Тәуелсіздік айнасы

Мақтанышымыз боларлық спорттық ғимараттар

Бүгінде біздің елде мақтан тұта алатын халықаралық деңгейдегі спорттық кешендеріміз баршылық. Әр қаланың өзінің спорттық брендіне айнала бастаған стадиондарымыз да – бірсыпыра. Енді солардың кейбіреулеріне тоқталып өтсек.


«Медеу» мұзайдыны

Алатау бөктерінде, Медеу шатқалында салынған мұзайдын. Теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Құрылысы 1949 жылы басталып, 1951 жылы 4 ақпанда бі­рін­ші ресми жарыс өткізілген. Бірақ 1972 жылы ғана жасанды мұзайдын төселген. Мұзайдынды төсеген архитекторлар мен инженерлер КСРО Мемлекеттік жүлдесімен марапатталған. Әлемдегі ең биікте орналас­қан мұзайдын. Жасанды мұзайдынның ауданы – 10,5 мың шаршы метр. Таза тау суы­­нан құйылған мұзымен ерекшеленіп, мұн­да конькимен жүгіруші дүлдүлдер 200-ден астам әлем рекордын жаңартқан. Сон­дықтан «рекордтар фабрикасы» атанған да. Мұз қатырылатын ауданының қалың­дығы – 2,3 метр. Жасанды мұзды қатырып тұратын жүйесі әлемде теңдессіз болып саналады. Соның арқасында алматылықтар мен оның қонақтары «Медеуде» қысы-жазы коньки тебе алады (жылдың сегіз айы бойы).

Конькишілер жарысымен қоса, допты хоккейден «Динамо» (Алматы) клубы үйдегі ойындарын өткізіп тұратын. 1990 жылы спидвейден (мұздағы мотожарыс) әлем чем­пионаты өткен. 1990-2004 жылдар ара­лы­ғында «Азия дауысы» эстрадалық байқауы өткізіліп тұрды. VІІ қысқы Азия ойындарына қарсы күрделі жөндеуден өтіп, инженерлік-техникалық жүйелері ауыс­ты­рыл­ды. Жаңа мультимедиялық табло орна­тылды (ауданы – 200 шаршы метр). Сы­йым­дылығы 8500 орынға дейін ұлғай­тылды. Ақ Азиада кезінде допты хоккей ойындары өтті.

«Астана-арена» стадионы

Елордамыз Астанадағы теңдессіз ста­дион 2009 жылы 3 шілде күні ашылған. Сы­йым­дылығы – 30 000 адам. Төбесі 20 ми­нуттың ішінде ашылып, жабылады. Осы «ша­­ты­ры­ның» ауданы – 10 000 шаршы ме­тр. Мұндай стадион әлемде алтау-ақ. Ау­даны – 232, 485 шаршы метрлік эллипстік жоба (330 х 704,5 м). Жаңа инновациялық техно­логиялардың барлығы дерлік қолда­нылған. Футболдан Қазақстан ұлттық құра­масы мен «Астана» футбол клубы үйдегі ойындарын осы стадион­да өткізеді. Басқа да мәдени шаралар ұйым­дас­тырылып тұра­ды. VІІ қыс­қы Азия ойын­да­рының ашылу салтанаты осы сәулетті стадион­да өткен.

Шаңғымен тұғырдан секіру кешені

Шаңғымен тұғырдан секірушілерге ар­налған халықаралық кешен. Соңғы үлгіде салынған, қыста да, жазда да шаңғымен тұғырдан секіре беруге болады. Халықара­лық шаңғы спорты федерациясының талап­тарына сай екі тұғыр (К95 және К125) са­лын­ған. Тұғырдан секіру кешенінің құ­ры­лысын халықаралық сарапшылар тех­ни­калық жағдайы мен сәулеті жағынан әлем­дегі ең үздік жобалардың бірі деп бағалаған. Көгалдарды суғару жүйесі, аспалы тасымал­дау жолы және лифттері бар. Сыйымдылығы – 5 500 адам. VІІ қысқы Азия ойындары бағ­дарламасындағы шаңғымен тұғырдан секі­ру­­шілер сайысы өтті. Оның алдында әлем Құр­лық кубогы өткізілсе, биыл күзде «Гран-при-2011» халықаралық турнирі ұйымдас­тырыл­ды. Болашақта бұл спорттық кешенде әртүрлі мәдени шаралар өткізу жоспарланып отыр (концерттер, әртүрлі шоу бағдарлама­лар). Қос тұғыр халықаралық стандартқа сай са­лын­ғанмен, ондағы жұ­мыс­тардың бар­лығы әлi толық аяқталған жоқ. Алдағы уақыт­­та бұл кешен «Сұңқар» саябағы бо­лып кеңейтiлген түрде жұмыс істейтін бо­лмақ. Тұғырлардың жа­ны­нан 89 гектар аумақтағы жерге биат­лон, фристайл, бобслей стадион­дары мен ве­ло­жолдар салынады.

«Сарыарқа» велотрегі

Астанадағы көз тартар спорттық кешен­дерінің бірі. Халықаралық стандарттардың барлығына сәйкес келеді. Ашылғанына бір жыл өтер-өтпес уақыт болса да, халықара­лық дүбірлі додаларды өткізу мәртебесіне ие болып, өзі­нің ғажаптығын дәлелдеп келеді. VІІ қысқы Азия ойындарынан кейін, биыл қараша айының басында велотректен әлем кубогының бірінші кезеңдік бәйгелері ұйым­дастырылды. Бұл велотректен қазақ топыра­ғында тұңғыш рет өткен аламан дода еді. Ха­лық­аралық велосипедшілер одағының (UCI) техникалық нұсқаушысы Бернард Дар­мет велотректі әр қырынан бір өлшеп, мін таба алмай: «Бұл велотрек әлемдегі ең үздік велотректің бірі болады. Мұндай ғимаратты бұрын-соңды көрмеген­мін», – деп кетіпті. Вело­шабандоздың қал­па­ғына ұқсатып салын­ған велотректің параметрлері: жалпы ұзындығы – 250 метр, ені – 7 метр. Велотрек­тің айналма бұрылыстағы жантаю бұрышы 44 градус болса, ұзыннан жатқан жолы – 13,5 градус. Велотрек табаны Сібір балқара­ғайынан төселген.

«Алау» мұзайдыны

Елордадағы халықаралық деңгейдегі көрнекті кешендеріміздің бірі болып табы­лады. Қараша айының аяғында атал­мыш мұзайдында конькимен жүгіру спортынан әлем кубогының екінші кезеңдік жарыстары өтеді. Мұзайдыны жолағының ұзындығы – 400 метр. Шайбалы хоккейге арналған екі корты бар. Төрешілер алқасына және баспа­сөз жиынын өткізуге арналған залдары бар. Спотшылар киім ауыстыратын бөлмелерінің саны – сегіз. Басқа да әмбебап залдары мен фитнес орталықтары бар. Мұнда конькимен жүгіру спортынан, шорт-тректен, шайбалы хоккейден, керлингтен, мәнерлеп сырғанау­дан ірі жарыстар мен додалар өткізіп, жаттығу жұмыстарын жүргізе беруге болады. Соңғы үлгідегі техникалық жабдықтары мен архитектуралық жобасы үйлесім тапқан деп айта аламыз. «Алау» жабық мұзайдыны аз ғана уақыттың ішінде әлемге «мұзы жылдам» шаңырақ ретінде танылып үлгерді. Мысалы, VІІ қысқы Азия ойындары кезінде мұнда конькимен жүгіруші желаяқтар Азияның 9 рекордын жаңартты. Осылай, қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде «Алау» дүние- жүзіндегі конькишілер стадиондары рейтін­гінде бірден 17-орынға бір-ақ көтерілді (641 мұзайдын ішінен).

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы

Алматыдағы бұл спорт және мәдениет сарайы – еліміздегі ең «егде» ғимарат. 1967 жылы пайдалануға берілген. Қазақстандағы халықаралық додалар ең көп өткен киелі шаңырақ. Көпфункциональды әмбебап ке­шен. Волейболдан, күрес түрлерінен, дзюдо­дан, бокстан, кик-боксингтен, қол добынан, шайбалы хоккейден, ауыр атлетикадан, баскетболдан, футзалдан және тағы да басқа спорт түрлерінен халықаралық деңгейдегі ірі додалар өткен. Эстрадалық концерттер мен мәдени шаралардың да ошағы болған.  2011 жылы 6 ақпан күні VІІ қысқы Азия ойын­дары­ның ашылу салтанаты ұйымдас­тырылды. Ақ Азиада қарсаңында қайта құрылымдаудан өтіп, жаңа мәтінде өңделді. Инженерлік-техникалық коммуникация­ларының барлығы ауыстырылды. Қосымша бөлмелер мен кешен­дер (медициналық, теледидарлық) жапсарланып салынды. Сыйымдылығы – 5000 адам.

Ұлттық теннис орталығы

Астанадағы ең көрікті спорттық ғимарат­тардың бірі. 2008 жылы 4 шілде күні Аста­на­ның 10 жылдығына арналып ашылған. Мұнда төбесі жабық негізгі корттағы кездесулерді 2700 адам тамашалай алады. Жалпы, сегіз төбесі ашық және бес төбесі жабық корт бар. Жаттығу өткізетін корттары­ның саны – үшеу. Олардың бәріне де жоғары және орташа жылдамдықты «хард» және «rukort» төсеніштері төселді. Үлкен теннис, басқа да спорт түрлерінен ірі халықаралық додалар ұйымдастырылып тұрады. Соның бір дәлелі, ашылған бетте көркем гимнас­ти­кадан әлем кубогының кезеңдік сыны өткізіл­ген.

Талдықорғандағы теннис орталығы

Биыл Жетісу орталығында ауқымды тен­нис орталығы ашылды. Оның аумағы 13 861 шаршы метрді алып жатыр. Әрі жыл бойы үздіксіз жұ­мыс істеуге лайықталған. Онда төрт төбесі ашық және екі төбесі жабық корт бар. Төбесі жабық корттағы доданы 200 жанкүйер тамашалай алады. Олардың таба­нына Ита­лия­дан әкелінген көп­қабатты «хард» төсе­ніштері мен ашық алаң­ға лайық­тал­ған төсе­мелер төселген. Барлық жағдай қарасты­рылып, әкімшілік-тұрмыстық бөлім­дері, жуынатын және шешінетін бөлмелері, медициналық кабинеттері жұмыс істейді. 

Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадион

Тек футболға арналған, жүгіру жолдары жоқ. Мұндай стадиондар Қазақстанда некен-саяқ. Қабырғасы 1975 жылы қаланған. Алаң көлемі – 104 х 68 метр. Сыйымдылығы – 13 500 адам. Халықаралық футбол матчта­рын өткізу құзырына ие болып, УЕФА серти­фикатын алған.




Көрілген: 3009    Пікірлер: 0

сенбі, 19.11.2011, 12:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30