«Мұнай-газ саласында отандық жабдықтар қолданылатын болады!»

09 желтоқсан 2011, 12:08

Әскер Құсайынов Мұғалжар өңіріндегі мұнай-газ кен орындарында жұмыс істеуді армандайды. Ол келешекте бұл саланың өзге мемлекеттерге тәуелділіктен құтылғанын қалайды.


Әскер 1991 жылдың 16 желтоқ­санында Батыс Қазақ­стан облысы Тасқала ауда­нын­дағы Екінші Шежін ауылында дүниеге келген. Бала жеті жасқа қарағанда үй-іші тура қыр­күйек айында Ақтөбе облысын­дағы Қан­дыа­ғаш қаласына қоныс аудар­ды да, ол мектепке бір жыл кеш бару­ға мәжбүр болды. Дегенмен бұл жайт Әскерге Мұғалжар ауда­ны­ның орталығындағы №2 орта мек­теп­те оқу озаты бо­лу­ға әсте ке­дер­гі келтірмеді. Ол 5-сыныптан бас­тап, ма­тема­тика пәніне ай­рықша көңіл аударды. Аудан­дық пәндік олимпиадаларда бұл пәннен Әскер­ге тең келетін ешкім болмады. Бүгін­де Тәуел­сіз­діктің құрдасы Қ.Жұба­нов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің техникалық факуль­тетінде «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша білім алып жатыр.
Әскер ҚҰСАЙЫНОВ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің 2-курс студенті:
– 20 жыл – тарих үшін аз уақыт, бірақ Қазақстан осы кезең ішінде көп жетістікке жетті. Еліміздің беделін әлем мойындады. Тәуелсіздіктің арқасында ең алдымен білім саласына көңіл бөлінді, жастардың қалаған мамандықты меңгеруіне, бұрынғыға қарағанда мүмкіндік көбейді. Оқығандар еңбегінің жемісін көріп жатыр. Мұғалжар ауданы – мұнайлы өлке, оқуымды бітірген соң, сонда жұмыс істегім келеді. Мұнай-газ саласы шетелде жасалатын, көбінесе, қытайлық құрал-жабдықтарға тәуелді. Келешекте біз өз жабдықтарымызды өзіміз жасап, пайдалануымыз керек. Мен осы саладағы тәуелсіздікке үлесімді қосқым келеді.