Тәуелсіздік

Тарих Тәуелсіздікпен ғана тұлғалы

  • Тарих Тәуелсіздікпен ғана тұлғалы

    Тарих Тәуелсіздікпен ғана тұлғалы

Ғасырларға созылған Тәуелсіздік жолындағы күреске халқымыздың талай арда азаматы бас тігіп, қанын да, жан да қиды. «Алда үлкен той болады, келер ұр­пақ бізге я қарғыс, я алғыс айтады. Түптің түбінде біз өз мемлекетімізді құрамыз» деген нық сенімде болған алашордашылардың асыл мұраты араға 70 жыл салып барып, өрімдей ұл-қыздың ызғарлы Желтоқсандағы мұзға жаққан алауына ұласты. Ұлт тәуелсіздігінің алғышартындай сол Желтоқсан оқиғасы ғазиз бабаларымыздың кешегі булыққан арманының өлмей, өшпей ұрпаққа жалғасып, өміршең рухтың атойлап алға шығуына негіз болғанын көрсетті.

Табанды да тегеурінді күрес нәти­же­сінде қазақ аспанында еркіндік, теңдік таңы атты. Егемендік туралы құжат ұлт тәуел­сіздігін баянды еткен тұңғыш заң­на­малық акт болды. Сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйым­дар­дың қызметіне қатысу мүм­кін­дігіне қол жеткізген еліміз егемендік Дек­ла­­ра­циясы арқылы табиғи байлығы­н, экономикалық және ғылы­ми-техникалық әлеуетін толық өз мен­шігіне алды. Орта­лық­қа бағынышты күй­ден арылып, алыс-жақын мемле­кеттермен тең әріптес ретін­дегі ын­тымақ­тастыққа қол жеткізді. Елба­сының сөзімен айтсақ, «Бүгін біздің көз алдымызда тарих жасалуда. Еліміз қарқынды дамып келеді, жаңа астанамыз салынды, қазақ­стан­дықтардың болашаққа ұмтылған әдемі де талантты жас ұрпағы өсіп-жетіліп келе жатыр... Біз әлемге тек саяси, экономикалық, әлеу­меттік салада ғана емес, мәдени, рухани дамуда да зор табыстарға жеткенімізді көрсетуіміз ке­рек».

Тәуелсіздік тарихын жазуға жаппай ұмты­лыстың басталуына да ел Прези­ден­ті­нің осы пікірі себепкер болғаны анық. Әрі бұл жай бір науқаншылдық, жалаң энту­зиазм күйінде қалып та қойған жоқ. Аста­нада арнайы Мемлекет тарихы институты ашылды, заман талабына сай тарихтың жаңа буын оқулықтары, ғылыми моно­гра­фиялар жарық көрді. Соның нәтижесінде 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бергі тәуел­сіз ел та­рихы тұжырымдалып, Елба­сының мем­лекет құрудағы тарихи рөлі, Ата Заң­ы­мыздың, мемлекеттік рәміздердің қабылдануы, кәсіби Парламент пен көп­пар­тиялы жүйенің қалыптасуы, білім беру мен денсаулық сақтау, спорт саласындағы оң өзгерістер, нарықты экономиканы қалып­тастыру процесі, жаңа елорданың бой көтеруі, өркен­деуі, дүниежүзілік қауым­дастыққа тең құқықты, тең дәрежелі әріптес ретінде қосылуы, оның халық­ара­лық, аймақ­тық ұйымдармен, эконо­ми­ка­лық, саяси, құқықтық, мәдени байла­ныс­тардың орнығуы мейлінше жан-жақты баяндалды. Мұның сыртында бас қала – Аста­наның іргетасы қалай қаланған­ды­ғы­нан бастап, даму, көркею сатыларын сипаттайтын деректі, көркем шығармалар да біршама жазылды, әлі де жазылары анық. Бұл ретте назар аударарлық бір мәсе­ле – «Осы тарих қалай жазылды? Зерт­теуші қауым Тәуелсіздік тарихын ғылыми негізде жазуға дайын ба?» дегенге саяды. Тарихшы ғалым Қамбар Атабаевтың пікіріне жүгінсек, кәсіпқой тарихшылардың деректану ғылымын терең меңгерулерінсіз ғылыми тарихтың жазылуы мүмкін емес. Демек, тарихшылардың Тәуелсіздік тари­хын баяғыша, деректанусыз-ақ жазбақ болулары немесе олардан соны талап ету – бұрынғы қателіктерімізден сабақ алудың орнына, жаңа қателіктерге жол беру деген сөз. Мысалы, еліміздің демократиялық даму жолына түсуіне және сөз, баспасөз бостандығына байланысты бүгінде бір оқиғаның өзі әртүрлі бейнеленеді. Яғни оны ресми бұқаралық ақпарат құралдары бір бөлек, бейресми ақпарат құралдары бір бөлек жеткізеді. Сондықтан да зерт­теушілер ресми деректерді де, бейресми деректерді де деректану тұрғысындағы талдаудан өткізу арқылы пайдаланулары керек. Сонда ғана жаңа тарихты ғылыми-теориялық деңгейде жазуға болады.

Тәуелсіздік тарихының тасасында қал­дыруға болмайтын маңызды бір міндет – қазақ халқының жаңаша көзқарасқа негізделген тәуелсіз тарихын зерттеу, жазу, қалыптастыру мәселесі екені даусыз. Қазақтың шынайы тарихын қопара зерттеу­ге және соны өзінің ұлттық мүддесі, ұлттық көзқарасы, ұлттық құндылықтары тұрғысынан баяндауға кезінде кеңестік жүйе мүмкіндік бермеді. Осы олқылықты түзету, ұлттық тарихқа шындап бет бұру – Тәуелсіздік тарихын мейлінше байытып, тұлғаландыра түсетін аса абыройлы іс. Алайда бұл тұрғыда да біз бір ұстанымға, келісімге келе қойған жоқпыз. Мысалы, қазақтың тәуелсіз тарихын жазуда ұмыт қалдыруға болмайтын қандай негізгі мәселелер, оқиғалар, жағдайлар бар? Әлі түрен түспеген, жабулы күйінде қалып қой­ған қандай тың тақырыптар, ақтаң­дақ­тар қалды? Нақты бір оқиғаларға немесе белгілі бір тұлғаларға қатысты екі­ұдай пікірлер мен қарама-қайшы көз­қа­рас­тардың әділдігі қайсы?..

Уақыт ілгерілеп, замана парақтары ауысқан сайын өткен тарихпен де арамыз алшақтай бермек. Ең бастысы, шындықтан мүл­де қол үзіп, тарихымызды жоғалтып ал­масақ болғаны. «Тарихын жоғалтқан жұрт – жоғалған жұрт» деген екен Мір­жа­қып Дулатов.




Көрілген: 2564    Пікірлер: 0

сенбі, 14.12.2013, 13:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    «Сиясат-наме» тағылымы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31