Тәуелсіздік айнасы

«М-Нұрай» ауылға шырай кіргізді

  • «М-Нұрай» ауылға шырай кіргізді

    «М-Нұрай» ауылға шырай кіргізді

Төлеби ауданы Әлішер Науаи ауылы аудан орталығынан онша қашық емес. Осы ауылда орын теуіп, кәсібін дөңгелетіп жүрген «М-Нұрай» ЖШС-ының жылыжай шаруашылығымен айналыса бастағанына көп уақыт бола қоймаса да, бұл кәсіптің қыр-сырын меңгеріп үлгеріпті. Жоба құны 132,9 миллион теңге болған жылыжай кешенінде қызанақ пен қияр жыл бойы жабық жерде өсіріледі. Жылыжай жұмыстарын басқарушы Өктәмбек Ниязқұловтың айтуынша, жылыжайға қолданылған корейлік құрал-жабдықтар үш жылға кепілдігімен орнатылған екен.

«М-Нұрай» ЖШС мен «Жасулас» ЖШС-ының бұл жерде 2,76 гектар жылыжайы орын тепкен. Қиярдың голландтық артист деген сортын ектік. Мұның артықшылығы көп. Біріншіден, көлемі тым үлкейіп кетпейді, күнделікті тұтынуға да, тұздап қоюға да қолайлы. Екіншіден, сыртында тікені көп, ол өнімнің жаңадан жұлынғанын білдіріп тұрады. Ең бастысы, бұл сортқа деген сұраныс жоғары. Сол себепті де өнімімізді өткізуде проблема жоқ. Бірінші кезекте қаладағы супермаркеттерге таратып шықсақ, артылғаны Шымкенттегі, аудан орталығындағы базарларда көтерме бағамен лезде сатылып кетеді», – дейді Ө.Ниязқұлов.

Алғашқы өнімді өткен жылдың мамы­рында терген диқандар бүгінде күнара 3 тоннаға дейін өнім жинайды екен. Оны терумен 60-қа жуық жұмысшы айналы­сады. Жұмысшылардың барлығы дерлік – жергілікті жердің азаматтары. Бұл өнім жыл бойына үзіліссіз жиналады. Өйткені  жылына екі рет егілетін қияр ауыспалы әдіспен отырғызылады. Сондай-ақ бес сотық жерде көшет дайындалады. Бола­шақ­та жылыжайда лимон өсіру де жос­парда бар. Әзірге тәжірибе ретінде 50 түп лимон егіліпті.




– Жылыжаймен айналысып жүргендер ұтылып жатқан жоқ, – дейді Төлеби ауданы ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі Сержан Дүйсебеков. – Өйткені қазір мемле­кеттен жылыжайдың әр гектарына    1 миллион 300 мың теңге субсидия береді. Көкөністерді жылына екі рет егетін болған­дықтан, субсидия да осынша рет беріледі. Сонда 1 гектар жылыжай үшін жылына 2 миллион 600 мың теңге субсидия беріледі деген сөз. Бұл шаруалар үшін үлкен көмек болары сөзсіз. Әрине, мұның барлығы Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 20 жыл толған мемлекетіміздің қолдауының арқасында іске асырылып жатыр.

Аграрлы саналатын Төлеби ауданында үстіміздегі жылға 2 гектар жерге жылыжай жайғастыру жоспарланса, бүгінде оның көлемі 2,53 гектарға жеткізіліпті. Бұдан бөлек, Аққұм ауылдық округінен «Жаңа жер» ЖШС – 1 гектар, Кемеқалған ауылдық округі Әңгір ата ауылы Шілтер көлінің маңынан «Корпорация Береке-А» ЖШС – 5,6 гектар  және Көксәйек ауылдық окру­гі­нен жеке кәсіпкер Б.Жүнісов 1 гектар жер­ге жылыжай салды.




Жалпы алғанда, республикадағы жылыжайлардың 70 пайызы Оңтүс­тік Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Биылғы көрсеткіштер бойынша оның 28 гектары Шымкент қаласында болса, Сарыағашта – 26 гектар, Қазығұртта – 18 гектар, Сайрамда – 15 гектар, Мақтааралда – 14 гектар, Ордабасыда – 13 гектар, Шардарада 8 гектар аумақты құрайды. Осыдан үш жыл бұрын облыстағы жылыжайлардың жалпы көлемі 56 гектарды құрап, онда өндірілген қызанақ пен қияр 7 мың тоннаға жеткен екен. Өндірілген өнім облыстағы әрбір тұрғынға шаққанда 2,8 келіден тиіпті. Мемле­кет тарапынан қолдау жақсарғалы бері жылыжай шаруашылығы қарыш­тап дами бастады. 1 қазан­да­ғы жағдай бойынша облыстағы жылыжайлардың көлемі  370 гек­тар­ға жетіп отыр. Одан түсетін өнім 45 мың тоннаны құрайды. Бұл дегеніңіз – әрбір оңтүстікқазақстандыққа шаққанда 18 келіден тиеді немесе осыдан үш жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,4 есеге көп. Де­мек, салаға тиісті қолдау болған жағдайда оның даму қарқыны да артып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға үлкен демеу болатындығы іс жүзінде дәлелденіп отыр.




Көрілген: 2823    Пікірлер: 0

жұма, 04.11.2011, 13:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30