Тәуелсіздік айнасы

Демографиялық даму – Тәуелсіздіктің арқасы

Абай ОМАРОВ (коллаж)


Ресей патшалығының озбыр саясатының тауқыметін көрген  қазақ ұлты кеңестік кезеңде де небір нәубетті заманды бастан кешті. Ұлттың негізгі бөлігі­нен айырылған өткен ғасырдың 20-30-жылдарындағы ашаршылықтың өзі – том-том зерттеулерге арқау болар тақырып. Қанды репрессия, кеңес әскері бес жыл қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыс, 50-жылдардағы тың және тыңайған жерлерді игеру деген желеумен Кеңес өкіметінің орыстандыру саясаты қазақ ұлтының өсімін айтарлықтай тежеді, тіпті халық санын едәуір қысқартып жіберді. Зерттеушілердің айтуынша, осындай түрлі зауалдардың салдарынан Қазақстандағы қазақ ұлтының саны 30 пайызға дейін азайып кеткен...

Азаттық алған еліміз қоғамның барлық сала­ларында батыл әрі нақты шешім қабылдай бас­тады. Тиімді саяси шешімдер арқылы мем­ле­кеттің құрылымын, экономикалық шешім­дермен халық­тың әл-ауқатын көтеруді мұрат еткен жас мемлекет қауқарлы болуы үшін демографиялық саясатты да ескеруді естен шы­ғар­ған жоқ. Қазақ елінде 1989 жылғы халық санағында 16 млн 199,2 мың адам тiр­кел­ген. Алайда 1999 жылғы халық сана­ғына де­йін Қа­зақстан халқы 1246,1 мың адамға азай­­ды. Мұ­ның басты себе­бi  бұрын қуғын-сүр­гiнге ұшырап, қазақ жерiне көшiрiлiп қоныстан­дырыл­ған өзге ұлт өкiлдерi­нiң, әсiресе орыстар­дың, украин­дердің, немiс­тердiң, Кавказ халық­та­ры­ның т.б. өз атамекен­дерiне көшiп кетуi болды. 

Ұлы көш «Нұрлы көшке» ұласты

Тәуелсіздік жылдары ішінде ел демография­сының белгілі бір деңгейде дамығанына көз жеткізу қиын емес. Демографиялық дамуға себеп болған бірнеше жағдайды айта кетсек. Біріншіден, 1991 жылдан бергі статистиканы алып қарасақ, Тәуелсіздік алған алғашқы жылда­ры еліміз аумағынан өзге ұлт өкілдері көшіп кет­ке­ні­мен, олардың орнын алыс-жақын шетелдер­ден оралған қандастарымыз толықтырды. Сөз жоқ, арнайы квоталар беру арқылы қандас­тары­мызды елге қайтару, сол арқылы демографиялық дамуды қамтамасыз етуіміз – Тәуелсіздіктің арқасы. Бұл Президент Н.Назарбаев айтпақшы, «Дұшпанды күйіндірген, досты сүйіндірген» құтты көш болды. Ел болып етек-жеңімізді жинағаннан кейін «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, шетелдегі қазақ­тарды тарихи Отанына тарту жұмыстары жал­ғасты. Шетелдегі қандастарымызбен байланысты үзбей, елге келудің түрлі жолдарын да ұсынып тұрамыз. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан төрт рет Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын өткізді. Биыл Астанада ұйымдастырылған құрылтайда Елбасы: «Бізді бүгін осы салтанатты ғимаратқа ортақ ниет, ортақ мақсат жинап отыр. Ол – елдіктің жайы, ел болудың қамы. «Ер қонысынан айырыл­са, ел ырысынан айырылады» дейді дана хал­қымыз. Ен даланы еркін жайлаған бабаларымыз қашанда Ел деген ұлы ұғымды Құрандай қастер­леп, ұрандай ұстанып келген. Бостан күндер бас­тан ауып, бодан күндер басқа түскен кер заманда да еркіндік пен елдіктен еш уақытта үмітін үзбеген. Баршаңыз білесіздер, бүгінде жер жүзінде мыңда­ған ұлттар ғұмыр кешуде. Алайда өзінің тәуелсіз мемлекетін құру олардың бәріне бірдей бұйырма­ған. Алып планетадан туын тігер алақандай төбе таба алмай жүрген халықтар қаншама!» – деп, шетелдегі қандастарымызға олар үшін тарихи Отаны – Қазақ­станның қашанда құшағы ашық екенін жеткізді.

Сапалы медицина – табиғи өсімді арттырудың кепілі

Екінші бір себеп – ұлттық медицинаға көңіл бөле бастағанымыз. Ал бұл өз кезегінде қазақ­стандықтардың орташа өмір сүру жасының өсуіне, өлім-жітімнің азаюына септігін тигізді. Нақты дәлелдер мен нәтижелер де жоқ емес. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми статис­тикасына көз жүгіртсек, соңғы бес жыл ішінде қан айналымы ауруынан болатын өлім-жітімнің саны шамамен төрт есеге қысқарған. Бұл көрсет­кіштерден бүкіл әлем болып күресіп жүрген қатерлі аурулармен нақты күрес жүргізіліп жатқа­нын аңғаруға болады. Оған қоса, Қазақ­стан­да ана өлімі 1,5 есеге, нәрес­телердің шеті­неуі 15 па­йызға азайғаны туралы нақты деректер де бар.

Халық өсіміне әлеуметтік қолдаудың ықпалы зор

Үшінші себеп – мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларының лайықты деңгейде жүзеге асырылуы. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қамқорлығына алып қана қоймай, мемлекет балалы болған әрбір шаңы­рақ­қа жөргекпұлдар тағайындады. Жыл сайын төлемдер көбейтіліп келеді. Ғалымдардың әрбір үйде 3-4 баладан болғанда ғана табиғи өсім жемісін береді деген қағидасына сүйенген мем­лекет көпбалалы отбасылардың мәселесін күн тәртібіне шығарып, олардың баспаналы болуына ден қоюда. Осындай жағдайлардан кейін Қазақстандағы демография­лық жағдай біршама түзелді. Мемлекетқұраушы ұлт – қазақтардың үлес салмағының жыл сайын артып келе жатқа­нын баса айта кеткен жөн. Нақты деректер бойын­ша қазақ отбасыларындағы бала туу 1999 жылы 138 мың болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 265 мыңға жеткен. Яғни жыл сайынғы қазақ әйелдерінен туатын бала саны, жалпы, соңғы 10 жыл ішінде 127 мыңға көбейген. Осы­дан-ақ қазақ ұлтының саны күрт өсіп келе жатқа­нына көз жеткізуге болады. Қазір негізгі ұлттың үлесі 65 пайызға жетті.

Демографиялық даму мемлекетқұраушы ұлттың мерейін өсірді

Бұл көрсеткіштің өзі біраз мәселенің шешілуіне түрткі болып жатыр. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының өзі – батыл шешімнің көрінісі. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының биылғы қыркүйек айынан бастап 100 пайыз мемлекеттік тілге көшуі – әу баста қолға алынған демография­лық саясаттың жемісі. Бұл өз кезегінде мемлекеттік тіл, ұлтқа қатысты қордаланған проблемалардың өздігінен шешілетініне дәлел бола алады. Мысалы, 1991 жылы қазақ мектептерінде оқитын оқушы­лар­дың жалпы саны 32 пайыз болса, қазір аралас мектептерді қосқанда, барлық балабақшалардың 90 пайызға жуығы қазақ тілінде тәрбие беріп жатыр екен. Ең бастысы, Тәуелсіздіктің арқасында ешкімге жалтақ емес тәуелсіз санасы қалыптасқан жігерлі ұрпаққа өз тілінде тәлім мен білім алуына барлық жағдай жасалған.



Түйін

Біріккен Ұлттар Ұйымының критерийі бойынша жалпы халықтың үштен екісі­нен көбі мемлекетқұраушы ұлт болса, ондай мемлекет көпұлтты мемлекет болып са­нал­майды екен. Демек, қазақ­стан­дықтар­дың 70 пайызынан астамын қазақтар құ­ра­са, қоғамда жиі көтерілетін мәселелер уақыт өте өздігінен шешімін табады деген сөз. Ол күн де алыс емес сияқты. Өйткені біздің халықтың жылдық табиғи өсімі 250 мың адам екен. Әрбір төрт жыл сайын 1 миллионға көбейіп отыру – үлкен жетістік.





Көрілген: 3603    Пікірлер: 0

жұма, 25.11.2011, 11:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30