Ата Заңды ұлықтаған іс-шара

30 тамыз 2012, 12:25

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы, профессор Г.Ө.Насимованың ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы - жалпы еңбек қоғамын құрудың саяси-құқықтық негізі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның атынан көрініп тұрғандай, әңгіме Отанымыздағы әлеуметтік жаң­ғыруды жүзеге асырудағы Ата Заңымыз бен ұлттық заң-құқық нормаларының рөлі туралы өрбіді. Өйткені Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы ел халқына арна­ған Жолдауында Қазақстанның әлеу­меттік жаңғыруы басты назарға алынған еді. Президентіміз араға алты ай салғанда тағы бір аса өзекті мәселені көтеріп, «Қа­зақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жал­пыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мемлекеттік бағдарлама си­па­тындағы көлемді мақаласын жарияла­ды. Дөңгелек үстел барысында ел-жұрты­мыз үшін өмірлік маңызы бар осындай іргелі мәселелер жан-жақты талқыланды. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасы конс­титуциялық құрылысының негізгі ке­зең­дері, қазақстандық қоғамды Конститу­цияға сүйене отырып, әлеуметтік жаңғыр­ту, азаматтардың конституциялық норма­лар­ды психологиялық қабылдауы, елдегі қо­ғамдық келісімді нығайтудағы Конституция­ның рөлі, елдің еңбек нарығын өркениетті жолмен дамыту, Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі және білім беру саясаты сияқты тақырыптар салиқалы пікір алмасуға арқау болды.

С.Ш.МҰСАТАЕВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  саясаттану кафедрасының доценті, саяси ғылымдар докторы