Тәуелсіздік айнасы

«Еліміздің жетістіктерін көру – біз үшін бақыт!»

Назеркенің анасы – ІІІ топтағы мүгедек. Биыл  Ақтөбе медициналық колледжін тамамдағалы отырған бойжеткен келешекте анасы сияқты барлық науқас жанға қол ұшын беруді алдына мақсат етіп қойған.

Отбасындағы төрт баланың кенжесі Назерке – Тәуелсіздікпен түйдей құрдас. Шымкент қаласында дүниеге келген оның ата-анасы тұрмыс жағдайына байланысты алдымен Қызылорда облысы Арал ауда­нын­дағы Шижаға елді мекеніне, кейін Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Ембі-5 қалашығына қоныс аударған. Шижаға елді мекеніндегі №57 мектепте 5-сынып оқып жүрген кезде ол өзінің ең қас­терлі күні дүниеге келгенін тұңғыш рет сезінді. Мектеп ұжымы оған жергілікті билік­ тарапынан компьютер тарту етілетінін хабарлады. Бірақ түсініксіз себеппен бұл сыйлық Назеркенің қолына жетпеді. Егемендіктің құрдасы 13 жасқа келгенде ата-анасы оның көңілін қалдырмай, ком­пьютерді өздері сатып алып берді. 16 жел­тоқсан күні мерекелік шаралардың әсері­мен көпшілік Назеркені туған күнімен құт­тық­тауды ұмытып кетеді екен. Бірақ қыз бала бұған әсте ренжімейді. Керісінше, соны мақтан етеді.




Назерке Шалбаева, Ақтөбе медициналық колледжінің 4-курс студенті:

– Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жақсы көрдім. Бірақ кейін дәрігер боламын деп шештім. Колледжді бітір­ген соң М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина академиясында білімімді жалғастырсам, содан кейін барып білікті маман болсам деймін. Мен Қазақстанда туғаныма қуанамын. Еліміздің бірлігі мықты, татулығы берік қалыптасқан. Бізде жастардың білім алуына мүмкіндік мол, менің анам сияқ­ты мүгедек жандарға әлеуметтік қолдау бар. Еліміздің жетістіктерін көру – біз үшін бақыт.




Көрілген: 3205    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.12.2011, 11:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30