Тәуелсіздік айнасы

«Нұрлы көш» – Ұлы көштің басы

  • «Нұрлы көш» – Ұлы көштің басы

    «Нұрлы көш» – Ұлы көштің басы

Әлемде өз қандастарына жағдай жасап, атамекеніне әкелуге ниетті санаулы ғана мемлекет бар. Олар: Германия, Израиль, Қазақстан. Кейінгі жылдары арнайы бағдарлама қабылдап, Ресей де шетелдердегі орыстарды отанына шақырып жатыр. Бір айта кетерлігі, Қазақстан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дағдарысты жағдайда отырса да, дүниежүзіне тарыдай шашылған қазақтарды елге шақырды. Әдетте экономикасы сын көтермейтін, әлеуметтік әлеуеті тым төмен мемлекеттер көші-қонды жүзеге асырмақ түгілі, ішкі проблемаларын шеше алмай жатады. Ішкі қайшылықтарға тап болған посткеңестік мемлекеттерді айтпағанда, КСРО қанатынан шыққан елдердің ішінде ең дамыған Ресейдің өзі енді ғана қандастарына бет бұрып жатыр. Ендеше, азаттықтың алғашқы жылдарынан-ақ шетелдегі қазақтарды тарихи Отанына әкелуді жолға қойған тәуелсіз Қазақстанның атқарған шаруасы қыруар.

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан төрт рет Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын өткізді. Әрбір басқосуда жаңа мәселелер талқыға салынып, біткен іске қорытынды жасалып отырады. Шетелдерде өмір сүріп жатқан қандастармен қатынасты үзбеудің бір тәсілі деп қарасақ та, құрылтайдың дүниежүзі бойынша небәрі 15-ақ млн (!) қазақтың ынтымағы үшін маңызы зор.

«Нұрлы көш» елге не берді?

Еліміз азаттық алған соң, Ұлы көш басталды. Ерік-жігерімен атажұртына жаппай қоныс аударушылардың қатары ал­ғашқы жылдары көп болғанымен, кейін­нен сиреп кеткені жасырын емес. Сон­дық­тан мемлекет «Нұрлы көш» бағдарламасын әзірлеуді қолға алды. Шетелдегі қазақ­тар­мен байланыста жүргендердің айтуынша, сырттағы ағайын бұл бастаманы жақсы қабылдаған.

Өйткені шетелдегі миллиондаған қазақ «Нұрлы көш» бағдарламасына үлкен сенім артты. Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн теңге қарастырылды. «Нұрлы көш» бойынша барлық көшіп келушіні тұрғын үймен қам­тамасыз ету, тұрғын жайларды жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық мен­шігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіру сияқты. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып, қоныстандыратын қала­шық­тар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыз­дық мөлшерде несие берілді. Ал оны қайтару үшін жұмыспен қамтылып, кәсіп­пен шұғылдануға қаржы бөлінді. Шет мемлекеттерде өмір сүріп жатқан қан­дас­та­рымыздың этносы қазақ болғанымен, ассимиляцияның салдарынан ұлттық ерек­ше­ліктерін жоғалтып жатқаны да рас. Сон­дық­тан Үкімет оралмандарға қажетті әлеу­мет­тік көмектермен қатар, бейімдеуді де қолға алды. Елімізде оралмандар үшін арнайы 14 орталық ашылған. Үлкен қала­лар­да 2008 жылдан бастап бейімдеу орта­лық­тары белсенді түрде жұмыс істей бас­та­ды. Ол жерден оралмандар тілдерді үй­реніп, кәсіби біліктіліктерін жоғарылатуға мүм­кіндік алады. Оралмандарға көмек беру үшін жергілікті басқару органдарында орал­мандар кеңесі құрылған.

Жәди Шәкен, жазушы:

– Қазақтың 1/3-і шетелдерде өмір сүріп жатыр. Бүгінгідей заманда оларды елге тарту мәселесі өте өзекті болып отыр. Сондықтан да шығар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Үкімет нақты іске көшіп, «Нұрлы көш» бағ­дарламасын әзірлеп, жүзеге асыр­ды. Бұл бағдарламаны қандастарымыз өте жылы қабылдады. Сенімдері ақ­та­лып, бағдарлама аясында туған то­пы­ра­ғымен қауышқандар қаншама! «Нұр­лы көштің» екінші кезеңі жүзеге асы­ры­лады деп жатыр. Бұл да – үлкен қуаныш. Алғашқы лекке ілесе алмаған шетелдегі бауырларымызды қанаттандырып отыр­ғаны сөзсіз. Бағдарламаның ал­ғаш­қы кезеңіндегі ұсақ-түйек кемші­лік­тер ескерілсе, қазақ ұлтының ұтары көп. Мұндай бастамаларға қолдау көр­сету керек деп ойлаймын.


Өзге елдегі қандастармен ақпараттық байланыс та қажет

Қандастарымызды елге әкелу жұмыс­та­рымен қатар, жат жұрттағы ағайынмен байланыс мәселесін де қаперден шығармау қажет. Аманат болып қалған атаның ділі мен ананың тілін сақтауды мұрат тұтатын осындай қандастарымызды қолдап оты­ра­тын елімізде арнайы орталық құрылса да, артық етпейді. Кириллицаны білмейтін Еу­ро­падағы қазақтарға латын қарпімен, Қы­тайдағы қандастарымызға төте жазумен еліміздегі ақпараттарды жеткізіп тұруды қа­дағалап, тілдік ортаны кеңейтумен ай­налысса дейміз. Бұрындары Білім және ғы­лым министрлігіне арнайы қаржы бө­лі­ніп, шетелдердегі қазақ мектептеріне оқу­лық жеткізу мәселесі шешімін тауып отыр­са, қазір бұл игілікті іс тоқырап қалған.



Ұсыныс

Өзге де күрделі мәселелерді осы бір орталық арқылы басқарса, құба-құп болар еді. Қоғам болғаннан кейін әртүрлі пікірдің болатыны бар. Мамандар шетелдегі қазақтардың мәдениетін, тілін дамыту үшін мемлекеттік орган құрудың қажеті жоқ деп есептейді. Олардың айтуынша, мемлекеттік орган құрылатын болса, ол ведомство шетелге барып, қандастарымызды елге ашық шақыра алмайды. Бұл өзге мемлекеттің ішкі саясатына араласу болып табылады екен. Ендеше, әлемдік тәжірибені зерттеп, үкіметтік емес ұйымдар, я болмаса қорлар құру арқылы бұл мәселені реттеуге болады. Сондықтан құқықтық және қаржылық мәселелерді Үкімет реттеп берсе, бұл мәселелерді қауымдастық арқылы да реттеуге болады.





Көрілген: 3241    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.12.2011, 11:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30