Ел Елбасыға риза

08 желтоқсан 2011, 11:53


Арғынбек АХМЕТЖАНОВ, Семей қаласының тұрғыны, зейнеткер:
– Елбасымыз ар­да­герлерге жақсы жағдай жасап отыр. Тұрмысымыз жақсы. Кемпіріміз екеуміз 100 мыңдай зейне­тақы аламыз. Оның үстіне, зейнетақы жыл са­йын көтеріліп отыр. Бұл біздің жүріп-тұруымызға, қы­дыруымызға еркін жетеді. Қарт адамдарға осындай жағдай жасап отырған ел басшы­ларына айтар алғысы­мыз мол. Өз басым Елбасының саясатын қолдаймын. Қан­шама ұлттың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп отыр. Сон­дық­­тан ендігі менің тілерім – Тәуелсізді­гі­міздің туы жоғарыдан желбі­реп, Қазақ елінің еңсесі әрдайым биіктей берсін! – дегім келеді.