Тәуелсіздік айнасы

Ақтөбеде поролон шығаратын зауыт ашылды

Ақтөбеде поролон шығаратын жаңа зауыт ашылды. Бұған дейін батыс аймақта поролон өндірісі  болған емес. Зауыттың қуаты  жылына 10 мың текше метр өнім шығаруға жетеді. 

Зауыт шығаратын 10 мың текше  метр  өнімге  ақтөбелік жиһаз жасаушылар осы бастан тапсырыс беріп қойған. Көбікті по­ли­мер  яғни, поролон  жұмсақ жиһаз ғана емес, ойыншық өндірісінде де таптырмас материал.

Жаңа  зауыттың тағы бір артықшылығы – қалдықсыз  жұмыс істейді. Құны  82 млн теңгелік бұл жоба индустириялық-иннова­циялық  даму бағдарламасы аясында жү­зе­ге асырылған.

«Южпромснаб» серіктестігінің  директо­ры  Светлана Зоткина: «Поролон өндірісіне қажетті  химиялық қоспаларды   Ресейден са­тып  алмақшымыз. Өйткені елімізде  хи­мия өндірісі  тұралап тұр. Қондырғыларымыз да Ресейде  шығарылған»,  – дейді. Зама­науи  тех­нология  қол күшін аса қажет етпейді. Со­н­­­­­дықтан  жаңа  зауытқа небәрі он адам ғана жұмысқа алынды. Өндіріске  жұмсал­ған қаржы екі жылда  толық  қайтарылуы тиіс.

Ақтөбеде  биыл  индустриялық-инно­вация­лық даму бағдарламасы аясында 19 ж­о­­­­ба қолға алынған болатын. Бүгінге де­йін со­­ның  10-ы іске қосылды. Поролон па­рақ­­ша­ла­рын шығаратын зауыт соның бірі.




Көрілген: 1679    Пікірлер: 0

жұма, 18.11.2011, 11:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30