Тәуелсіздік айнасы

«Келешекте елорда мәдениетіне үлесімді қоспақпын!»

Егемендіктің баяндылығы еліміздің өнері мен мәдениетінің әлемдік бәсекеге қабілетті бола отырып өркендеуіне де байланысты. Балғын пианиношы Рауан Сауханова келешекте елорданың классикалық музыка орталығына айналғанын қалайды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Рауан Қайратқызы қазіргі Ақмола облысының Зеренді ауданында дүниеге келді. Сәби­ле­рінің еліміздің Тәуелсіздігі туралы конс­ти­туциялық заңы қабылданған күні туғанын әкесі Қайрат пен анасы Гүлнәр кейін түсінді. Отбасындағы екі баланың бірі Рауан өнерге бейім болып өсті. Сегіз жасынан бастап пиа­ниноның құлағында ойнады, көркем гимнастикамен әуестеніп, хореография үйірмесіне де барды. Көркем гимнастикадан өткен республикалық жарыста Рауан үшінші орынды иеленді. Көкшетаудағы №6 орта мектептің 9-сыныбын тамамдаған соң жас өнерпаз П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжіне оқуға түсті. Қазір Құр­ман­ғазы атындағы Қазақ ұлттық консер­ва­то­риясында аспапты орын­дау­шы­лық (фортепиано) мамандығы бойынша бі­лімін жетілдіріп жатыр. Ата-анасы Рауан­ның еліміздің отаншыл азаматы болып өсіп ке­ле жатқанын мақтан етеді.




Рауан Сауханова, Құрманғазы атын­дағы Қазақ ұлт­тық кон­сер­ва­то­рия­сы­ның 2-курс сту­ден­ті:

– Тәуел­сіз­дік­пен құрдас еке­німді ең ал­ғаш 10 жасым­да се­зін­дім. Сол кез­­де еліміздің әр ай­ма­ғынан мен сияқты ба­ла­­ларды жи­нап, ла­герьге тынығуға жіберген болатын. Көк­­ше­тау­да Тәуел­сіз­діктің құрдасы ре­тінде түрлі мәдени ша­раларға қаты­са­тын­мын. Менің бір тілегім бар – Тәуелсіздігіміз мәң­­гіге сақ­тал­сын, хал­қымыздың бірлігі ны­ғай­сын, еш­қа­шан ұлтшылдық болмасын!




Көрілген: 1780    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 09.11.2011, 11:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31