Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстан – демократиялық һәм құқықтық мемлекет құру жолында

30 тамыз 2012, 12:40

Біз 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда қабылданған егеменді Қазақстан Конституциясының 17 жылдығын атап өтеміз. Осы өткен 17 жылда Ата Заңымыз демократиялық маңызын арттырып қана қоймай, Конституцияның мызғымас тұғырға қонғанын дәлелдеді. Осы жылдар аралығында біздің де өміріміз түпкілікті өзгергенін айта кетуіміз керек. Аз ғана уақытта мемлекетіміздің экономикасы қарыштап дамып, посткеңестік елдердің көшбасшысына айналуы, тұрақтылықтың орнауы – осы Ата Заңымыздың арқасы.
Қазақстан мемлекеттігін нығайтып, өз саясатын тәуелсіз етіп, мызғымас шека­ра­сын белгілеп, территориялық тұтастығын қамтамасыз етіп алды. Республикамыздың экономикасы әлемдік экономика нарығы­на кірігіп, посткеңестік елдердің ішінде бірінші болып Еуропалық одақ пен АҚШ-ты мойындатты. 
Конституция мемлекеттің құқықтық жүйесінің «ядросы» және оның жоғары заңды күшке ие қайнар көздерінің негізі болып табылады. Оның негізінде саяси, экономикалық һәм әлеуметтік факторлар­мен астасып жатқан ұлттық құқықтық жүйе­нің құрылғаны мәлім. Бұл орайда біздің заң­да­рымыз елдің ұзақ мерзімді қажеттілігін өтеп, тарихи даму тенденция­ларын қалып­тастырды.
Конституциямыз қоғамдық дамуымыз бен мемлекеттiк стратегиялық бағытымыз­ды анықтап, мемлекетіміздегі адам құқығы мен азаматтардың бостандықтарына ба­сымдық беріп, мемлекеттiк институттардың жаңа жүйесiн бекiттi. Сөйтіп, Конституция­мызда өкілдік демократия, идеологиялық және саяси алуантүрлілік көрініс тауып, кез келген негiздегі кемсiтушілікке тыйым са­лын­ды. Оның негізінде сапалы құқықтық  кеңіс­тік дүниеге келіп, азаматтардың өзі­н­­дік еркін іске асыруға барлық жағдайды қарас­тыратын қоғам тұрақтылығының құқық­тық режимін қалыптастырды.
Негізгі заң нормалары шеңберінде конституциялық заңдар мен басқа да заң актілері қабылданды. Конституция аясын­да сот-құқық саласында, экономикада, соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  және зейнетақы салаларын­да іргелі рефор­малар жүргізілді. Сонымен бірге денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қор­ғау салаларында рефор­малар жалға­суда.
Өткен 17 жыл біздің экономикалық өс­у­­дің, ішкі тұрақтылықты сақтаудың, қо­ғам­дық топта­судың даңғыл жолына түске­ні­міз­ді көрсетіп отыр.
Республикамыз беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі бола білді. Қазақстан Адам құқығы жөніндегі халықаралық кон­венцияға қосылды. Сонымен қатар Конс­ти­туциямызда халықаралық келісім­шарт­тардың талаптарына басымдық берілді. Осының нәтижесінде еліміз ЕҚЫҰ-ға ойдағыдай төрағалық етті.
Мемлекеттiк құрылымдар үкiметтiк емес секторларға да көңіл бөлді.  Қоғам­дық және мемлекеттiк институттардың бі­рі­гуіне, мемлекеттік органдарда  саяси пар­тиялардың ұйымдарын құруына тыйым салынды. Бұл орайда мемлекетіміз халы­қ­аралық стандартқа сай дайындалған Конс­титуция нормаларының сақталуын бақы­лай отырып, мемлекет қауіпсіздігіне нұқ­сан келтіретін, қоғамдық тәртіпті әлсі­ре­тетін, араздықты қоздыратын, мемлекет тұтастығына сына қағатын қоғамдық бір­лестіктерге жол бермейтінін де дәлелдеді. 
ТМД елдері үшін конституция қабылдау өте қиын болғаны белгілі. Өйткені ол жыл­дарда экономикалық-әлеуметтік пробле­малар шиеленісіп, қылмыс та көбейіп, авторитарлы тәртіптің нығаюына ықпал ететін өзге де факторлар өршіп, адамның та­би­ғи құқықтарын шектеу белең ала бас­та­­ған болатын. Осындай сындарлы сәтте халы­­қ­аралық стандарттарға сай адам құ­қы­ғы мен бостандығын барынша қамта­масыз етуге бағытталған Қазақстан Конс­ти­туция­сы қабылданды.
Конституциямызда тұңғыш рет құқық пен бостандық ұғымына арнайы бөлім арналды. Негізгі заң мемлекеттіктің құ­қық­тық негіздерін қамтамасыз ететін бұл­жымас қағидаттарды – билік бөлінісін, оның нормалары мен қағидаларының ті­ке­лей әрекет етуін, кінәсіздік презумпция­сын, баға жетпес құндылық ретіндегі адам құқықтарын, сонымен қатар осы қағида­лар­ға сәйкес мемлекеттік билік жүйесі қа­ғидаларын бекітті.
Қазақстан Республикасының Консти­туциясы конституциялық қатынастар жүйе­сінде адамның орны мен оның құ­қық­тарын және бостандықтарын ерекше белгілеп, олардың құқықтарын қорғауды қазіргі қоғам мен мемлекеттің қағидалары ретінде орнықтырды.
Конституцияда азаматтық қоғамға қатысты бекітілген қағидалар, ережелер биліктің барлық органы мен лауазымды тұлғасына, азаматтарға міндетті болып табылады.
Негізгі заңдарымыз азаматтық қоғам қалыптастыруды, адам құқығын қорғау механизмінің жұмысын ілгерілетуді алға мақсат етіп қойды.  Мемлекеттің конститу­ция нормаларына сәйкес адам құқығы мен бостандығына кепілдік беруі адам құқы­ғын қорғайтын институттың (омбудсмен) құрылуына септігін тигізді. Бұл институт халықаралық және азаматтық қоғам ара­сын­дағы қатынасты реттеп, азаматтар құ­қы­ғын қорғаудың өз деңгейінде жүзеге асуына септігін тигізеді. 
ТМД мен Балтық елдері конститу­ция­ларынан айырмашылығымыз: негізгі заңы­­мыздың 12-бабында еуропалық конвен­ция­ның халықаралық пактісі негізінде адамның табиғи  құқықтарын қорғау және бостандықтарын қамтамасыз ету ашық жарияланған.
ТМД елдерінің көпшілігінде адам құ­қығы жөнінде халықаралық келісімшарт­тары жоқ. Бүгінде мұндай демократиялық нормалар бізге оғаш көрінеді. Себебі Ата Заңымыздың 18-бабында әр азаматтың өзіне қатысты мәліметтерді мемлекеттік құры­лымдар, қоғамдық бірлестіктер, заңды тұлғалар арқылы білуге, шешімдер мен ақпараттық түпнұсқамен танысуға толық­қанды құқылы екені жазылған.
Біздің Конституция бойынша адам құ­қы­ғын шектеу халықаралық және еуро­палық стандарттарға сәйкестендірілген.  «Адам мен азамат құқығына және бостан­ды­ғына тек қана заң шеңберінде, конститу­циялық құрылысты қорғау, қоғамдық тыныштықты сақтау мақсатында, адам құқы­ғы мен бостандығына қауіп төнген жағ­дай­да ғана шектеу қойылуы мүмкін. Демо­к­ратиялық мемлекеттердiң консти­туция­сы оның орнықтылығымен, тұрақты­лығымен және өміршеңдігімен бағалана­ты­нын айтып өткім келеді.
Біз биліктің қай тармағында болсын қызмет ететін мемлекеттік қызметкерден әлеуметтік кепілдігін негізге ала отырып, халыққа қалтқысыз қызмет етуін талап етуге құқылымыз. Бұл – біздің жолымыз, заңымыздың талап ететіні де – осы.
Конституциялық жүйенің баянды бо­луы тұрақтылыққа  және берiктiкке байла­ныс­ты. Құқықтық әлеуеті жетілмеген кей­бір заң­дарды ары қарай жетілдіру, кем­ші­ліктерін толықтырып, ғылыми сарап­тамалар жасау қажет.  Бұдан кейін бұл заңдардың консти­туциялық нормаларға тікелей әсері сарала­нып, ол нормаларды іске асыру тетіктерін анықтаған жөн.
Азаматтық қоғамның ары қарай дамуы конституция нормаларының iске асуына және конституциялық заңдылықтың қам­та­масыз етілуiне тәуелдi. Осыны бек есте сақтамақ ләзім.