Тәуелсіздік – баршамызға қасиетті құндылық

14 желтоқсан 2013, 13:13

Жаңа ғасырда жаңа мемлекет құрып отырған Қазақстан алдағы күндері Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтпек. Бұл мереке – мемлекетіміздің ерекше қуаты мен еркіндігінің нышаны. Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған азаттық пен еркіндік бүгінгі ұрпақтың еншісіне тиді. Тәуелсіздік – біз үшін ең қасиетті құндылық. Сондықтан да оны қадірлеп, қастерлеу – әр азаматтың міндеті. Бүгінде егемендігіміздің арқасында еліміз елеулі жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесінде қазіргі Қазақстан бүкіл әлем мойындаған мемлекетке айналды. Еліміз орташа дамыған индустриалды ел болу міндетін ойдағыдай шешіп, бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттер қатарына қосылды.
Егемен еліміздің қалыптасып, дамуы тікелей Елбасының есімімен тығыз байланысты екені даусыз. Қазіргі уақытта Президентіміздің бастамасымен республика бойынша әр саланы заманға сай дамыту қолға алынуда. Бұл ретте, Елбасы отандық білім мен ғылымды өркендетуге ерекше көңіл бөліп отыр. Осы орайда Мемлекет басшысы анықтап берген жаңа талаптарды жүзеге асыру жас ұрпаққа жүктеліп отырғаны анық.
Биылғы жылы ел өміріндегі ең елеулі саяси оқиға Елбасымыздың өзі жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясының ХV кезектен тыс съезінің өтуі болды. Келелі жиында қабылданған шешімдер, талқылаған мәселелер мен айтылған ой-пікірлер Қазақстанның дамуына қатысты ең көкейтесті мәселелер болды. Аталған съезде Президент жетекші партияның елдің инновациялық дамуына ықпал етуін күшейту керек­тігіне ерекше назар аударды. Съезде орын алған келесі бір маңызды оқиға – партияның жаңа Саяси доктри­насының қабылдануы. Қоғамның барлық саласына қатысты мәселелерді қамтыған Доктринада, әсіресе жастардың рухани-патриоттық тәрбиесіне баса назар аударылған. Расында, еліміз өз келешегін қамтамасыз ету үшін интеллектуалды жастарға айрықша көңіл бөлуде. Сондықтан да елімізде жастардың озық білім алып, кәсіби маман ретінде қалыптасуына жан-жақты жағдай жасалуда.
Жуырда Елордамыз Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қа­ты­суымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы­ның мерейтойлық форумы табысты өтті. Сол жиында сөз сөйлеген Елбасы мемлекет қолға алып отырған инно­вациялық жобаларды жүзеге асыруда қазақстандық жастарға барынша үміт пен сенім артатындығын ай­рықша атап көрсетті.
Бүгінде Мемлекеттің берген жаңа мүмкіндік­терін пайдалана отырып, Қазақ ұлттық аграрлық универ­ситеті әлемдік деңгейдегі зерттеу универ­сите­тіне трансформациялануға жұмылуда. Қазіргі күні біздің университетіміз еліміздегі аграрлық сала мамандарын даярлайтын алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны саналады. Мұның өзі – ғылым мен білімді дамытуда жеткен жетістігіміздің белгісі.
Президентіміз «Қазақстан–2050» стратегиясы атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қал­мауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет» деп нақты талап-міндеттер қойды. Осы орай­да мемлекеттің берген жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Қазақ ұлттық аграрлық уни­вер­ситеті әлемдік деңгейдегі зерт­теу университе­тіне трансформациялануға жұмы­луда. Қазірдің өзінде біздің «инновациялық қызметке бағыттал­ған жоғары оқу орны» деген статусымыз бар. Қа­зіргі күні біздің университетіміз еліміздегі аграрлық сала мамандарын даярлайтын негізгі жоғары оқу орны саналады. Мұның өзі – ғылым мен білімді дамытуда жеткен жетістігіміздің белгісі.
Қалай десек те, еліміздегі оң өзгерістердің барлығы да – Тәуелсіздігіміздің жемісі. Олай болса, осы бір қастерлі де қасиетті құндылы­ғы­мызды бағалай білейік. Өркениетті елдермен те­ре­зесін теңестіріп, жаңа қоғам құруға ұмтылыс жа­сап отырған Қазақ елі өткеннен сабақ алып, жарқын келешегінің қамын жасауда. Шекарасын мықтап, алыс-жақын шетелдермен тиімді қарым-қатынас орнатқан республикамызда халықтың игілігі үшін атқарылған іс-шаралар қаншалықты көп болса, болашақтың еншісінде тұрған міндетте­ме­леріміз одан да ауқымды. Ендеше, елдігіміздің кепілі – Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі