Тәуелсіздік айнасы

Әлемдік дін көшбасшыларының ел мен Елбасы туралы лебіздері




Сэмюэль Кобиа, Дүниежүзілік шіркеулер кеңесінің бас директоры:

– Алдымен, елеулі тарих пен әлемдік мә­дениеттер мен діндер тоғысында орналасқан Қазақстан атына тәнтілік сөздер айтқым ке­леді. Бүгінгі күні ол мұсылмандар мен хрис­тиандардың үлкен қоғамының, сондай-ақ өкілдері өз храмдарына барып, өз діндерін еркін де бейбіт жүргізгілері келетін өзге діни қоғамдастықтардың үлкен санының бас­па­на­сы болып табылады.





Йон Мецгер, Израильдің Бас Ашкеназий Раввині:

– Еврей дәстүрі бойынша сені қонақ қып күтіп отырған адамға құрмет білдіру керектігі айтылады. Мен осы съездің, сондай-ақ Сіздің бастамаңыз бойынша өтіп келе жатқан барлық съездерге басынан қатысып келе жат­қандардың бірімін. Мен бірінші де, екінші де съездерге қатыстым, міне, үшін­ші съезге де келіп отырмын және әр сапарым сайын шын көңілден таңғаламын. Бәрінен бұрын, Президент мырза, мен сіздің даналығыңызға таңғаламын. Сіз – әлем адамы, 100-ден астам ұлт өкілдері және жүздеген түрлі ой-тұ­жы­рым­да­ры тұрып жатқан үлкен мемлекетті басқарып отырсыз. Осы адамдардың бар­лығы Сіздің кемеңгер басшылығыңызға орай бауырластық және достық қа­лыпта өмір сүріп жатыр. Сіз осы Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдегі бей­бітшіліктің белгісі болған, бейбітшілікке деген нағыз көпір бола білдіңіз.





Ишмаэль Ноко, Дүниежүзілік Лютеран Фе­де­ра­ция­сының бас хатшысы:

– Қазақстан Үкіметі мен халқы біздерді осы жерге жи­нап өзінің елеулі үлесін қосты, біз оларға осы ісі үшін ал­ғысымызды білдіруіміз керек. Менің ойымша, жадты та­зарту, сенім жемісін жинау үшін конгресс жалғасын та­буы керек және қарапайым жолдаулардан елеулі іс-қимылға көшуі тиіс деп ойлаймын. Сол кезде ғана Қазақ­стан Үкіметі мен оның халқының үлесі бейбітшілік ісіне дивидендтерін әкелетін болады. Мен келесі пікір­та­лас пен талқылауларды асыға күтемін. Бүкіл әлемде бейбітшілік үшін дінаралық келісім мен ынтымақтастық атында жұмысты күшейтейік.





Равиль Гайнутдин, Ресей Федерациясы Мүф­ти­лер кеңесінің төр­ағасы:

– Бүгінде Қазақстан жерінде барлық діндер мен кон­фессиялар өкілдерінің құқықтары толықтай қор­ғалып келеді. Қазақстандағы ұлт­аралық келісім идеясы – Ресей мұ­сылмандарына да жақын бас­та­ма. Се­бебі осындай келі­сімнің негізінде ғана ұлттар мен ұлыстар өзара дос­­тық қарым-қатынаста өмір кешіп, басқа діндердің да­муына барлық жағ­дай жа­салады. Бүгінде біздің дін­деріміздің тыныштығы мем­ле­кет­те­ріміздегі тұрақ­ты­лықтың негізі болса керек. Қазақстан жері – әлемдік дін­дер мен кон­фес­сиялардың өзара ынтымақ пен бір­лікте тіршілік етіп отырған жері.





Шейх Абдалла бен Абдель Мухсин АТ-ТҮРКИ, Бүкіләлемдік ислам лигасының бас хатшысы:

– Бүкіләлемдік ислам лигасы бұл кездесу әртүрлі діндер арасында өзара тү­сіністік орнауына үлес қосады, ал съезге қатысушылар өз кезегінде осы тү­сі­ніс­тікті бүкіл әлемге, өз діндарлары мен халықтары арасында таратады деп үлкен үмітпен күтіп отыр. Бұл дінімізді оны өздерінің қарау мақсаттарына, материалдық пайда табу көзі, жеккөрініш пен жаулық көзқарасты жаю құралы, сондай-ақ зор­лық-зомбылық пен лаңкестікті ақтап алудың амалы ре­тінде пайдаланғысы келетіндерден қорғау үшін қажет. Шын мәнінде, Ал­лаһ жіберген дініміз күнәһар нәпсі-ниеттерді ауыз­дықтау, адамдардың бойына әділеттілік, қайырымдылық және сүйіспеншілікті да­рыту үшін бе­ріл­ген. Жоғары жылдамдықты ком­му­ни­ка­ция­ларға иек артқан, ел­дердің кірі­гуімен, шекаралардың жойылуымен ерек­шеленетін біздің за­ма­ны­мызда адамзат санасын билеуші ойшыл тұлғалардың әр алуан діндер мен мә­де­ниет­­­тер арасындағы оңды ынтымақтастық түрлері ту­ралы сындарлы ұсы­ныс­тар ұсы­нуы талап етіліп отыр. Бұл съезд – соған жауап табу үшін қолайлы үн­қатысу ор­ны.





Махмуд Хамди Закзук, Египет Араб Респуб­ли­ка­сының дін істері министрі:

– Осы съездің және оның алдындағы екеуін дайын­дау­дағы жұмсаған күш­теріне алғысымды білдіре келіп, дін өкілдері қатысқан Астана қаласындағы бірқатар кездесулер тә­­жі­рибесі арамыздағы достық және бауырластық қа­ты­нас­­тар орнатуда үлкен үлес қосатынын атап кеткім келе­ді.

Келесі кезеңде негізгі көңіл олар арқылы бүкіл әлем­де біз бен біздің ізбасарларымыз арасындағы ор­нық­қан игілікті ат­­мос­фераны, барлығымызға ортақ бо­лып та­былатын әлем­дегі бар­лық халықтар арасында бей­бітшілік ор­натуға бо­ла­тын­дай ба­рынша тиімді тетік­тер мен құ­рал­дар талқылауға ар­на­латын бо­лады деп үміттенемін.





Көрілген: 2122    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.11.2011, 10:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31