Тәуелсіздік айнасы

Әлем саясаткерлерінің Елбасы туралы лебіздері



Жак ШИРАК, Франция Республикасының Президенті:

– «Мен әрқашан біздің кездесулерді соншалықты сүйсіне еске аламын. Франция 1991 жылдан бергі Қа­зақстанда болған өзгерістерді маңызды және ше­шу­ші ретінде бағалайды. Сіздің еліңіз мемлекет құры­лысының қайтып айналып келмейтін жолына түс­ті, ал ол өзінің ұлттық құндылықтары мен ежелгі тари­хы­на деген сенімділігімен қа­тар, демократияның жал­пы­адам­гершілік қағидаттары мен құқықтық мемлекеттің жо­лын қуатынын мәлімдейді. Қазақстан тұрақты институттары және серпінді эконо­ми­касы бар елге айналды.

Сондай-ақ ол өңірлік және халықаралық деңгейлердегі жауапкершілікті се­зі­не­тін әлемдік қауымдастықтың мүшесі болды, мұның өзі Сіздің көптеген бас­та­ма­ла­­ры­ңызды айғақтайды, соның ішінде АӨСШК-ні шақыру жөніндегі, діндер мен мә­де­ниет­тер арасындағы диалогты дамыту жөніндегі, бұлар жөнінен Франция қа­шан­да ынтымақтастығын білдіреді. Қазақстан айтарлықтай жолдан өтті, оған ол шын мә­нінде мақтана алады.

(Н.Назарбаевқа хаттан, наурыз, 2005 ж.)




Ариэль ШАРОН, Израильдің экс-премьер-министрі:

– Жоғары мәртебелі Президент Нұрсұлтан Назар­баев! Халықаралық қауымдастық үшін маңызды са­ғат­та, Сізді экстремизм мен терроризмнің барлық ны­сан­дарымен кү­рес жолын ұстануыңызды қуаттау мақ­сатында өңірдің көшбасшыларын бірге жинап ала ал­ғаныңыз үшін қошеметтеймін.

Сіздің әртүрлі діни сенімдегілер арасында диалогты қолдау жөніндегі жеке күш-жігеріңіз, діннің дау-жанжал емес, бітімгершілік жолына қойылатындығына үміт ар­туға негіз береді. Біз қараңғылық күштеріне қарсы күресте бірігуге батыл бел бай­ла­уы­мызбен өз елдеріміз үшін және біздің ұрпақтарымыз үшін жақсы болашақты ке­піл­ден­діруді қалаймыз.

(Құттықтау жеделхатынан, 13 ақпан, 2003 ж.).




Ислам КАРИМОВ, Өзбекстан Республикасының Президенті:

– «Өзбекстанда Сізді Қазақстан тарихындағы өзге­ріс­ті кезеңде саяси, эко­но­ми­калық және әлеуметтік ре­фор­­малар үдерістеріне басшылық жасаған көрнекті мем­­ле­кеттік қайраткер ретінде біледі.

Өзбекстанда Сізді өзбек-қазақ қарым-қатынасының серпінді дамуына қосқан үле­сін дәріптемеу мүмкін емес, біздің халықтың шынайы досы ретінде біледі.

Біздің мемлекеттер мен халықтардың қарым-қа­ты­на­сы қашанда тарихымыздың, ті­ліміздің және дініміз­дің жақындығына негізделді. Біз ғасырлар бойы қатар өмір сүрдік, өмір сүреміз де және мәңгі бірге өмір сү­ре­тінімізге сенімдімін. Біздің ха­лық­та­рымыздың ерік-жі­гер­лері, армандары мен ой-ниеттері жан-жақты өзара тиімді қа­рым-қатынасты да­мыту үшін сенімді іргетас бола алады.

Өткен жылдар біздің ортақ мақсатымыз бейбітшілікті, тұрақтылықты және өңірлік қа­уіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған серіктестігіміздің Өзбекстанның да, және Қа­зақстанның да мүдделеріне жауап беретіндігін көрсетті».

(Құттықтау жеделхатынан, 4 шілде, 2000 ж.).




Эмомали РАХМОНОВ, Тәжікстан Президенті:

– «Ашықтық, шынайылық,тартымдылық және адам­сүй­гіштік – мұның барлығы да Нұр­сұлтан Әбішұлына тән қасиеттер. Қазақ халқының, елдің халықтардың та­рихтың алдындағы өзінің жоғары жауапкершілігін се­зінушілік сезімі оны ешқашанда тас­та­майды. Ұлы ұйым­дастырушы Қазақстанды посткеңестік кеңістіктегі да­мыған мем­ле­кеттердің біріне айналдыра алды. Қа­зақстанның әлеуметтік-экономикалық сала­да­ғы та­быс­тары үлгі аларлық. Тек шынайы көшбасшы ғана мұндай нәтижелерге жете ала­ды, бұл орайда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз көшбасшысы. Ол ТМД-да­ғы және халықаралық қауымдастықтағы беделді саясаткерлердің бірі болып ла­йықты саналады.

(«Казахстанская правда» газетіндегі сұхбаттан, 6 қазан, 2004 ж.)




Ильхам ӘЛИЕВ, Әзірбайжанның Президенті:

– Қазақстан Басшылығының өңірдегі бейбіт өзара іс-қимылға бағытталған дә­йек­ті де дана саясаты, көп жағдайда онда қауіпсіздікті сақтауға ықпал жасайды. Қа­зақстан әлеуетін мүмкіндігінше арттыру арқылы қуатты елге айналды. Сондықтан оның өңірлік сипаттағы мәселелерді шешудегі рөлі мен мәні арта түседі, және бұған біз тек қуанатын боламыз».

(Қазақстанға мемлекеттік сапар барысында баспасөз-мәслихатында сөйлеген сөзінен, 1 наурыз, 2004 ж.)




Михаил СААКАШВИЛИ, Грузия Президенті:

– Біз үшін Сіздің елмен көпқырлы және өзара тиімді қарым-қатынастарымызды дамытудың қаншалықты маңыздылығын айта отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы тағы да бір рет Грузияның Сіз сияқты сенімді досы және серіктесі бар екендігіне қанағаттанарлық сезімімізді білдіре кетсем деймін. Қазақстан ойдағыдай жүріп өтті және бүгіндері өсімнің таң қаларлық қарқынын көрсетуде. Бұл – сіздердің тарихтарыңыздың алтын кезеңі. Одақтық мемлекеттің ыдырауы алдында бұрынғы кеңестік республикалардың арасындағы халықтың тұрмысы бойынша соңғы шептердің бірін алып келген ел, бүгіндері көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша сенімділікпен көшбастауда. Қазақстанның табыстарын Н.Назарбаевтың саясатымен байланыстырамын. Өз елін немерелері мен шөберелерінің игілігі мен үлкен жетістігіне айналдыратындай қылып құру үшін 100-200 жыл алға көз жіберетін адамдар бар.

(Н. Назарбаевпен келіссөз аяқталғасын баспасөз-мәслихатында сөйленген сөзден, Астана, 31 наурыз 2005 ж.)




Көрілген: 2723    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.12.2011, 11:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30