
Бұл Қызылжар қаласында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған облыстық қан орталығы. Орталық бұрын 1934 жылы салынған ескі ғимаратта орналасқан-ды. Бес қабатты жаңа нысанды салуға 1 182 515 мың теңге қаржы жұмсалыпты. Қан орталығының қуаттылығы – жылына 10 мың литр қан. Мекеме заманауи қондырғылармен жабдықталған. Қанның құрамын зерттеуге арналған бірнеше зертханасы бар. Сондай-ақ жылжымалы донорлық бекеттермен де қамтылған.
Көрілген: 2573 Пікірлер: 0