Байыпты экономика – лайықты нәтиже

15 желтоқсан 2011, 13:39

Біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына айтарлықтай жетістіктермен еніп отырмыз. Байыптап қарасақ, Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміз қаншама сын сағатты басынан кешіріп, біршама қиыншылық көрді.
Бүгінде сондай өтпелі кезеңді артқа тас­­тап, әлем елдері алдында еңсе тіктеп тұ­ра ала­тындай, дамыған өркениетті ел­дер­мен иық тіресетіндей дәрежеге жеттік. Қа­зірде Қа­зақстан бір ғана уран өндірісінен әлем бо­йынша 1-орынға табан тіреп, дү­ние­жүзі ел­дері қазақтың уран өндірісіне таң­дай қа­ғып, тамсана қарайтыны жа­сы­рын емес. Ал эко­номикалық еркіндігіміз бо­йынша әлем­дік межеде 54-орынды ба­ғын­дырдық. Экс­порт­тық тауар өндіру бо­йынша да әлем бо­йынша үздік ондықтың та­рапында тұр­мыз. Біздің шикізат өнім­деріміз 150 елді қам­тып отыр. Жыл сайын жалпы ішкі өні­мі­міз өсім беруде. Сон­дай-ақ жұмыссыздық көр­сеткіші де өзге ел­дер­мен салыстырғанда біз­де төмен көр­сеткіш көр­сетуде. Мысалы, АҚШ-та жұ­мыссыздық – 13 пайыз, Ис­па­нияда – 21 пайыз, Гре­ция­да – 15 пайыз, ал Қа­зақ­станда жұмыс­сыз­дық деңгейі биыл 4,5-5 па­йыз­ды құрап отыр.
Болашақта шикізат өңдеуді дайын өнім­ге дейін жеткізудің тілін меңгеруді мақ­сат тұтудамыз. Егер ел экономикасын инно­ва­цияға бейімдей отырып, шикізатты да­йын өнімге дейін өңдесек, табысымыз есе­ле­не түсері анық. Бұл жерде басымдық бе­ріп айта кететін нәрсе: біз жылына 250 млрд доллардың көлемінде табыс түсіре­тін ши­кізат өндіреміз. Ал мұны дайын өнім­ге жет­кізу түрін қолға алсақ, көріп отыр­ған пай­­дамыздың үстіне еселеніп, тағы 150-160 млрд доллар қосылмақ. Міне, осы­дан-ақ эко­номикалық қарымы­мыз­дың қуат­ты­лы­ғын аңғаруға болады.
Сондай-ақ бүгінде ауыл шаруашылығы са­ласын инновацияға бейімдеу мәселесі де оң­ды жолға қойылып келеді. Ауылдық тех­­но­логияны жаңашылдыққа бейімдеу, ауыл­ға биотехнология енгізу, мал тұқы­мын асыл­дандыру, шалғай ауыл­дардың кәсіп­кер­лік қабілетін арттыру, шаруаларды ар­зан не­сиемен қамту үшін Агробанк­тер құ­ру, ша­ғын кооперативтер жұмысын ұйым­дас­тыру тә­різді істер де атқарыла бастады. Осының бар­лығы – ел экономикасын да­мы­туға, ха­лықтың әлеуметтік ахуалын кө­теруге ба­ғыт­талған қа­дам­дар.
Жалпы, атқарылып жатқан реформалар бар­шылық. Мұны отандық сарапшылар ға­на емес, халықаралық сарапшылар да бай­қап, бағамдап отыр. Өткенде ғана Ха­лық­ара­лық экономикалық рейтингтерді бел­гілеу орталығының мамандары Қазақ­стан­ның экономикалық ахуалына оң баға берді. Не­гізінен, халықаралық рейтингтерді ба­ға­лау­дың ең жоғары ұпайы АА+ деп бел­гі­лен­се, бұл межеде Қазақстан ББ+ деген ба­ғамға лайық деп танылды. Айта кету ке­рек, мұндай бағалауға Ресей мен Украина әлі қол жеткізе қойған жоқ. Нақ осы халық­ара­лық агенттіктер мен орталықтар азуымен Ай­ды білеген АҚШ-тың және өзге де да­мы­ған Еуропа елдерінің рейтингін төмендетіп көр­сетуде. Осындай жайттарды ескерсек, ха­лықаралық мамандардың мұндай дә­ріп­теу­лері еліміздің бақ-беделін асыра түсетіні анық. Тағы бір ескеретін жайт, халықаралық мамандар біздің дағ­дарыспен күресуге бағытталған бағдар­ламаларымызға да оң көзқарас танытты. Мәселен, біз дағдарыс атаулының үш ке­зеңін бастан өткердік. Ол дағда­рыс­тар­ды былай жіктеуге болады:
а) Нарыққа бағыштау кезеңі (1991-1994 жж.): совхоздар мен колхоздардың мүліктері мен басқадай құндылықтары мем­лекет иелігінен алынып, жеке­ше­лен­ді­ріл­ді. Жеке адамдар және әртүрлі заңды тұл­­ғалар өз меншіктері негізінде ұжым­дық кә­сіпорындар, өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтарын құрды. Сөй­тіп, ауыл ша­руашылығы көп сатылы нарық­тық эконо­ми­каға бұрыла бастады.
ә) Дағдарыс және «секіріс даму» кезеңі (1995-1999 жж.): ауыл шаруашылығы өнім­­­­де­рінің бағалары босатылды. Бірақ олар өте жоғары қарқынмен өскен өнер­кәсіп тауар­ларымен паритетке (өзара сәй­кес­тік) жетпеді. Банктер берілетін несиелері үшін кепілдікке ескі техника мен құры­лыс нысандарын алмады. Нәтижесінде жаңа құ­ры­лымдар банкротқа ұшырады. Жаңа «көшбасшы меншік иелері» пайда бола бастады. Ұжымдық кәсіпорындар әртүрлі жолдастық серіктестіктерге ауысты. Нәти­же­сінде 1999 жылдың аяғында мем­ле­кет­тік кә­сіпорындардың үлесі ауыл шаруа­шы­лығы алаңдарының көлемінде – 3,6%, ал барлық ауыл шаруашылығы санат­ының ішінде 0,1 пайызға дейін азайды.
б) Қаржылық дағдарыс (2007-2009 жж.). Бұл кезеңдердегі қиындықтарды да біз артқа тастап, әлеуметтік ахуалды түзей­тін оң шешімдер қабылдай алдық. Бүгінде біз­ді әлем елдері «дағдарыстан дамуға ұм­тылған мемлекет» деп баға­лай­ды. Міне, мұн­дай үдеден шығудың өзі – біз үшін үл­кен мәртебе.
Әрине, мойындауымыз керек, қай­сы­­бір салаларда өзіндік проблемалар бар. Әйт­се де өзге елдермен салыстырғанда эко­­номикалық ахуалымыз қарымды, бо­ла­­ша­ғымыз айқын. Сондықтан өз басым ел бо­лашағының жарқын болатынына се­нім­мен қараймын. Себебі бүгінде осы мақ­сатта ау­қымды шаруалар атқарылып жатыр. Кө­кі­регі ояу, көзі ашық қауым мұны жоққа шы­ғара алмайды. Бізде ғылым-білімге, тех­нологиялық біліктілікке, кәсіби ма­­ман­дардың сапасын арттыруға бел­сен­ді­лік бар. Де­мек, болашақта эко­но­ми­ка­лық әлеуетіміз бұдан да қарқынды, қа­рым­ды бола түсеріне кү­мән жоқ. Тек еліміз аман болсын, тыныштығымыздың іргесі сөгілмесін деп тілейік...