Тәуелсіздік айнасы

Он жылда халықтың 30 пайызын спортқа тартуымыз керек

  • Он жылда халықтың 30 пайызын спортқа тартуымыз керек

    Он жылда халықтың 30 пайызын спортқа тартуымыз керек

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2009 жылғы Жолдауында алдағы он жылда қазақстандықтардың 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысуы қажеттігін айтқанда, бұған күмәнмен қарағандар аз болған жоқ. Дегенмен халықты спортқа баулу үшін барлық жағдайдың жасалып жатқанына қарап, 2020 жылға дейін әлгі 30 пайыздық межеге жетеміз деп нық сеніммен айтуға болады.

Жалпы, 1995 жылдан бері ел спортын дамыту үшін Президентіміз бірнеше бағдарламалар қабылдаған. Мәселен, 1996 жылдың 19 желтоқсанында Елбасы­мыз «Қазақстан Республикасында бұқара­лық спортты дамытудың 1996-2000 жыл­дар­ға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Соның арқасында өткізілетін спорттық шаралардың саны артып, салалық спарта­киа­далар, оқушылар мен студенттер жа­рыс­тарын ұйымдастыру үрдісі қайта жаң­ғыр­ды. Сөйтіп, бағдарлама мерзімінің со­ңын­да, яғни 2001 жылы спортпен шұ­ғыл­­данушылардың саны 24,1%-ға артып, 1 436 302 адамды құрады. Республикада 290 спорт мектебі жұмыс істеп, оларда 134 мың балалар мен жасөспірімдер тәрбие­ленді. Денешынықтыру мен спорт саласындағы штаттық қызметкерлер саны 23 239 адамға жетті. Спортта дарынды балаларға арналған алты мектеп-интернат жаңадан ашылып, ондағы шәкірттер саны 942-ден 2385-ке дейін артты. Спорттық резервтер даярлаудың облыстық орталық­тарын құру ісі қолға алынып, Президенттік сынақ жүйесі енгізілді. Бұдан кейін Прези­дентіміз 2001 жылдың 12 наурызында «Қазақстан Республикасында денешынық­тыру мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарла­масы туралы»  Жарлыққа қол қойып, бұл да өз жемісін берді. Мемлекеттік бағдар­лама енді ғана қолға алынған шақта, спорт­пен шұғылданушылар саны 1 436,3 мың адам болса, салауатты өмір салтын серік еткендер 2002 жылы – 1546,3 мың адам, 2003 жылы – 1752,1 мың адам, 2004 жылы – 1885,9 мың адам, ал бағ­дар­лама мерзімінің соңғы жылында спорт­ты серік еткендер 2 миллион адамнан асып, ел халқының 13,7 пайызын құрады. 2005 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жалпы саны 389-ға жетіп, оларда тәрбиеленуші жеткіншектер 200 529 адам болды.

Ал бүгінде ше? 2010 жылы елімізде спортпен жүйелі шұғылданатындардың саны 2 900 000 адамға жетті. Олардың 1 527 256-сы 6-18 жас аралығындағы жеткіншектер екені де қуантады. Демек, дені сау ұрпақ тәрбиелеудеміз. Ары қарай тізе берсек, спорт мектеп-интернаттарында тәлім алып жүрген балалар мен жасөспірім­дер саны 237 165 адамды құрайды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Республика мектеп­терінің 98 пайызында аптасы­на 3 сағаттық денешынықтыру сабақтары жүреді. Еліміз­дің 48 жоғары оқу орнында спорт клубтары жұмыс істейді.

Алда да әлі халықтың бұқа­ра­­лық спорт­пен айна­лысуына бағытталған ша­ралар жалғаса бермек. Биылғы  жылдың айту­­лы бір жаңалығы — Қазақ­стан Респу­блика­сының Прези­ден­ті Нұрсұлтан Назарбаев ха­лық­ты сауықтыру мақса­ты­мен 2011-2015 жылдарға арналған «Сала­матты Қазақстан» Мемле­кеттік бағдарламасын бекіту туралы Жарлыққа қол қоюы. Осы бағ­дар­ламаның шеңберінде Туризм және спорт министрлігі денешы­нықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын әзірле­ді.




Көрілген: 1913    Пікірлер: 0

жұма, 11.11.2011, 10:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31