Тәуелсіздік айнасы

«Жол картасы» – ел игілігі үшін жасалынған ілкімді жоба

  • «Жол картасы» – ел игілігі үшін жасалынған ілкімді жоба

    «Жол картасы» – ел игілігі үшін жасалынған ілкімді жоба

Тәуелсіздік алғанымызға биыл – 20 жыл. Әрине, бұл көп уақыт емес. Алайда осы қысқа мерзімде еліміз саяси, әлеу­мет­тік-экономикалық, мәдени-әдеби жағынан т.б. салалар бойынша қарқынды дамыды. Көптеген ірі бағдар­ламалар қолға алынып, өз тиімділігін көрсетті. Сондай бір қарапайым халықтың көңілінен шыққан жобалар­дың бірі – «Жол картасы» бағдарламасы.

Дүниежүзілік қаржы дағдарысы ал­қым­нан алған тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қызметкерлерді жаппай жұмыс­тан қысқартудан аман сақтап қалу үшін «Жол картасы» бағдарламасын қолға алып, оның тиімді орындалуын Үкіметке айрықша тапсырды. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 2009 жылы 191 миллиард теңгеден астам, ал 2010 жылы 151 миллиард теңгеге жуық қаражат бө­лін­ді. Екі жылда барлығы 8871 жоба іске асып (2009 жылы – 5271, 2010 жылы – 3600), жаңадан 392 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Сол кездегі статистикалық деректерге көз жүгіртетін болсақ, 2009 жылдың басында жұмыссыздар саны 557,8 мың адамды құраса, 2010 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайызға төмендеп, жұмыссыздардың саны 481,7 мыңды құрады, яғни абсолютті түрде 76,1 мың адамға азайды.

Еңбек рыногының тұрақтануына «Жол картасы» бағдарламасының аясында салынған әрбір құрылыстың да, кез келген жолдың да жауапкершілігі айтарлықтай жоғары. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қамсыз­дандыру нысандары бойынша да осыны айтуға болады. Бұл ретте ерекше айта кететін жайт, Елбасы бастамасымен қаншама жылдар бойы күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізілмеген әлеуметтік нысандар жаңар­тылып, дағдарыс салдарынан жұмыс­сыз қалғандар жаңа мамандықтарды игеріп, отбасын асырады. Бұл бағыттағы жұмыстар әрбір облыс, аудан орталықта­рын­да, тіпті ауылдық елді мекендерде де жүзеге асты. Нақты сандарды сөйлететін болсақ, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2009-2010 жылдары, яғни бір жылдың ішінде ел өңірінде Тұрғын үй-ком­муналдық ша­руа­шылық жүйесін реконст­рукциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 ша­қырым электр желісі, 1029 шақырым су­мен жабдықтау желісі, 284 шақырым жылу трассасы, 4793 шақы­рым автожол­, 3657 мектеп пен аурухана, сондай-ақ 368 мәдениет пен спорт нысан­ы жөнделді. Оны­мен қоса, 67 әлеуметтік нысанға (қарт­тар мен мүгедектерге, психи­калық аурулармен ауыратын адам­дарға арналған интернат үйлері) түрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жол картасын» және экономиканың болашақ сұранысын іске асыру үшін 100 мыңнан аса қазақстандық тегін, мемлекет есебінен екінші мамандық алды, неше түрлі қайта даярлау курстарынан өтті. Олар слесарь, электромонтер, сырлаушы, сы­лақ­шы, тас қалаушы, монтаждаушы, құры­лыс маши­наларын жүргізуші, ағаш шебері, сонымен қатар шаштараз, аспазшы, мас­саж жасаушы, тігінші кәсіптерін игерді. Осы­ның нәтижесінде, 75 мыңнан аса жұ­мыс­сыз адам жұмысқа орналасып, 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашыл­ды.

Ауылдық елді мекендер де бұл бағдар­ла­маның игілігін көрді. 246 мәдениет үй­і жөнделді. Шыны керек, көпшілік ауыл- аймақта мұндай нысандар қаншама жыл­дар­дан бері жөндеу көрме­ген еді. «Жол картасының» арқасында ауыл­дағы тозығы жеткен ғимараттарға қайта қан жүгірді. Сонымен қатар 420 ауыл­дық елді мекен абаттандырылып (га­зон егу, гүлзарлар өсі­ру, аймақтарды санитарлық тазалау, шағын түрлі әлеуметтік нысандарды жөндеу), қайта жандана түсті.

Бұл бағдарлама тоқтап қалған жоқ. Елбасы­мыз бір сөзінде: «Біз бұл бағдарла­маны тоқтатпаймыз, әлі де жалғасын табатын болады. Бірақ енді бағдар өзгеріп, аудан-ауылдарда шағын, кішігірім өндіріс­тер ашылуы тиіс. Ендігі негізгі басымдық шағын өндірістерді ашуға жұмсалады», – деген еді. Осы ретте «Бизнестің жол кар­тасы» бағдарламасы қолға алынып, табыс­ты жүргізілуде. Кәсіпкерлікті қолдау бо­йын­ша 2,5 мың адам кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, олар енді шағын несиелер алуға үміттеніп отыр. Дәл қазіргі жағдайда аталмыш бағдарламаға қатысушы 422 адам шағын несиелер алуға құжаттарын рәсімдеген. Онымен қоса, Мемлекет бас­шысының тапсырмасы бойынша әзірленіп, «Нұр Отан» ХДП бекіткен «Жұмыспен қам­ту-2020» бағдарламасын да айта кеткеніміз жөн. Өйткені бұл қос ірі жоба («Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020») «Жол картасы» бағдарламасының жалғасы болып табылады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында тегін кәсіптік білім беріп, жұмыссыз жүргендер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері­нен мамандар даярлау, оларды жұмысқа орналастыру көзделген. Бір сөзбен айтқанда, мұнда жұмыссыздықпен күресіп, еңбек нарығын отандық мамандармен қамтамасыз етудің жолдары айқындалған. Бұл бағдарлама «екі қолға – бір күрек» іздеген азаматтарға қоғамнан өз орнын табуға зор мүмкіндік береді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сәйкес, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде ел бойынша 3000-нан аса кәсіпорынға 14 мың адам жұмысқа алынды. Онымен қоса, еңбек мобильділігін арттыру бойынша Қа­зақ­станның он аймағында 865 жеке тұрғын үй мен 64 көппәтерлі тұрғын үй салу жос­парланған. Бұған мемлекет қазынасынан 11 млрд теңге бөлінген. Бұған адамдар «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасады. 2010 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыссыздардың саны 481,7 мың адамды, ал жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайызды құраса, 2011 жылдың осыған сәйкес кезеңінде жұмыссыздардың саны 9,4 мыңға азайып, 472,3 мың адам­ды құрады, яғни жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз­ға төмендеген.



Қалай десек те, «Жол картасы» бағдарламасы өңірдегі елді мекен­дердің дәулеті мен сәулетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырумен қатар халықтың күнкөрісін жақсартып, көп көмек берді деуге толық негіз бар. Еліміз экономикасының қарқы­ны бәсеңдеген кезде де «Жол карта­сы» өзіне тиесілі жүкті, жауапкерші­лік­ті өз деңгейінде атқарып келді. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға еңбекақы төлеу, әлеуметтік инфрақұрылым әлеуетін арттыру сынды көкейтесті мәселелер болашақта да түрлі бағдарламалар аясында кең ауқымды түрде атқарылатыны күмәнсіз.




 

Амантай БАЙҒАЗЫ, «Жол картасы» бағдарламасының аясында қайта мамандан­ған Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданының тұрғыны:

– Негізгі маман­дығым бойынша құ­рылысшымын. Алай­да ауылдық жерде құрылыс қарқынды жүріп жатпағандықтан, дағда­рыс кезінде мамандығым бойынша жұмыс табу мүмкін болмады. Өзге кәсіптерді де нәсіп етіп көрдім, бірақ арнайы маманданбаған адамға басқа саладан жұмыс табу қиын тиеді екен. Қай мекемеге барсам да, тиісті куәлікті сұрайды. «Жол картасы» аясында әкімдік қайта даярлау курстарына адам жинап жатыр дегенді естіген соң, арнайы бардым. Қызылжар қаласындағы білім беру орындарының біріне жіберді. Үшжақты келісім жасастық. Кәсіптік лицей білім береді, әкімдік шығындарды жабады, ал мен тек оқып, мамандансам болғаны. Жолақым­ды да қалтама салып берді. Екі айдың ішінде тұр­мыс­тық техникаларды жөндейтін маман болып шыға келдім. Бұл куәлікпен жеке кәсіп те ашуға болады екен. Себебі үй болған соң теледидар мен тоңазытқыш сынбай тұрмайды. Осы орайда заман­ға сай бейімдеп, азаматтарды екінші қайтара ма­ман­дан­дыруды ойластырған Үкіметімізге алғысым шексіз. 




Еркін ӘБДІЛМАНОВ, Семей қаласының тұрғыны:

– Мамандығым құрылысшы болғанымен, соңғы кездері мамандығым бойынша жұмыс табыла бермейтін. «Жол картасы» бағдарламасының аясын­да Семей қаласындағы перзент­хана­лар күрделі жөндеуден өтеді дегенді естіп, құрылысшы ретінде тіркелдім. Нәти­жесін­де дағдарыс кезеңінде бірша­ма уақыт жұмыспен қамтамасыз етілуіме мүмкіндік туды. Қиын кезеңде халықты қыспақтан құтқаратын «Жол картасы» секілді бағдарламалар қабылданып, халықтың игілігіне жұмыс істей берсе екен. Өйткені бағдарлама арқылы көптен жөндеу көрмеген перзентхана секілді нысандар жөнделіп, халықтың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік туды.




Көрілген: 2196    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.11.2011, 13:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31