«Ел ертеңін тамаша жетістіктермен ғана елестетемін!»
Айзат Ахметбекқызы өзінің 20 жасын Тәуелсіздік мерейтойымен бірге тойлайды. Егемендікпен түйдей құрдас замандастарының көбі сияқты ол да Қазақстанның келешектегі экономикасының маманы болмақ.
.jpg)
Айзат Ахметбекқызы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің 3-курс студенті:
– Мен қарапайым отбасынанмын. Анам әлеуметтік жәрдемақы алады, әкем – жұмысшы. Үйде екі қыздың кішісімін. Ата-анам менің Тәуелсіздік күні туғанымды бақыт деп санайды. Мақсатым – оқуымды ойдағыдай бітіріп, қалаған мамандық иесі болу. Еліміз келешекте дамудың бұдан да тамаша белестеріне жетеді. Мен ертеңімді тек осылай ғана елестетемін!