Тәуелсіздік айнасы

Нәтижелі бағдарлама



Индира САТАЕВА, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой ауылы, мұғалім:

– 2010 жылы Ал­­ма­тыдағы Қыз­дар педа­го­гикалық ун­и­верситетінің ди­п­ло­мын ал­ған соң ма­­ман тапшылы­ғын көріп отырған өңірге барып еңбек етуге бел байладым. «Дипломмен – ауылға» бағ­дарламасы ар­қы­лы аудандық білім бөлімі­нен Шалқар ауданының шалғай жатқан ауылдарының біріне жолдама алдым. Бүгінде білгенімді оқушыларға үйретіп, ұстаздық қызмет ету­демін. «Дипломмен – ауылға» бағдарлама­сы арқылы ауылға келіп, еңбек етіп жатқа­ныма қуанамын. Жастардың өмір жолын дұрыс қалыптас­тыруына ықпал етіп, қол­дай­тын осындай бағдарламалар қабылдап отыр­ған еліміз­дің келешегі кемел екеніне сене­мін.



Сыдық ДӘУЛЕТОВ, «Дәулет-Бекет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы:

– «Дәулет Бекет» түйе шаруашылығы ЖШС 2001 жылы Алматы облысы Іле ауда­ны Ақши ауы­лында ашылды. Шаруа­шылық түйе өсіре отырып, халқымызды түйенің шұбат сусынымен қамтамасыз етуді көздейді. Өнімімізбен Алматы қаласы мен Алматы облысы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Павло­дар қалаларын қамтамасыз етіп отырмыз. Алғаш шаруашылықты бас­та­ған­да 30 түйеміз болса, бүгінде 4000-нан ас­там түйемен ұлттық сусынымызды өндіріп жатырмыз. Халықтың ұлттық сусы­ны шұ­бат­қа деген ықыласы ерекше. Бүгінде елі­мізде жұмыс істеп жатқан «Сыбаға» секілді бағдарламалар халықтың ата кәсібі – мал шаруашылығын өркендетуге үлкен септігін тигізуде. Ата кәсібіміздің жаңғы­рып, ұлттық сусынымыздың дәріптелуі еліміздің еге­мен­ді ел атанып, Тәуелсіздікке жетуіміздің арқасы деп санаймын.



Алмагүл ҚАРАЕВА, Қызылорда облысы Арал ауданы, дәрігер:

– Таза су – халық денсаулығының ке­пілі. Осы орайда мем­лекетіміздің «Таза су», «Ақ бұ­лақ» бағдарла­ма­лары арқылы шал­ғай жатқан ауылдары­мызға шейін таза ауызсу­мен қамтамасыз етуге тырысуы қуа­нарлық жағдай. Мәселен, біздің ауданы­мызда соңғы бес жылдың ішінде таза ауызсудың дұрыс жолға қойы­луы халық денсаулы­ғының дұрысталуына ықпал етті деп айта аламын. Мәселен, таза су ішкелі аудан халқының денсаулығы біршама жақсарып, бір жасқа дейінгі ба­ла­лар­дың өлімі күрт азайды. Іш ауруымен қатар, жұқ­палы ауру­лар мен туберкулезбен ауы­ра­тындардың саны төмендеді. Бір кездері таза ауызсудың тапшылығынан халықтың денсаулығы күрт нашарлап кеткен кездер де болды. Мәсе­лен, осыған дейін ауданда балалардың іш ауруы көбейіп кеткен соң, ауруханаларда қосым­ша стационарлар аштық. Сондықтан 2005 жылы Елбасының өзі арнайы ат ба­сын бұрып, таза ауызсудың тұсауын кес­ті. Ал бұл халық денсаулығының дұрысталуы үшін жасалған игі қадам болды.




Көрілген: 2862    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.11.2011, 10:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30