БҰДЖ бағдарламасы – еліміздің медицина саласындағы ең ірі бағдарламаның бірі
Гүлнар Төлеутаева, Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасы директорының орынбасары:

– Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі баршаға аян, тәжірибеге 2010 жылдың қаңтарынан бастап енгізілді. Жүйе қабылданбас бұрын нормативтік-құқықтық база сәйкестендірілді. Сонымен қатар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс, «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін ұсыну мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданып, ҚР Бюджет кодексіне өзгертулер енгізілді және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» ҚР Заңына, Үкімет қаулылары мен Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына тиісті толықтырулар енгізілді. Бұл бағдарлама – еліміздің медицина саласындағы ең ірі бағдарламаларының бірі.
Кепілдендірілген медициналық қызмет түрлерінің қолжетімділігі артып қана қоймай, оның халыққа ыңғайлы әрі тиімді болуын қамтамасыз етті. Бір айта кетерлігі, бағдарлама бойынша тегін медициналық көмекті қаржыландыру механизмін қалыптастыру 2010-2015 жылдары жүзеге асуы керек болса, ол өз жемісін бере бастады. Тағы бір алға қойылған келелі мақсат 2016-2020 жылдар аралығында азаматтардың жауапкершілігін арттыру мен дамыту кезеңі болмақ.
Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның, соның ішінде отандық медицинаның таңдауының, бағыт-бағдарының дұрыс екендігін көрсететін бағдарлама.