның көзін жойып отырған. Олардың қа­тарында Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұ­ма­баев сынды марғасқаларымыз да бар еді. Енді, міне, егеменді ел бол­ған­нан кейін бабаларымыздан қал­ған асыл мұраларымызды қайта қолға алуы­мыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста