Тәуелсіздік айнасы

Автокеруен алыстағы ауылдарға аттанды

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы һәм облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Ауылым – алтын бесігім» акциясы аясында бір топ өскемендіктер мінген автокеруен Глубокое, Шемонаиха, Қатонқарағай аудандарына аттанды. Әрине, олар той тойлап, ішіп-жеуге бара жатқан жоқ. Азаттықтың алтын күрек желі ескен 20 жылдағы жеткен жетістіктер мен толағай табыстарды ауылдағы ағайынға насихаттамақ.

– Жыл бойында әр сенбіде барлық аудандардың делегациялары бірінен кейін бірі біздің қаламызға келіп, ортамызды ән мен күйге бөлеп, жәрмеңке өткізіп  жатыр. Сол жәрмеңкелердің арқасында біздің қаланың халқы азық-түліктермен қамтама­сыз етілді. Облыс әкімінің  бастамасымен бүгін, міне, облыс аудандарының ауыл­дарына біздің қаламыздан денсаулық сақтау, білім, мәдениет, өнер салаларының мамандары бара жатыр, – деді Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішев автокеруен­дерді шығарып салу рәсімінде.

Ислам Әбішевтің айтуынша, аталған аудандарға аттанған автокеруен құрамын­дағы өскемендік білікті мамандар Тәуел­сіздік жылдарындағы Өскемен қаласының жетістіктерімен таныстырып, ауылдық ай­мақтардың даму жағдайына жете қанығып, жинақтаған тәжірибелерімен алмасады. Ауыл тұрғындарымен кездеседі. Дәрігерлер ауыл тұрғындарын қабылдаса, педагогтер мектептерде жергілікті мұғалімдермен бірлесіп, шеберлік сабақтарын өткізеді. Бұған қоса, өскемендік өнерпаздар ауыл­дар­да концерт қояды.

Түсіпхан ТҮСІПБЕКОВ, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

– Біздің облыста ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 12 мыңнан астам іс-шаралар өткізіліп, оған 3 мил­лионнан артық адам қатысты. Соның бірі де бірегейі – «Ауылым – алтын бесігім» акциясы. Бұл акция үш жыл бойы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен өткізіліп келеді. Бүгін міне, осы акция аясында Семей мен Өскемен қалаларының делегациялары ауылдардың тұрғындарына сан салалы қызмет көрсетуге  аттанып бара жатыр.




Көрілген: 2565    Пікірлер: 0

жұма, 18.11.2011, 11:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30