Қазақстан қиындықтарға мойыған емес
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Тәуелсіздік – Қазақстан қоғамының өз мүмкіндіктері деңгейін түйсініп, ауқымды мақсаттарды шешкен кезеңі. Бұл кезеңді ұлттық жетістіктердің формуласы қалыптасқан уақыты деп айтсақ та болар. Ал ұлттық жетістіктердің формуласының негізінде, әрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев факторы тұр. Нұрсұлтан Назарбаевтың факторы дегеніміз – стратегиялық ойлау, саясаткердің ерекше тәжірибесі және ғаламдық мәселелерді шешу жолында Қазақстанды бәсекеге қабілеттіліктің жаңа сапалы деңгейіне шығару мүмкіндіктерін түйсіну. 20 жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанды қалыптастыру жолындағы мақсаттары жақын арада жүзеге асырылуы оңайға түспейтін асқақ арманға баланғаны рас. Ал қазір болса ол арман шындыққа айналды. Бүгінде Қазақстанды әлем елдері халықаралық аренадағы өз ұстанымы, бастамалары бар, ықпалды ел ретінде біледі.
Елбасының экономиканы жаңа жолға түсіру жолындағы қол жеткізген жетістіктері Қазақстанды мүлде жаңа деңгейге көтерді. Мысалы, 1993 жылы елдің жан басына шаққандағы ЖІӨ 700 АҚШ долларын құраса, 2010 жылы 9000 АҚШ долларына жетіп, 13 есеге ұлғайды. Биыл ол көрсеткіш 11 000 АҚШ долларын құрайды. Демек, өсім 15 есеге тең.
Елдің алтын-валюта қоры Тәуелсіздік жылдары 50 есеге артты. 1993 жылы 0,7 млрд АҚШ долларын құраса, 2011 жылдың қазан айында 32 млрд АҚШ долларына жетті.
Қазақстан – стратегиялық жоспарлауды посткеңестік елдердің арасында ең тұңғыш рет енгізген мемлекет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруындағы Қазақстан ешуақытта қиындықтарға мойыған емес. Әлем елдері дағдарыстан жапа шегіп жатқанда, Қазақстан 7 пайыздық өсімге қол жеткізуге өз дайындығын көрсетуде. Халықаралық рейтинг агенттіктерінің Қазақстанның суверенді рейтингін көтеруі, біздің елді бизнес жасауға қолайлы ел ретінде қарастыруы мемлекеттің жеткен жетістіктерінен хабар берсе керек. Дағдарыстан кейінгі дамуда да ұлттық лидер, мықты мемлекет пен әртараптандырылған экономика аса маңызды факторлар болады.
Біздің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жүріп өткен даңғылымыз ерекше. Біздің мақтанатындай жетістіктеріміз жетерлік. Бірақ біз өткен деңгейде қалып қоймай, сәтті «қазақстандық жолдың» әрі қарай жетіле түсуі үшін егемендігіміздің баянды болуы мақсатында Елбасы – Ұлт лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге болашақтың көкжиегіне көз саламыз. Ал халқымыз үшін осынша қыруар қайрат жұмсап, аяғына жаңа тұрған жас мемлекетті жасампаз ету жолындағы бар қиындықтарды еңсерген Нұрсұлтан Әбішұлын еліміз Тәуелсіздіктің Бас экономисі ретінде де танитыны даусыз.
.jpg)
Қайрат Келімбетов, ҚР экономикалық даму және сауда министрі