Оқушылар Тәуелсіздікке тарту жасады
Алматы қалалық №33 мектеп-лицейде Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына арналған «Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім – Желтоқсан» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шарада Желтоқсан оқиғасының қатысушылары, қоғам қайраткерлері болды.
Ғалия БЕКТҰРҒАНОВА, №33 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
– Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына арналған шараға желтоқсаншылар, Медеу ауданы әкімдігінен білім бөлімі мамандары, қоғам қайраткерлері келіп отыр. Біз жыл сайын Тәуелсіздік мейрамы мен Желтоқсан оқиғасын үлкен деңгейде атап өтеміз. Осы жолы Ту көтеру рәсімін Алматы қалалық №5572 әскери бөлімшесінің сарбаздары атқарды. Шараға белсенді атсалысқан мектеп-лицейіміздің сынып жетекшілеріне, әсіресе директордың орынбасары Жұлдыз Үкібаеваға алғысымды айтқым келеді.