«Еліміздің дамуы қарқын ала беретініне сенемін!»

14 желтоқсан 2011, 11:51

Бірнеше күннен соң Арзыгүл Илахунованың өмірінде бірден қос мерейтой болады. Еліміздің егемендігімен қатар, ол да 20 жасқа толмақшы.


Арзыгүл Алматы облысының Жаркент қаласында туған. Отбасындағы үш қыз баланың кенжесі Тәуелсіздікпен түйдей құрдас. А.В.Луначарский атындағы мектеп-гимназияның оқу озаты болған ол әсіресе химия, математика пәндерінен мектептің мақтанышына айналды. Химия пәнінен облыстық олимпиаданың жүлделі екінші орнын иеленген. Арзыгүл өзінің Тәуелсіздік күні дүниеге келгеніне алғаш рет 10 жасында мән берді. Бұл кезде еліміздің түкпір-түкпіріндегі егемендік құрдастары Астанада Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаевамен жүздесіп, оның марапатына ие болған еді. Сондай-ақ 8-сыныпты тамамдаған жылы жаркенттік оқушы оқудағы үлгерімі мен үлгілі тәртібі үшін «Балдәурен» республикалық емдеу-сауықтыру лагеріне тегін жолдама алған. Қазір Арзыгүл Алматы энергетика және байланыс университетінде басқаруды автоматтандыру мамандығы бойынша білім алып жатыр.
Арзыгүл Илахунова, Алматы энергетика және байланыс университетінің 2-курс студенті:
– Арманым көп. Соның бірі – психо­логия мамандығы бойынша келесі жоғары білімге қол жеткізу. Осы сала бойынша докторлық жұмыс жазғым келеді. Ең алдымен, оқуға көңіл бөлемін, сонымен бірге ағылшын тілі мен би үйірмесіне баруға қосымша уақыт табамын. Біздің республиканың Тәуелсіздігіне – 20 жыл ғана. Осы жылдар ішінде еліміз біраз та­быс­қа жетті. Мен экономикалық дамуымыз бұдан әрі және осы қарқынын сақтап жал­ға­­са беретініне сенемін. Басқасын айтпа­ғанда, біз әлемдік қаржы дағдарыстарын же­ңіл өткере беретін боламыз.