Жамбыл облысы шикі мұнай өңдей бастады
«Жамбыл облысындағы жаңа газ өңдеуші зауыт шикі мұнайды өңдей бастады. Әзірге зауыт толыққанды өндіріс көлеміне көшкен жоқ». Бұл туралы Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімі Нұржан Қаландеров мәлімдейді.
Аталған зауыт Жамбыл ауданының әкімшілік орталығы – Аса ауылында салынған. Ол Тараз қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан. Мамандардың пікірінше, кәсіпорынның қалаға жақындығы тауар тасымалындағы барлық мүмкіндікті пайдалануға ыңғайлы.