Татулық

Ассамблея алдағы кезеңде нендей мәселелерге ерекше назар аударуы тиіс?

  • Ассамблея алдағы кезеңде нендей мәселелерге ерекше назар аударуы тиіс?

    Ассамблея алдағы кезеңде нендей мәселелерге ерекше назар аударуы тиіс?

Осыдан 18 жыл бұрын негізі қаланып, өз жұмысын халық бірлігін нығайтуға бағыттаған Қазақстан халқы Ассамблеясы уақыт өткен сайын қанатын кеңге жайып, еліміздің саяси, рухани кеңістігінде өзіндік міндеттемелерін атқаруда.

Ассамблея құрылған алғашқы жыл­дар­да оның мақсат-мүддесіне, құрылым­дық сипаты мен атқаратын міндеттеріне күмәнмен қараушылар да табылды. Сы­ңар­жақ біреулер мұны «үй ішінен отау тігу» деп топшыласа, енді басқалары Ас­сам­блея біріктіруші фактор рөлін атқара ал­майды деп болжаған болды. Кейбір ақ­парат құралдарында теріс ауандағы мате­риал­дар лек-легімен жарияланып жатты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қоғам­ның өзі әрі-сәрі күй кешіп, ұлттың ұлт бо­лып ұйысуы аса күрделі мәселе болып тұр­ған шақта елдегі өзге ұлттардың басын қос­қан ұйым құрудың мәнін көпшілігіміз бір­ден түсіне қоймағанымыз рас. Әйтсе де мұндағы мақсат Қазақстандағы өзге ұлт өкіл­дерін бір идеяға жұмылдыру ғана емес, ең басты меже өзгелерді қазақ ша­ңы­рағының астына ұйыстыру болды. Осы орайда Ассамблея жұмысы өзін-өзі әлде­қашан ақтады десек, артық айтпаған бо­лар­мыз. Көпұлтты еліміз үшін басты бай­лық татулық пен бірлік болса, бізге ең ал­ды­мен осы құндылықтарды берік ұстап, нығайту басты ұстанымдарымыздың бірі­не айналып отырғанын түсіну қиын емес.

Жаһандану белең алған қазіргі уақыт­тағы заман талабына сай қоғамдағы көп­теген құрылымның жұмысына жаңаша та­лаптар қоюда. Осы орайда «Қазақстан хал­қы Ассамблеясы алдағы кезеңде нен­дей мәселелерге ерекше назар аударуы тиіс» деген сауал туындайды.

Мақсат Жақау, саясаттанушы, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

– Меніңше, өзге ұлт өкілдері, ең ал­ды­мен, кешегі Елбасының мемлекеттік тіл саясатын реформалауда белсенді түр­де қо­ғам­дық пікір білдіріп, қолдау көрсету­лері тиіс. Көбіне елдегі түрлі жағдай­лар­ға орай осы уақытқа дейін ұлты әзірбайжан Асылы Осман апамыз және бірді-екілі түр­кітілдес бауырлас ұлт өкілдеріне басқалары өз ұстаным­дарын аса бір бел­сенділікпен жариялай бермейді. Сон­дықтан рухани қатынас­тың мызғы­мас­тығы тіл арқылы жүрсе, мемлекеттік стратегиялық саясатта Қа­зақстан халқы Ассамблеясы тек 1 Ма­мыр­да емес, күн­делікті елдің саясаты­на, маңызды қа­дам­дарына қолдау біл­діріп, алдыңғы қа­тарда жүруі тиіс.


Ахметбек Нұрсила, «Саржайлау» корпорациясының төрағасы:

– Мен саясаткер емеспін. Білетінім – кәсіпкерлік, оның ішінде өндіріс. Де­ген­мен ел азаматы болғаннан кейін өзі­мізде орын алып жатқан әртүрлі жағ­дай­ларға бейжай қарай алмай­мыз. Бұл ретте мені қатты алаңдататыны – тіл мәселесі мен ұлттық құндылықтар жайы. Біздің еліміздегі қандай ұйым болса да осы елдің болашағына қызмет етуі керек деп есептеймін. Біз бірлігіміз бен салт-дәстүрімізді, тіліміз бен діні­мізді сақтап қалғымыз келсе, әсіресе эко­номикалық тұрғыдан қуатты мем­ле­кетке айналуымыз керек.


Ал Ассамблея жұмысы маған мей­рам­дарда әр ұлт өздерінің түрлі түсті ұлттық киімдерін киіп би билеп, ән са­лып, өлең айтуымен ғана шектеліп тұр­ған сияқты. Бұл ретте алдағы уақытта Ассамблея тек қана концерттік деңгей­дегі мәдени іс-ша­ралар атқаратын ұйым шеңберінен шы­ғып, елдің саяси-әлеу­меттік, мәдени-ру­ха­ни тыныс-тір­ші­лігі­не белсене араласуы тиіс деп ой­лай­мын.

Ассамблея құру идеясын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялаған болатын. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғы­дан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуел­сіз, полиэтносты, поликонфессиялық мем­ле­кеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет­аралық диалогті нығайтудың жаңа кезеңі­нің негізін қалап, этносаралық қатынас­тарды дамыту мәселелерін жоғары дең­гейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Осы уақытқа дейін Ассамблея бірнеше даму сатысынан өтіп, бірқатар өзгерісті бастан кешірді. Оның дамуы барысында елімізде этносаралық толеранттылық жә­не қоғамдық келісімнің қазақстандық үл­гісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қа­зақстан халқы Ассамблеясының институ­цио­нал­дық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күрета­мы­рына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Пре­зиденті төрағалық ететін конституция­лық орган болып табылады. Бұл оның ер­ек­ше мәртебесін айқындайды.




Көрілген: 3122    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2013, 12:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30