Тәуелсіздік айнасы

«Брандо» – бірегей отандық кәсіпорын

  • «Брандо» – бірегей отандық кәсіпорын

    «Брандо» – бірегей отандық кәсіпорын

Бұған дейін сырттан әкелінетін медициналық құрал-жабдықтар енді өз елімізде шығарылып жатыр. Мысалы, бір реттік шприц. «Фармация» компаниясы бір реттік шприц үшін бөтенге алақан жаймай, Атыраудан алатын болды. Сол арқылы еліміздегі барлық медициналық мекемелер шприцпен толық қамтылмақ. Ал бұған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Атырау облысында ашылған «Брандо» зауыты мүмкіндік береді. Облыстық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асып жатқан бұл жоба Атырауға келген сапарында Елбасы Н.Назарбаевтың да жоғары бағасына ие болған еді.

Зауыт өткен жылдың жазында пайда­лануға берілген болатын. Бір жылдан жаңа асса да, бүгіннің өзінде бұл мекеме алға қойған мақсатына табандылықпен қол жеткізіп келеді. Қазір зауыттың екінші кезе­ңіне дайындық жүріп жатыр. Құрылыс-мон­таждау жұмыстары қызу үстінде. Қа­жетті қондырғылар алынды. Жыл соңында жүзеге аспақ жоба бір реттік шприц жасау қуатын арттыруды көздейді. Бұл жұмыстар жүзеге асқан жағдайда брандолықтар жылына 250 миллион дана шприц шыға­рып, тек облыстағы медициналық мекеме­лерді ғана емес, көршілес аймақтарды да отандық өніммен қамтамасыз ететін болады. «Брандо» ЖШС-нің коммерциялық директоры Аслан Қабдуллиннің айтуынша, отандық шприц құны Түркия, Еуропа, Ресей елдерінен әкелінетін инелерден едә­уір арзан. Мысалы, Германияда жасалған 5 мл-лік шприцті дәріханадан 15 теңгеге са­тып алатын болсаңыз, Атырауда жасал­ған осындай өнімнің өзіндік құны 10 тең­гені құрайды. Құны 6 миллион АҚШ дол­ларын құрайтын инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті шикізаттар Корея, Бельгия, Ресей елдерінен әкелінген. Ол шикізаттар алғашқы сатыда арнайы ап­па­рат­пен өңделеді. Одан соң шприцтің қалы­бына салынып дайындалған өнімді маман­дар микроскоппен тексеріп, жарамды бол­са ғана жинақтау цехына жібереді. 3,5,10,20 грамдық шприцтер барлық бөл­шектері құрастырылған соң, залал­сыз­дандыру мәшинесінде 10 сағат сақталады. Толық автоматтандырылған өнім өндіру үдерісі халықаралық сапа сертификат­та­рына сәйкес атқарылады. «Жергілікті ма­мандарды жұмысқа тартып, біліктіліктерін арттыру мақсатында алты қызметкерімізді Кореяға оқуға жібердік, – дейді «Брандо» ЖШС-нің коммерциялық директоры Аслан Қабдуллин. – Зауытта өнім өндіру, басқару тәсілдерінің технологияларын меңгеріп келген олар енді осындағы мамандарды үйретіп жатыр». «Брандоның» ісін алға басқызып жатқандардың бәрі де жергілікті жастар екенін баса айтып өтелік. Әзірге «Брандодағы» бір мәселе – шприц шы­ға­ру­ға қажетті шикізат – полипропиленнің біздің елімізде өндірілмейтіні. Оны шетел­ден тасымалдап отырмыз. Ал Атыраудан полипропилен шығару жобасы әзірге жолға қойыла қойған жоқ. Халықаралық сапа талаптарына толық сай келетін бір реттік шприцті тек елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелдерге шығару да қолға алы­на­тын болады.

Тағы бір жаңалық, зауытта бір реттік шприцтермен қатар, инфузиялық ерітінді­лерді құюға арналған системалар мен медициналық қолғаптарды шығару да жос­пар­ланып отыр. «Жаңа зауыт жылына 200 миллион медициналық қолғап пен 30 миллион система шығаруды мақсат етеді. Жалпы құны 2 млрд 500 млн теңгені құ­райтын жобаға қажетті жабдықтар Оңтүстік Кореядан әкелінді. Ал қолғап жасайтын табиғи каучук Малайзиядан, Индонезиядан тасымалданады. Бір реттік шприцтер секілді, қолғаптар да елімізде алғаш боп Атырауда шығарылғалы отыр. Жаңа жыл­дан бастап іске қосылатын зауыт­та 250-ден астам маман жұмыс жасайтын болады», – дейді А.Қабдуллин.

Ал жалпы облыста жыл аяғына дейін жалпы құны 17 миллиард теңгелік он инвестициялық жобаны іске асыру күтіліп отыр. Бұл өңірде тағы да 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беруімен қоса, ел дәулетін еселей түсетіні анық.




Көрілген: 2609    Пікірлер: 0

жұма, 18.11.2011, 11:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30