Татулық

Өңірлердегі Достық үйлері жұмысының тиімділігін қалай арттыру керек?

  • Өңірлердегі Достық үйлері жұмысының тиімділігін қалай арттыру керек?

    Өңірлердегі Достық үйлері жұмысының тиімділігін қалай арттыру керек?

Екі жас үйленген соң отбасы деу үшін олардың шаңырағы болуы шарт. Ол өз үйі ме, жоқ, жалдап тұра ма немесе ол хан сарайындай бола ма болмаса құрқылтайдың ұясындай ма, ең бастысы – бір шаңырақтың болғаны. Сол секілді біз көпұлтты елміз және басты ұстанымымыз ұлтаралық татуластық дейміз және соған сай Алматы мен Астанада ғана емес, еліміздің барлық өңірінде сол ұлыстардың басқосуына арналған Достық үйлері бар. Барына бар, бірақ сол үйлердің «қазаны қайнап», «базары жайнап» тұр ма? Өкінішке қарай, өңірлерде тіпті есігі жылына бір рет те ашылмайтын Достық үйлері бар көрінеді. Ендеше, солардың есіктеріндегі қара құлыпты қайтсек ашып, қайтсек ол үйлерге жан бітіре аламыз?

Осы орайда жас саясаттанушы Мақсат Жақауовпен пікірлескенімізде ол өз сө­зінде Достық үйлерінің әлі де болса жұмы­сын жандандыра түсіру керектігін атап өтті. Біздің мемлекеттік саясатымыз­дың ең басты бағыты – ұлтаралық дос­тықты сақ­тау, бірлігімізді нығайту. Бұл ретте елі­міздегі өзге этностардың, диас­пора­лар­дың мәдени, рухани бағытын қолдау мақсатындағы түрлі іс-шараларын өткі­зетін бірден-бір орталығы – сол Дос­тық үйі. Ондай үйлер тек республика­лық ма­ңызы бар қалаларда ғана емес, еліміз­дің барлық өңірінде, жергілікті әкімшілік ғимарат­тары маңайында жұмыс істейді. Ол жерде әртүрлі ұлт өкілдері тек мем­ле­кеттік маңы­зы бар жиындар болғанда ғана топтаспай, өз тілдерін, өздерінің халықтық салт-дәс­түр, әдет-ғұрыптарын ұмытпау үшін түрлі өнер сайыстарын өткізіп, үйірмелер жа­сақ­тауына болады. Бірақ, өкінішке қарай, сол үйлер бізде әлі де болса барынша жанданып, өзінің пай­дасын тигізе алмай отырған секілді. Тек әйтеуір «бар ма, бар» деген саясат пен ғана ашық тұрған секілді. Ал анығында Достық үйлерінде мемле­кеттік страте­гия­лық маңызы бар іс-шара­лар өтсе игі.

Саясаттанушы өз сөзінде «биыл Елба­сы­мыз 2025-тен бастап латын әліпбиіне көшу турасында ой айтты ма, сол бағытта бас­қа ұлт өкілдерінің де өз көзқарасын біл­ді­руі еліміз үшін өте маңызды. Мен, мы­салы, Жолдаудан кейін әлі күнге еш жер­де елімізде тұратын сан түрлі ұлт өкіл­дерінің «латын әліпбиін қолдаймын неме­се қол­дамаймын» деген бірауыз пікірін есті­ген жоқпын. Неге осы ретте Достық үйінде латын әліпби­іне көшуге қатысты үлкен ғылыми кон­ференция ұйымдасты­рып, сол жерде өзге ұлт өкілдері мен қазақ зиялылары сараптама жасап, пікірта­лас­тар өткіз­беске? Міне, сүйекті шара өт­кізді деп сонда айтуға болар еді» деген де пікі­рін ашық айтты.

Шыны керек, көптеген Достық үйлері тек осы 1 Мамыр күні немесе тағы сол сияқты жылдың белгілі бір күндерінде ғана есігін ашып, көз­бояу­шылықпен әр ұлт өз киімін киіп, бірер сағат билейтін, нау­қан­шылдық ша­ра­ларды өткізетін жер ғана болып отырған сияқты. Ал біз дамы­ған, өркениетті ел боламыз де­сек, шын мә­нінде еліміздегі этностар бір­лігін нығай­тамыз десек, Достық үй­лерін адам аяғы үзілмейтін, ма­ңызды жиын­дар, талқылау­лар өткізіліп тұратын орталыққа айналды­руымыз шарт.

Айгүл Ісмақова, филология ғылымының докторы, профессор:

– Достық үйлері бізде тек ірі қала­ларда ғана емес, тіпті әр ауылда бар, шы­ны керек. Бірақ бізде олардың бары білін­бейді де, әсіресе ауылдарда ол – жан­сыз ғимарат қана. Соған қан жүгірту керек. Айына-жылына есігі бір ашы­ла ма, жоқ па, бірақ, әйтеуір, бір іс-шара өткізу керек болып, рұқсат сұрай бар­саңыз, жалға бергенге әкесінің құ­нын сұрайды. Жарайды, ол – бөлек әңгі­ме, алайда сол ғимаратта елімізде тұра­тын сан түрлі ұлт өкілдерінің қандай да бір жиындары күн құрғатпай өтіп жатса түсінер едік, бірақ, өкінішке қарай, олай емес қой. Бірақ қашанғы бұл жағдай тұра береді, «Дос­тоевскийдің өлі үйі» се­кілді ол үйлерді қаңыратып қоймай, есі­гіндегі құлыпты шешіп, өзінің Достық деген атына сай жұмыс істететін кез жет­кен жоқ па? Негізі, қолдан келетін іс қой, біріншіден, ол үйлер – Ас­сам­блея­ның қолында, тек Ассамблея ға­на емес, елімізде түрлі диаспора бар, со­лардың бәрі тікелей соған мүд­делі болса, жанданып сала беретін үй­лер ғой. Ол үйлер жер­гілікті әкімшіліктердің қо­лын­да болуы керек. Ал бізде, нақ­ты айт­қанда, Алматыдағы Достық үйі тек қаржылы алпауыт компаниялардың ға­на қолы жететін үй болып тұр. Бұл жақ­сы емес, себебі ол үй, негізі, еліміз­дегі сан түр­лі этнос пен қазақты бі­рік­тіру үшін, ол жерде бауырлас ха­лық­тар өз­де­рінің түрлі мерекелерін ұйымдастыруы үшін салынған үй, ендеше, атына заты сай болсын.


Дулат Исабеков, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері:

– Мен өзім Достық үйінде ұдайы болып тұра­мын. Мемлекет­тік сыйлық жөніндегі комиссияның оты­рыстары ылғи да сол жерде өтеді, одан да бөлек мемлекеттік маңызы бар үлкен-үлкен басқосулар мен мәдени шаралар өтеді. Бұрнағы жылдарды айтпағанның өзінде, былтыр мен биыл ол үйге бірне­ше рет бас сұқтым. Өзге өңірлердегі Достық үйлерінде не болып, не болмай жат­қанын көзбен көрмеген соң, олар жайлы бәлен­дей пікір айта алмаймын. Ал Алматы қаласындағы Достық үйінің есігі ашық, біршама іс-шара өтіп тұ­ра­тынына көзім жетеді. Күні кеше ғана «Қазақ» газетінің 100 жылдық мерей­тойы сонда аталып өтті. Қысқасы, Дос­тық үйі қаңырап бос тұрған жоқ, жақ­сы­лар мен жайсаңдар сонда жиналып, мемлекеттік маңызы бар басқосулар болып тұрады. Кейбіріне өзіміз де қаты­сып қаламыз, біраз мәселені сонда қарастырып, шешіп жатырмыз. Пленар­лық мәжілістер өтіп жатыр деп өз басым айта аламын. Аузымызды қашанғы қу шөппен сүрте береміз, барды бар, жақ­сыны жақсы деп айтуымыз керек қой. Сондықтан Достық үйлері, меніңше, өз міндетін жақсы атқарып жатыр.




Көрілген: 2991    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2013, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30