Тәуелсіздік

Тәуелсіздігімізге Кеден одағынан қауіп жоқ

  • Тәуелсіздігімізге Кеден одағынан қауіп жоқ

    Тәуелсіздігімізге Кеден одағынан қауіп жоқ

Бүгінде әлем қауымдастығына еліміз әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерімен әйгіленді. Сонымен қатар белсенді сыртқы саясатының арқасында жоғары деңгейлі халықаралық беделге ие. Қарап отырсақ, 10 шақты жыл бұрын ғана, өзге де кеңестік дәуірден қалған мемлекеттердей, жұмыссыздық жайлаған, халқының тұрмыс деңгейі төмен ел едік. Тарихи өлшеммен алғанда, өте қысқа мерзім ішінде экономикасы дамыған, халқының тұрмыс-тіршілігі оңды, қай жағынан да гүлденген мемлекетке айналып үлгердік. Мұндай жеңістің сыры неде?
Нарық кеңейсін
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін елі­міз алдында қысқа мерзім ішінде гео­сая­си жүйеде өз орнын белгілеп, ұлттық жә­не мемлекеттік мүддесін ойластырып, сырт­қы саяси стратегияның негіздерін құ­рау міндеті тұрды. Қазір шетелдік және отан­дық сарапшылар осы міндеттердің қалт­қысыз жүзеге асуын еліміздің тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегімен байланыстыратыны бекер емес. Елбасының сыртқы саясат доктринасының жүйе құраушы элементі – көпвекторлы ел үшін практикалық маңызы бар барлық мем­лекеттермен достық қарым-қа­ты­нас­тарды дамытуды көздейді. Осы тұрғыда үш елдің басын қосқан Кеден одағына өтуі­мізді маңызды қадам ретінде қарастыруға бо­лар. Жаһандану заманында өзге ел­дермен экономикалық не саяси одаққа бі­рік­пей, оқшауланудың нәтижесі қандай бо­ларын өмірдің өзі дәлелдеп берді. Ең бас­тысы, одаққа мүше елдер өз тауарларын өт­кізетін ауқымды нарыққа қол жеткізді.
Кеше ғана жарияланған мәліметтер де осыны растайды. Кеден одағы ішіндегі еліміздің тауар айналымы он айдың ішінде 13, 5 млрд долларды құраған. Оның 90 пайызы – Ресейдің үлесінде. Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда, Кеден одағының басқа мүшелері арасындағы тауар айналымы Ресеймен арада 1,3 есе, Беларусьпен 1,4 есе көбейді. Ресейге тауар экспорты 38,7 %, Беларуське – 3,2 есе, тиісінше, импорт – 26,4 және 20,8 пайызға артты.

БЭК-ке қош келдік
Кеден одағы шеңберінде 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай эконо­ми­ка­лық кеңістік (БЭК) қызметін бастайды. Шы­ны керек, БЭК-тің құрылуы қарқынды жүргізілуде. Өткенде Ре­сей Президенті Д.Мед­ведевтің өзі «үш елдің экономика­лық бірігуіне ұзақ жылдар кетеді» деп күмәнданғанын жасырмады. Өткен жылғы Астанада өткен бейресми сам­митте жоспарланғандай, биылғы жыл­дың соңына таяу қажетті нормативтік база құрылды.
Айта кету керек, жаңа мемлекеттік гео­саяси құрылым құру идеясын 1994 жыл­дың наурызында біздің Елбасы білдірген бо­­латын. Ал Кеден одағы Еуразия ин­те­гра­ция­сына жасалған алғашқы қадам екені сөзсіз.
БЭК-тің бізге пайдасы – экономикаға ин­вестиция тарту, әрі бірлескен кәсіп­орын­дар құру мүмкіндігі жағынан ұтамыз. Се­бебі еліміздегі қосымша құн салығының (ҚҚС) деңгейі әлем бойынша ең төменгісі. Корпоративтік табыс салығының мөл­шер­ле­месін де біртіндеп төмендету көзделген. 2012 жылға дейін Қазақстанда шыға­рыл­майтын құрал-жабдық импортына же­ңіл­діктер сақталады. 2014 жылдан бастап ин­фра­құрылым жобаларын жүзеге асы­ру­да айналым қаржысын ҚҚС-нан босату көз­делген. Жуырда жарияланған Дү­ние­жүзілік банктің Doing Business базалық рейтингінің қорытындысы бойынша, бизнесті жүргізу жеңілдігі жағынан еліміз 180 елдің ішінде 59-ші орынды иеленді. Ал Ресей 123-ші орында. Бұл елдің са­рап­шы­лары біздегі салық мөлшерінің тө­мен­дігі, үдемелі индустриалдық даму бағ­дар­ла­масында инвесторды қолдау шарасы қа­­растырылғанын есепке алып, әлден шо­шынып отыр. Олар бізде ши­кі­зат­тық емес өндіріс көптеп ашылып, шыққан өнім­нің бәрі Ресей нарығына ағылады деп қа­уіптенеді.
Ал БЭК-ті жақтаушылар оған мүше елдердің Жалпы ішкі өніміне он жыл ішінде тағы 15-17 пункт қосылады деген сенімде. Дегенмен бұл болжамның орындалуын уақыт көрсете жатар. Әзірге Кеден ода­ғын­да­ғы мемлекеттердің ЖІӨ артқаны бай­қал­майды. Мәселен, мұнай бағасының жо­ғары болғанына, өнеркәсіп өндірісі мен экс­порт-импорт қатынастарының өсуіне қа­рамастан, жыл соңында Ресейдің ЖІӨ не­бары 4 пайызға өскен. Беларусьтегі ЖІӨ-нің артуы 2006-2010 жылдары 8 пайыздан ас­қан жоқ. Біздегі өсім 7,2 пайыз кө­ле­мінде.




Көрілген: 3850    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.12.2010, 13:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    «Сиясат-наме» тағылымы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30