Тәуелсіздік айнасы

Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі

  • Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі

    Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі

Тәуелсіздікке ие болған 20 жыл аралығында Қазақстан демократиялық саяси жүйесі құрылған, азаматтық қоғамы үдемелі даму үстіндегі нарық экономикасы бағытын ұстанған табысты әрі әлеуетті мемлекеттердің бірі ретінде қалыптасып үлгерді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы күннен бастап-ақ стратегиялық бағытты дұрыс айқындап, осы бойынша жедел де жүйелі жұмыстар жүргізуінің нәтижесінде әлемдік қауымдастық танып мойындаған көшбасшы елдердің қатарынан да көріне бастадық.

Қай кезде болсын халықты әлеуметтік қорғау және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелері мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Ата Заңымыздың 28-бабының 1-тар­мағына сәйкес, Қазақстан Республика­сы­ның азаматы жасы келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырыл­ған жағдайда және өзге де заңды негіз­дер­де оған ең төменгі жалақы мен зей­нетақының мөлшерінде әлеуметтік қам­сыздандырылуына кепілдік беріледі. Сондықтан Ата Заң аясында әрбір азама­тымыз мемлекет назарынан тыс қалмайды. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі салада мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін жылдар бойы терін төккен зейнет­кер­лердің әлеуметтік жағдайын үнемі назары­нан тыс қалдырмай, оларды қамқорлығына алу саясаты ықпал етері анық.

Бүгінгі күні қоғамның қай саласын алмайық, жүргізіліп отырған реформалар өзінің нәтижелі жемісін беріп келеді. Ондай реформалардан әлеуметтік сала да қалыс қалған емес.

Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы салиқалы саясатының басты мақсаты да халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін тұрақты түрде арттырып отыруға негізделген. Осыған орай халықты әлеуметтік қорғау және оны мемлекет тарапынан қолдап отыру еліміз­дің ішкі саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қалыптасып отыр.

Әлеуметтік саланың даму кезеңдеріне назар аударатын болсақ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ауыр жағдайдың қалыптасқаны рас. Мәселен, 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы жалпы ішкі өнім көлемі – 38,6 пайызға, халықтың нақты еңбекақысының көлемі – 69,9 пайызға, зейнетақы көлемі 77,3 пайызға төмендеп кеткен еді.

1991-2001 жылдар аралығында Қа­зақ­станнан 2,5 миллионға жуық адам көшіп кетті. Елден сыртқа кеткен халықтың басым бөлігін еңбек жасындағы адамдар құрады. Бұл еңбек рыногының жағдайына кері әсер етті. Еңбекке қабілеттілер азайып, жасы еңбек жасынан асқан немесе еңбекке жарамсыз адамдар саны көбейе түсті.





Елбасымыздың «алдымен – экономика, содан кейін – саясат» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, жұмыс істеуінің нәтижесінде еліміздің экономикасы жедел қарқынмен өсті. Бұл өз кезегінде әлеуметтік саланың оңтайлануына айтарлықтай ықпал етті. Экономикамыз қалыпты өсе бастаған соңғы 11 жылдың ішінде төменгі зейнетақы мөлшері 3500 теңгеден 24 047 теңгеге дейін өсіп, жеті есе; орташа зейне­тақы көлемі 4462 теңгеден 36 205 теңгеге дейін жетіп, сегіз есе; ал жоғары деңгей­дегі зейнетақы көлемі 8156 теңгеден 52 226 теңгеге дейін өсіп, 6,4 есе артты. Осы мер­зім­де халықтың жан басына шаққандағы табысы да бірнеше есе өсіп, халықтың әлсіз топтарын қолдайтын түрлі әлеуметтік төлемдер іске қосылды. Нәтижесінде бүгінгі күні Қазақстан Орталық Азияда ғана емес, ТМД елдері арасында да халықтың әлеуметтік жағдайы тұр­ғысы­нан көш басындағы мемлекеттердің қата­рында келеді.

Бүгінгі таңда экономикамыз дамып, мемлекеттің күш-қуаты артуына байла­нысты Елбасы Үкіметтің алдына халықты еңбекпен қамтудың жаңа стратегиялық бағдарламасын жасауды тапсырды. Осы­ның негізінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы әзірленді. Оның негізгі мақсаты  тұрақты және өнімді жұмыспен қамтылуды ұйымдастыру арқылы халық­тың табысын арттыру болып табылады. Бағдарламаның тағы бір үлкен мәні – еліміздегі кедейлік деңгейін төмендету. Қазіргі уақытта оған қол жеткізудің тиімді өлшемдері әзірленді. Мәселен, қазіргі кедейлік деңгейі немесе ел халқының ішіндегі кедей адамдардың үлес салмағы 8,2 пайызды құрайтын болса, 2016 жылға қарай оны 6 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. Сондай-ақ осы аралықта еліміздегі жұмыссыздық деңгейі – 5,5 па­йыз­ға дейін, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған халықтың үлес салмағы қазіргі 33,3 пайыздан 26 пайызға дейін төмен­дейтін болады. Бағдарлама аясында еңбек өнімділігін 20 пайызға арттыруға қол жет­кізіледі.

Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі төрт есеге азайды.

 Халық денсаулығының негізгі көрсет­кіштері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті.

Қазақстан қазірдің өзінде-ақ халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесінде халықаралық деңгейде мойындалған жетекші елдердің біріне айналды.

Сонымен қорыта айтқанда, Тәуелсіздік жылдарында еліміз халықтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуде көптеген жұ­мыс жүргізді. Соның нәтижесінде елі­мізде 750 жаңа мектеп, 500-ге жуық жаңа ден­сау­лық сақтау нысаны салынды. 5302 мек­тепке дейінгі мекеме, 1117 балабақша мен 4185 орталық ашылды. Кейінгі 10 жыл­дың өзінде орташа айлық жалақы – бес жарым есе, зейнетақының орташа көлемі төрт есе өсті. Осындай шаралардың нәтижесінде өткен жылғы жүргізілген әлем мемлекет­терінің рейтин­гінде Қазақстан ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен 26 сатыға ілгерілеп, 110 елдің ара­сында 50-орынға табан тіреді. Қазақ­стан халықаралық қауым­дастық алдында экономикасы жылдан-жылға өсіп келе жатқан әлеуметтік бағыт­тағы мемлекет ретінде танылды. Бұл – аз жетістік емес. Ал қазіргі жүзеге асыры­лу үстіндегі, сондай-ақ енді іске қосылғалы отырған мемлекеттік бағдарламалардың аясында атқарылатын шаралар нәтижесін­де бұл көрсеткіштердің одан әрі жақсара беретіндігі анық.




Көрілген: 4954    Пікірлер: 2

бейсенбі, 08.12.2011, 12:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31