Тәуелсіздік айнасы

Ақмола тарихындағы алғашқы мешіт жанында қазақ мектебі жұмыс істеген

Мына суреттегі мешіт Ақмола бекінісінен бұрын салынған, жалпы, Ақмола қаласының тарихындағы алғашқы Алла үйі деуге болады. Журналист, өлкетанушы Андрей Дубицкийдің жазған деректеріне (А.Дубицкий. Пройдемся по улицам Целинограда». 362-қор, 1- жазба, 203 –құжат) қарағанда, осы қазіргі Астананың орнында Қараөткелдің тұсын­дағы шағын ауылдың тұрғындары бұл мешітті 1838 жылдары ауылдан шет­керірек, ашық алаңқайға салған. Нақты орны – қазіргі Амангелді Има­нов көшесіндегі 4-көппәтерлі үйдің тұсы. Оған ары-бері өтіп жатқан сау­да керуендері тоқтап, жақын қоныс-қыстаулардың тұрғындары Жа­рат­қан иеге ғибадат-құлшылықтарын өтеп тұрған көрінеді.

Уақыт өте келе мешіттің айналасына ұсақ саудагерлер мен қолөнершілер қо­ныс­тана бастаған. А.Дубицкийдің жа­зуын­ша, 1865 жылдардан мешіт жанында қазақ мектеп-медресесі жұмыс істеп, онда молда Қарабек Байбеков бала оқытыпты. Өкі­ніш­ке қарай, Ақмола тарихындағы алғашқы мешіт бұл күнде жоқ, 1920 жылы өртеніп кет­кен. Бірақ жергілікті мұсылман жамағаты жиылып, тура сол орынға тастан қалап тағы мешіт салады. Ол мешітті 1930 жылы бол­ьшевиктер жауып, өлкетану мұра­жайын орналастырады. Ал 1940 жылы ғи­ма­ратқа «Қазпиво» сыра зауыты орнығады. Кейін­нен біржола бұзылып, орнына көп­пәтерлі үй салынған.


                                                                  (Сурет 1911 жылы түсірілген, авторы К.Шахов, Астана мемлекеттік мұрағатынан алынды)

Ал бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі – Астана қаласында жаңа салынған үш бірдей еңселі мешіт бар. Оның біріншісі – бұрынғы орталық базар жанындағы ескі мешіттің қасынан салынған Сәдуақас Ғыл­ма­ни атындағы, екіншісі Есілдің сол жа­ғын­дағы «Нұр-Астана» мешіті болса, үшін­шісі – Қазақ елі монументінің жанынан бой көтерген, (құрылысы іс жүзінде бітуге тая­ған) ашылуы Тәуелсіздік күні мерекесіне жос­парланған Әзірет Әлі мешіті. Бұлардан басқа, қаланың «Шұбар» және «Аг­ро­қа­ла­шық» шағын аудандарында да Ақмола ас­та­на болғаннан кейінгі кезеңде салынған шағын мешіттер бар.


                                                 «Нұр-Астана» мешіті


                                                   Әзірет Әлі мешіті




Көрілген: 2763    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.11.2011, 12:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31