Тәуелсіздік айнасы

«Әскерге бару парызым деп білемін!»

Ельдар орта арнаулы оқу орнында алған білімін жоғары оқу орнында жетілдіріп жат­қан еді. Жуырда ол әскерге шақырылды. Жас жігіт алдағы көктемде әскерге аттанып, студенттік өмірін Отан алдын­да­ғы борышын өтеп келген соң жалғастыратын болып шешті.




Ельдар 1991 жылдың 16 жел­тоқ­са­ны күні Ал­маты об­лы­сы­ның Жам­был ау­да­нын­дағы Фаб­рич­­ный елді ме­кенінде дү­ние­ге келді. От­ба­сын­дағы тұң­ғыш бала қазақ хал­қы­­ның тари­хын­­дағы ең айтулы күні туыл­ды. Ата-анасы – қарапайым көлік жүр­­гізушісі Дидар мен зейнетақы қорының қыз­меткері Айнұр бұл сәйкестікті Жара­ту­шы­ның сыйы деп қабылдады. Ельдар Фаб­ричный орта мектебінде, кейін Алматы қаласындағы №59 орта мектепте оқыды. Ұстаздары өреннің математика пәніндегі айрықша қабілетіне риза болатын. Ельдар 9-сы­нып­ты аяқтаған соң Алматы көпсалалы тех­ни­ка-экономикалық колледжінде бағ­дар­ламалаушы мамандығы бойынша кә­сіби білім алды. Содан кейін Алматы тех­но­ло­ги­я­лық университетіне осы мамандық бойынша оқуға түсті. Қазір университетпен бірге Қорғаныс министрлігінің Алматыдағы әскери-техникалық мектебінде оқып жатыр. 20-ға таяған жігіт алдағы көктемде әскерге аттанбақшы.

Ельдар Бейсембаев, Алматы тех­но­ло­гия­лық университетінің 2-курс студенті:

– Әскерге барып, өз борышымды абы­роймен өтегім келеді. Содан кейін оқуымды жалғастырып, терең мең­гер­ген мамандығым бойынша жұмысқа орналассам деймін. Еліме адал қызмет еткім келеді. Менің Тәуелсіздік күні туыл­ғаным тегін емес деп есептеймін, соны мақтан тұтамын. Еліміз жайнай берсін! 2030 жылға дейін-ақ Қазақстан әлемнің мықты мемлекеттерінің көш­бас­шысына айналатынына сенімдімін!




Көрілген: 2685    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.11.2011, 10:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30