Тәуелсіздік айнасы

«Баспа ісін дамытуға үлесімді қосамын!»

Осыдан 10 жыл бұрын еліміз­дің әр аймағында 1991 жылы Тәу­ел­сіздік күні туған өрендердің ба­сын қосқан мерейтойлық ша­ра болған еді. Айнара Нұрғо­жае­ва – сондай құрметке ие бол­ған­дардың бірі. Бойжеткен келешекте баспа өнеркәсібі саласының маманы болуды мақсат етеді.

Айнара Жұмақадірқызы Алматы облысы Райымбек ауданының Сарыбастау ауылында дүниеге келді. Ол – бүгінде зейнет жасындағы Жұмақадір Нұрғожаев пен Кемелхан Манасованың бес баласының кенжесі. Ата-ана кенже қыздың Тәуелсіздік алған жылы, Тәуелсіздік алған күні туға­нын Жаратқанның сыйы деп біледі. Айна­раның айтуынша, әке мен шеше оған қай кезде де тек үлгілі болуды үйретті. Тә­уел­сіздіктің түйдей құрдасы Сұраншы Сау­ран­баев атындағы орта мектепті жақсы бағамен тамамдады. География, физика пәндерінен оқу үлгерімі жоғары болды. Спортты жақсы көрген қыз волейболдан аудан­аралық жарыстарға талай рет қа­тысқан. Қазір ол Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің А.Бүркітбаев атындағы өнеркәсіп инжене­риясы институтында полиграфия маман­дығы бойынша білім алып жатыр.




Айнара Нұрғожаева, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенті:

– Тәуелсіздікпен құр­дас екенімді ең ал­ғаш 10 жасымда сезі­ніп, сон­да бойымды ер­ек­ше күй билеген еді. Бү­гінде біз еге­мендік әкелген жетістіктерді көріп отыр­м­ыз. Еліміздің келешегі жарқын бола­ты­ны­на сенемін. Қазақстанның әле­м­нің алып мемлекеттерінің қатарына ене­тіні сөз­сіз. Елімізде тыныштық, бейбіт­шілік бол­сын!




Көрілген: 2344    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.11.2011, 11:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30