Тәуелсіздік айнасы

Банкнотқа арналған бағалы қағаз шығаратын зауыт салсақ...

Күнделікті қажеттілігімізді өтеп отырған ақша банкноттарын жасап шығару – шығынды аса көп қажет ететін салалардың бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзіміздің төл теңгемізді шетелде шығарғанымыз белгілі. Төл валютамыздың түп тарихын терең білетін қаржыгерлер мен суретшілердің айтуынша, ең алғашқы теңгемізді дайындау ісі өте құпия түрде жүргізіліпті. Оны қайда шығарамыз дегенде таңдау әр елге түскен. Ақша басып шығаратын зауыттардың бәрі де сараптаудан өтіпті. Ақыры таңдау Ұлыбританияның «Харрисон және оның ұлдары» фабрикасына түскен.

Бұл кәсіпорынның 400 жылдық тарихы бар, атағы дүниежүзіне мәшһүр. Төл тең­ге­мізді осы өндіріс орнында басып шығару бақыты бұйырған. Тәуелсіздігімізді енді алып, тәй-тәй басқан жылдары, расында, елі­мізде ақша басып шығаратын фабрика болған жоқ. Елімізде екі жерде ақша сақ­тай­тын қойма бар. Оның бірі – Солтүстік Қазақ­станда, екіншісі – Таразда. Техни­ка­лық мүмкіншілігінің молдығынан алғашқы тең­ге Тараз қаласына тасымалданған.

Ақша басып шығару машақаты – өте қиын шаруа. Оған қаржыгерден бастап, суретшіге дейін бірнеше маман жылдар бойы тер төгеді. Дүниежүзілік валюта тарихына үңілсек, банкнот жасап шығаруға екі жыл уақыт кетеді екен. Ең ұзақ дайын­далған купюра ретінде ағылшын фунты та­рихта қалған. Оны жасап шығаруға алты жыл уақыт кетіпті.

1992 жылы теңгенің эскиздері са­лы­нып, бекітілген соң, әр номиналдан қанша бан­кнот қажеттігін нақтылау мәселесі туын­даған. Отандық валюта нарығында ешқандай тәжірибесі жоқ қар­жы­гер­ле­рі­міз­ге, әрине, шетелдік мамандардың кө­мегі қажет болған. Ең әуелі британдық эко­но­мист Пейн көмек қолын созыпты. Қаржы саласында бірнеше жылдық тәжірибесі бар экономист маман еліміздің өнеркәсібі мен географиясымен, жалпы қажетті мә­лі­меттердің бәрімен танысып шыққан соң, қанша номинал қажеттігін есептеп беріпті. Мамандар ағылшын ғалымының берген есебін тексермек болған ғой. Есепке жүйрік экономистің бағасы «5» болған, берген мә­лі­меті тұп-тура шыққан. Әуелгіде қар­жы­герлеріміз 25 купюралық банкнот шы­ғарсақ деген ниетте болған екен, ағылшын қар­жыгері оның орнына 20 теңгелікті шығаруды ұсыныпты.

Еліміз үшін меншікті валюталық бірлік енгізу барлық жағынан көптеген мүмкіндік ашып берді. Теңгенің қорғаныс күші, басқа да материалдық құрамдары халықаралық стандарттық талаптарға толық жауап бере алады. Өте сапалы жасалған. Араға бір­не­ше жыл салып оның қорғаныс қабілетін арттыруға бір жаңалық енгізіліп тұрады. Жуырда Өзбекстанда банкнотқа арналған шикізат шығаратын целлюлоза зауытын са­лу жоспарлануда. Бұл әзірге бүкіл Орта Азиядағы жалғыз өндіріс орны болмақ. Әрине, мақтануға тұрарлық-ақ жағдай. Тең­десі жоқ зауыт бұдан басқа да химиялық өнім мен жоғары технологиялық «Лиоцел» тал­шығын шығаратын болады. Бұл ақша және бағалы қағаздар шығаратын өндіріс орны болмақ. Бұл – корейлік Daewoo International және Komsco-Global Komsco Daewoo корпорациясымен бірлескен жоба. Алғашқы капитал 11 млн долларды құрап отыр. Өндіріс орнын қаржыландыруға ин­вес­торлар 35 млн доллар салған. Зауыт Фран­ция мен Германиядан жеткізілген заман­ауи құрылғылармен жабдықталады. Оның өндіріс қуаты жылына 20 тоннаны құ­рамақ. Шығарылған өнімнің 90 пайызы экспортталатын болады. Оның басым бө­лігі Кореяға кетеді. Иә, ең қажетті шикізат шы­ға­ратын мұндай өндіріс орны елімізге де аса қажет-ақ. Ішкі сұранысты өтеуге де, сырт­қа сатуға да толық мүмкіндік болары сөз­сіз...



Ақша-тарих

Ақша тарихын зерттейтін ғылым саласын нумизматика деп атайтыны белгілі. Өз алдына дербес ғылым ретінде ХVIII ғасырда қаланған. Оның негізін салушы – И.Эккель. Әу баста ақшаның не екенін білмейтін ерте заманда оның рөлін әртүрлі заттар атқарғаны белгілі. Мысалы, ертедегі гректерде, славян, моңғолдарда – мал, ежелгі Русьте – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда тұз атқарған. Ал біз­дің ата-бабаларымыз ақшаның орнына қойды пайдаланған. Кейінірек ақша рөлі күшейіп, ол түрлі металдардан жа­са­ла бастады. Әсіресе алтын, күміс сынды құнды металдардың бағасы арта түсті. Елі­міз­де металл ақша орта ғасырларда пайдаланылғаны түрлі археологиялық қазба жұ­мыс­тары кезінде белгілі болған. Оты­рарда ақшаның құйылғаны туралы 1967 жылы Самар­қанд қоймасы ашылған соң анықталған. Осы қоймадан Х ғасырдағы Фараб теңгелері табылған. Біздің заманымызға дейінгі 704-706 жылдары Таразда арнайы теңгелер құйылып, ай­налымға енгізілген деген деректер бар. 1271 жылы алтын ақша ор­нына күміс ақ­шалар көбірек қолданысқа енгізілген. Бұл күміс шақалар Тараз, Кенже қа­ла­ла­рында шыңдау әдісімен әзірленген. 1922 жылдан бастап Кеңес Одағында қағаз ақша шығарыла бастағаны белгілі.



Теңге-тарих

Елімізде Ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақ­стан теңге сарайы бар. 1994 жылы Теңге сарайы құрылды. Оған дейін ол Үлбі ме­таллургиялық зауыты болатын. Кәсіпорын Швейцария мен Германиядан әкелінген жо­ғары технологиялық жабдықтармен жарақталған. Теңге сарайы әлем­дегі алдыңғы орын­дағы монета сарайларымен қатар, алтын мен күмістен жоғары сапалы металл ақ­шалар да шығарады. Төл теңгеміздің әлемдік стан­дарттарға сәйкестігін жыл сайын Швей­царияда өтетін монета сарайларының көрмесінде сарапшылар сараптаудан өт­кізіп тұрады.





Көрілген: 2045    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.11.2011, 11:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30