Алдымызда заңдарымызды жетілдіру міндеті тұр

30 тамыз 2012, 12:35

Конституция – мемлекеттің құқықтық қаңқасы. Қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани қатынастар конститу­цияға байланысты реттеледі. Біздің қазіргі қолданыстағы Конституциямыз 1995 жылы қабылданып, бүгінде қоғамдық өмірдің кез келген саласындағы қарым-қатынастар заңды-құқықтық жағынан реттелді деуге болады. Осы жағдайымызды кешегі кеңес Өкіметі кезімен салыстыратын болсақ, қазіргі Конституция қабылданғаннан бергі 17 жылдан кейінгі жағдайымыз Кеңес Үкіметінен едәуір жақсарған. Мәселен, Кеңес Үкіметі тұсында 70 жыл ішінде 452 ғана заң қабылданған. Сол заңдардың Тәуелсіздік орнағаннан кейін елімізде бірде-біреуі іске жарамады. Өйткені ол кез­дегі қоғамның саяси сипаты бөлек бола­тын. Ал қазір біз 17 жылда 2 мыңнан астам заң қабылдап, барлық қоғамдық қатынас­ымызды толыққанды реттедік. Бұл 20 жылдағы үлкен табыс деуге болады. Алайда екінші жағы бар. 20  жылмен өмір біте қоймайды. Алдымызда бұл заңдарды жетілдіру, Тәуелсіздік жағ­дайында қалып­тастыру, оның қолданыс аясын кеңейту секілді шаруалар тұр. Алда алар асу биік, шығар шыңымыз жоғары. Біз Конституция­мыз бен заңдарымызды соған орай жетіл­діруіміз керек.