Татулық

Ұлтаралық татулықтың ұйытқысы

Ахметжан Ашири, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:

– Біз туысқан халықпыз. Біздің бай­лы­ғымыз – бірлігімізде. Біз көк байрақтың астына жиылып, бір мақсат, бір мүддеге қызмет етіп келе жатырмыз.


Тәуелсіздік деген – әншейін сөз емес. Ол – баға жетпес қазына. Осы Тәуелсіздіктің баяндылығы жолында Қазақстанды мекен ететін әр адам қызмет етуге тиіс деп біле­мін. Бұл – менің тағдырым, менің Отаным деп бағалауымыз керек. Біз, қалам ұстаған қауым, екі ұлттың бірлігін әдеби байланы­сы­мыз арқылы арттырып келеміз. Мұхтар Әуе­зовтің «Абай жолынан» бастап бірқа­тар шығарманы өз тілімізге аудардық. Ұй­ғыр халқының оқырмандары қазақ әде­биеті­нің жауһарларымен таныс. Ал Ғабит Мү­сіре­повтен Исраил Сапарбайға дейінгі ара­лықтағы қазақ драматургтерінің шы­ғар­малары 1934 жылдан бері Ұйғыр теат­ры­ның репертуарынан түспей келеді. Бү­гінгі мереке біздің ұйысып отырғанымыздың дәлелі, дәйегі ғана емес, әрқайсымызды рух­тандыратын ұлық мейрам деп білемін.

Майя Веронская, «Қазақстан» ұлттық арнасының жүргізушісі:

– Біздің елімізде қаншама ұлт пен ұлыстың өкілдері мекен етіп келе жатыр. Соның барлығы да тату-тәтті күн кешуде. Бұның себебі – қазақ халқының кеңдігінде, бауырмалдығында. Бұл мемлекетте ала­лау­шылық жоқ. Жұмыс істеймін деген адам­ға барлық мүмкіндік бар. Тер төккен адам еңбегінің жемісін көре алады. Биікке жету сенің ұлтыңа емес, адамшылығыңа бай­ланысты.


Әртүрлі тарихи оқиғаларға байланысты қоныс аударған ұлт өкілдерінің біразымен доспын. Солардың қай-қайсысынан да өкпе-реніш байқаған емеспін. Өз атымнан айтар болсам, мен осы елдің азаматымын. Бұны мақтанышпен айта аламын. Егер осы елдің дамуына адал қызмет ете алсам, өзімді бақыттымын деп санаймын. Бұдан артық бақыт жоқ. Ұлтымыз, әдет-ғұр­пымыз басқа шығар, бірақ біздің ниеті­міз бір. Тілегіміз – еліміз Тәуелсіздігінің баян­дылығы. Меніңше, ұлтаралық тату­лықты сақтап және оның ұйытқысы болып отыр­ған – қазақ халқының өзі.




Көрілген: 3204    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2013, 12:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31