«Екі бірдей жоғары білім алмақшымын»
Еліміздегі студенттердің арасында 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні туған жүздеген өрен бар. Бір байқағанымыз, олардың дені экономика, қаржы-есеп және аудит мамандығы бойынша білім алып жатыр. Павлодарлық Жайнагүл Ыбыраева да – солардың бірі. Ол білікті маман атану үшін екі бірдей жоғары оқу орнын тамамдауды мақсат етеді.
Жайнагүл ЫБЫРАЕВА, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 2-курс студенті:
Менің мақсатым – қаржы-есеп саласының білікті маманы болу. Сол себепті университетті есеп және аудит мамандығы бойынша бітіргеннен кейін осы оқу орнынан банк ісі мамандығы бойынша екінші жоғары білім алғым келеді. Еліміз соңғы 20 жыл ішінде көптеген жетістікке жетті. Алдағы уақытта да біздің Қазақстанның зор белестерге жетуіне куә болатынымыз сөзсіз. Мен барша қазақстандықты Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтаймын. Еліміздегі барлық жас өзінің арман-мақсатына жетсін!