Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оңтүстік астана Ата Заң мерекесін арқа-жарқа тойлайды

30 тамыз 2012, 12:23

Алматыда Конституция күні Республика сарайының алдын­дағы Абай алаңында тойланады. Бұл күні қаланың жеті ауданында да мерекелік шаралар өтеді.
Абай алаңында өтетін басты мерекелік шараға шенеуніктер мен зиялы қауым өкіл­дері қатысады. Сағат 11.00-де баста­латын концерттік бағдарламада Нағима Есқалие­ва, Бағдат Сәмединова бастаған танымал әншілер, «Жігіттер», «Парасат» топ­тары және «Гүлдер» ансамблі өнер көрсетеді. Бұл күні Медеу ауданында жү­гі­­руден бұқа­ра­лық жарыс өтеді. Ал Бостандық ауда­нында «Атакент» іскерлік ынтымақтас­тық орта­лы­ғы алдын­да мереке аясында спорт­тық шара­лар ұйымдасты­рылып, қолөнер ше­бер­лерінің жәрмеңкесі ашылады. Сағат 08.00-де Шаң­ғы трамп­линдерінің халы­қа­ралық кеше­ні алдын­да үлкен вело­шеру баста­лады. Велоша­бан­доздар Орта­лық стад­ион­ға дейін жа­ры­сып, мықты­­лы­ғын сы­най­ды. Консти­туция күні Алмалы ауда­ны­ның орталығын­дағы дема­лыс саябағы – «Арбатта» өнерпаздар жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйла­мақ. Дәл осы жерде 16 жас­қа толған аза­мат­тарға жеке куәлік та­быс­тау рәсімі бола­ды.
Әділет КЕРІМБЕКОВ, Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының Алмалы аудандық аумақтық бөлімінің бастығы:
Биыл Ата Заңымызға 17 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміздің жеткен жетістіктері, бағын­дырған белестері Конституция­ның арқасы екені баршаға белгілі. Ата Заңымызда қоғамдық қатынастарды реттейтін көптеген нормативтік құқықтық акт қабылданды. Бұл өз кезегінде Қазақстанның әрбір жеке азаматының саяси-әлеуметтік құқық­тары мен бостандықтарының қорғалуына кепіл болды. Сондықтан біздің өмірімізден Ата Заңымыз ерекше орын алады. Осы мерейлі күнге орай Алмалы ауданы бірқатар шара ұйымдастырды. Соның қоры­тын­ды шарасы 30 тамыз күні түйін­делмек. Мәдени шараның мақсаты – өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, қала қонақтары мен тұрғындарына Конституцияның мәнін түсіндіру, Ата Заңды оқып білуге деген құлшынысын ояту. Ұлтымыздың ұлы мерекесімен барша қазақ жұртын құттықтап, еліміз қарыштап дами берсін дегім келеді.