«Сиясат-наме» тағылымы

«Сиясат-наме» тағылымы

Мемлекеттің атаулы күндері – тек мейрам ғана емес, мемлекет туралы, билік туралы, биліктің табиғаты мен оның әділетті қолданысы туралы ойларға жетелейтін күн. Осы орайда орта ғасырлық саясаттану ілімінің бастауларына көз жүгіртіп көрсек, бүгінмен сабақтасып жатқан, бүгінге тәлім боларлықтай не көрер едік?
Қазіргі заманғы билік көп жағдайда саяси кеңесшілер институтына сүйенеді. Олар қазіргі жайды сараптап, оның да­муы­ның түрлі сценарийлерін жасап, оған әсер етудің тиімді жолдарын ұсынып, қандай нақ­ты жағдайда қандай шешім­дердің оңтайлы болатынын саралайды. Мемлекет ин­ститутының даму тарихы онсыз бас­қа­ру­дың тиімсіз болатынын көрсетеді. Бұл бүгін ғана қалыптасқан жүйе ме?
Батыс саясаттануында саяси кеңесшілік, саяси консалингті Николло Макиавеллиден бастайды. Ол мықты мемлекеттік билікті, оны нығайту жолында барлық әдіс-тәсіл­дер­ді қолдануды қолдап, өз еңбектерінде сая­сатта моральға емес, күшке сүйену ке­ректігін дәріптеп, бүгінгі саяси реализмнің (real politic) негізін қалады деп санайды. Ал одан жарты мың жыл бұрынғы орта ға­сырлар тарихына көз жүгіртсек, Азияның әр мемлекет басшысының қасында олар­дың саяси кеңесшілері – уәзірлері жүргенін бай­қар едік. Кеңестік кезеңнің киносы оларды тек сарай төңірегіндегі айла-шар­ғы­ларды ұйымдастырушы етіп көр­сет­ке­німен, өз заманында олардың мемлекет өмі­рінде үлкен орын алғандығын көреміз. Мы­салы, оғыз-түркі тайпаларынан құ­рал­ған Селжүктер мемлекеті ХІ ғасырда өзінің да­му шыңына жетіп, Орта Азияның басым бөлігін, Иран, Әзірбайжан, Сирия, Ирак, Ар­мения, Грузия, Палестина елдерінің ау­ма­ғында орасан зор империя құрды. Осы мем­лекетті басқаруда оның негізін қалап, бас­тауында тұрған Тоғрұл-бек, Алп-Ар­слан, Мәлік-шах тәрізді билеушілер не­гі­зі­нен уәзірлер көмегіне жүгінді. Әсіресе Мә­лік-шахтың мемлекет басқару жүйесін же­тіл­діру мақсатында осы тақырыптағы ең үз­дік еңбекке, қазіргіше айтсақ «тендер жа­риялағаны» – қызық тәжірибе. Оны орта ға­сыр­дың көрнекті ойшылы Низам әл-Мүлк «ұтып алды». Нәтижесінде, сол за­ман­дағы Орта Азия мен Таяу шығыстың мем­лекет басқару жүйесіне үлкен әсер ет­кен «Саясат-нама» («Сиясат-наме») еңбегі дү­ниеге келді.
Низам әл-Мүлктің бұл кітабында ел басқарудың көптеген мәселелері көрініс тауып, оның 51-тарауында мемлекет өмі­рі­нің түйінді тұстары сараланып, тиімді ше­шім­дер ұсынылады. Кітап өте қызықты оқы­лады, өйткені мұнда бір мәселенің оң­тай­лы шешімін ұсыну өте мұқият таңдалған дидактикалық материалдармен – әңгіме-әфсаналармен бірге беріледі. Мәселен, кітаптың «Жазалау, хатибтер, мұқтасибтер және олардың ісінің табысты болуы туралы» алтыншы тарауда сауда жүйесінде тәртіп орнатуда мынадай ұсыныстар жасайды: «Әр қалада мұхтасибтар тағайындау керек; олар базардағы бағаны қадағалап, тара­зы­лардың дәлдігін өлшеуі тиіс; қай жақтан келгеніне қарамастан базарда тек рұхсат етілген заттар сатылуын қадағалауы керек; егер талап болмаса, базар адамдары ойына келгенін істейді, халық қиналады» дейді. Немесе, қазіргіше айтсақ «монополизммен күресуде» мынадай мысал келтіреді: «...сонда ел нан таппай дүрлікті. Ибрахим сұлтан бәрін шақырып алып: «қалада неге нан жоқ», – деп сұрады. Олар айтты: «қа­ла­ға келген астықты наубайшылар толайым са­тып алып кетеді, жеке адамға астық сат­қыз­байды». Махмұт Ғазневи сұлтан сонда ашуланып, олардың бірін пілдің аяғының астына тастауға пәрмен беріп, оның қоймасын халыққа ашып берді. Сол күні қалада нан көп болғаны соншалық, елу ман нан сатылмай қалды».
Әл-Мүлк мемлекет басқару ісіне иман­ды, білімді, бай, текті адамдарды тартуды ұсы­нады. «Егер олар бұл қызметке келіс­пе­се, оларды мәжбүрлеу керек» деп санайды ол. «Мемлекет тұрақты болу үшін басшы әді­летті болып, бабалар дәстүрін ұстануы тиіс, орынсыз қантөгіске жол бермеуі ке­рек» дейді әл-Мүлк.
 «Сиясат-намеде», сондай-ақ оның тұс­тасы Ибн Халдунның «Үлкен тауарих» кі­та­бы­ның кіріспесі – «Муккадим» еңбектерінде адам­зат қауымдастығы дамуының заң­ды­лық­тары саралана келе, қазіргі заманғы эко­номиканың заңдылықтарының негізі қа­ланғанын байқауға болады. Олар қазіргі эко­номиканың басты түсініктері – қосымша құн, еңбектің бағалану принципін Адам Смит­тен сегіз ғасыр бұрын, мемлекеттің эко­номикадағы тұрақтандыру саясатын Кейн­стен 900 жыл бұрын айтып кеткен.

«Сиясат-наменің» бірқатар ұсыныстарын бүгінгі терминдермен баяндасақ:
1. Же­ке­мен­шік құқығын және кәсіпкерлік еркіндігін қатаң сақтау;
2. Заңның үстемдігі және сот жүйесінің әділетті құрылуы;
3. Қоғамдық қауіпсіздік және сауда коммуникацияларының қауіпсіздігі;
4. Салықтың оңтайлы деңгейін ұстану, сол арқылы халықты еңбекпен қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін арттыру мәселелерін шешу;
5. Мемлекеттің сауда, өндіріс және коммерция істеріне араласуын тежеу;
6. Мемлекеттің баға саясатына араласпауы;
7. Нарықтың монополизациялануына жол бермеу;
8. Биліктен тәуелсіз монетарлы саясат ұстану, ақша құнын биліктегілердің анықтауына жол бермеу;
9. Бюрократтық аппаратты қысқарту және оның тиімділігін арттыру.
Демек, қазір толайым батыстық экономистердің қанжығасында жүрген экономикалық теориялардың түп негізі осыдан мың жыл бұрын біздің құрлықта тамырланған екен. (Қарап отырсақ, кеше ғана әлемді дүрліктірген дағдарыс та осы талаптарды қатаң ұстанбаудан туындапты).

«Бұл «Басқару туралы кітап», міне – жа­зылып болды. ...Ал Билікші өзін мәжбүрлей оты­рып, осы кітапты ұдайы оқып отырсын. Өйт­кені мұнда кеңес те, даналық та, бұ­рын­ғылар айтқан сөз де, Пайғамбар (ғ.с.) туралы баяндаулар да, әділетті пат­ша­­лар туралы әңгімелер де, кеткендер ту­ралы әфсаналар да, қалғандар туралы сөз де бар. Ұзақтығына қарамастан ол әділетті пат­шаның назарына лайық. Алла жа­рыл­қасын!» деп аяқталады кітап.
Төл мемлекетіміз де Тәуелсіздік алған күн­нен бастап ата-баба мұрасына, дәстүрге, өткеннің сабағына үлкен ықыласпен қа­рай­тынын үнемі дәлелдеп келеді. Демек, Тә­уел­сіздігімізді баянды етуде адамзаттың ақыл-ойының осындай асыл мар­жан­да­ры­ның тәлімін де ұмытпағанымыз жөн тә­різ­ді.

Р.S.
Мақала негізіне «Сиясат-наме» кітабының «Әлем әдебиетінің алтын қоры» айдарымен А.Р. Дүйсенбаевтың жетекшілігімен басылып шыққан нұсқасы алынды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста