Тәуелсіздік айнасы

Парламент уақыт сынынан сүрінбей өтті

  • Парламент уақыт сынынан сүрінбей өтті

    Парламент уақыт сынынан сүрінбей өтті

Тәуелсіздік – тұтастай халықтың тағдыры. Дегенмен де егемен ел болудың ең бірінші міндеті – мемлекеттік құрылымды нықтау. Бұл тұрғыдан алғанда, биліктің әр бұтағын тәуелсіз рухта қайта тірілтіп, жаңаша өркен жайғызудың оңай жұмыс емес екендігі ақиқат. Оның ішінде қоғамдық өмірмен біте қайнасып, елдік мұратпен бірге дамыған заң шығарушы органның Тәуелсіздік жылдарындағы алар орны айтпаса да ерен. Білікті заңгер, Мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпековпен аз-кем әңгімеде Тәуелсіздік тұғырындағы парламентаризм жайына үңілмек болғанбыз.

Тәуелсіздік – тұтастай халықтың тағды­ры. Дегенмен де егемен ел болудың ең бі­рінші міндеті – мемлекеттік құрылымды нықтау. Бұл тұрғыдан алғанда, биліктің әр бұтағын тәуелсіз рухта қайта тірілтіп, жа­ңаша өркен жайғызудың оңай жұмыс емес екендігі ақиқат. Оның ішінде қоғамдық өмірмен біте қайнасып, елдік мұратпен бірге дамыған заң шығарушы органның Тәуелсіздік жылдарындағы алар орны айт­паса да ерен. Білікті заңгер, Мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпековпен аз-кем әңгі­меде Тәуелсіздік тұғырындағы парламентаризм жайына үңілмек болғанбыз.

– Мем­лекеттің қалыптасуына, ел Тәуел­сіз­дігі­нің бекуі мен оның төрткіл дүниемен қарым-қатынасына ықпал ететін биліктің бір тар­мағы – Парламент. Бұл ретте алдымен Тәуелсіздікке апарар жолды айқын­дайтын елдің еге­мендігі туралы декларацияны қабылдап, кейін­нен Қазақстан Тә­уел­сіздігін жария­лаған Жоғарғы Кеңес пар­ламенттің барлық функцияларын атқа­рып отырды. Расында, Кеңес Одағы ыдырап, тоталитарлық режимнен арыла бас­таған тұста күн тәрті­біндегі бірінші мәселе – демократиялық мемлекет құру тұрды. Ел­дің келешек тағ­дыры да өз қолымызға көшкендіктен, бізге қоғам дамуын тұра­лат­пайтын, қайта кеңестік қирандыдан шап­шаң құтылуға жол ашатын заң шы­ғарушы органның белсенділігі керек болды. Осы тұрғыдан ал­ғанда, мәселені Тә­уел­сіздіктің алғашқы жылын­дағы Парла­ментпен қа­рас­тыратын болсақ, сол кездегі Жоғарғы Кеңестің ХХІІ-ХХІІІ шақырылымы Тәуелсіз Қазақстан тарихына зор үлес қос­қанын атап өтуге тиіспіз. Тарихи қадам­дардан бөлек, депутаттар алдында ерекше батыл­дық, түн ұйқысын төрт бөлетін та­бандылық тұрды. Себебі қан­ша дегенмен бұрынғы орталықтық бас­қару­дың салдарынан Қа­зақ­станның келешек кемелдігіне деген сенім сон­шалықты лауламады. Қара­пайым жұрт­шылықты былай қойып, сол кездегі саясат­керлердің өзі ертеңгі күні не болатынын бағамдай алмайтын. Екіншіден, ел болу үшін де елдегі тыныштықты қамту аса маңызды еді. Тәуел­сіздіктің алғашқы кезең­ін елдігіміз үшін үлкен сынақ ретінде қарас­тырсақ, сол сыннан Жоғарғы Кеңес сүрін­бей өтті. Тіпті сол кезеңдері әлемдік эконо­микаға ықпал­даса даму, іргелі 50 елдің қатарына қосылу туралы ұмтылыс болмай­тын, байтақ Астананы салу туралы мәселе ешкімнің ойына кіріп-шықпайтын да. Тәуел­сіздіктің алғаш­қы жылындағы бас­ты мақсат – әлем елдеріне өзіңді дер­бес мемлекет ретінде таныту. Қалай танытамыз? Бейбіт ұстаным­мен, берекелі бір­лі­гімізбен ғана. Сондық­тан да Қазақ­стан мемлекет­тігінің қалып­та­суына Жоғар­ғы Ке­ңестің қос­қан үлесі талас­сыз. Мен бұл кезеңді Тәуелсіздік тари­хының үлкен әрі ма­ңызды парағы ретінде қарас­ты­рамын. Одан кейінгі жаң­ғы­ру жыл­да­рындағы Пар­ламенттің елдік қыз­меті де — өз алдына бір төбе.

– Өткенді саралап отырып, Тәуелсіз Қазақстанның Парламенті қай тұста пәрменділік танытты деп айта аласыз?

– Парламент қызметінің белгілі бір ке­зеңін бөле-жарып «мына кезең мықты», «осы шақырылым озық», әйтпесе «Парла­менттің мына тұсының ерекшелігі мынау» деп кесіп айту тым өрескел. Жоғарғы Ке­ңес­тің Тәуелсіздік тұсындағы тегеурінін жоғарыда айттық. Ал одан кейінгі кон­ституциялық кеңістікке орай дүниеге келген қоспалаталы кәсіби Парламент заң шығарушылық биліктің бәрін басынан бастады. Расын айтқанда, сол кездің депу­таттары дербес елдің заң шығарушы тар­мағының қалай жұмыс істеуі керектігін өздері де үйренді, қоғамдық қатынасты үйлесімді реттеуге де үлес қосып отырды. Кешегі тарихқа жүгінсек, биліктің үш тар­мағының өзара жұмыс жасау әдістерін ай­қындау төңірегіндегі шаруа алғашқы 1993 жылы қабылданған жаңа Ата Заңы­мызда көрсетілген-ді. Конституция Прези­денттің рөлін, атқарушы билік пен заң шығарушы биліктің құзыреттілігін айқын­дады. Алай­да өмір алға жүрген са­йын кейбір бағыт­тағы қайшылықтар орын алып тұр­ды. Тә­уелсіздіктің алғашқы жыл­да­рын­дағы жұртшылық басындағы жағ­дайдың қиын­дығы, әлеуметтік мәселе­лердің күр­делене түсуі бетке алған саясатты жүзеге асыруға кедергі болса, екінші жағынан, демо­кратиялық жаңғыруға 1993 жылғы қабыл­даған Конституция түбегейлі мүм­кіндік бермеді. Тәуелсіздіктен кейін заң шы­ға­рушы билік бірден өз орнын тауып, сот билігі де өз даңғылына түсіп кете алмады. Осы тұста билік құрылымын серпіл­тіп, үйлесімді ету мақсатында Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың өзі де қатыс­қан үлкен сарапшылар тобы құрылды. Сол топ Кеңес Одағының кезіндегі заң шығару­шылық­тан бастап, әлемдік парламентарийлік өр­кениет жолын зерделеді. 1993 жылғы Конституцияның артық-кем тұстары да екшелді. Ұстанған бағытымыз қорғалды. Нәтижесінде 1995 жылғы жаңа Ата Заң француз үлгісіндегі кәсіби Парламентті ең жоғарғы заң шығарушы орган ретінде айқындап, оның өкілеттігін де нақтылап берді. Сөйтіп, демократияландырудың аса маңызды институты – парламентаризмнің дамуына то­лықтай жағдай жасалды. Осылайша Ата Заң мемлекеттің өмір ағымын қамтитын заң шығарушы биліктің басқа биліктермен және өз ішіндегі байланыс­тарының құнды мәселелерін жіліктеп берді. Содан кейінгі кезеңде Парламенттің кәсібилік даңғылына жол ашылды.

Бүгінгі қолданыстағы 350-ге тарта заңнаманың басым көпшілігін алғашқы шақырылымдағы белсенділік нәтижесі деп айтуға да келеді. Осылайша ұлттық заң­на­ма шығармашылығының іргетасы сапалы қаланды. Содан кейінгі екінші шақырылым жұртшылықтың есінде Үкімет пен Парла­менттің арасындағы текетіресімен қалғаны белгілі. Ол кездері Жер кодексінің қалай қабылданатыны Үкіметтің де, Мәжілістің де тағдырын айқындаған болатын. Жұрт­шы­лықтың көз алдында өт­кен үдерістің нәтижесінде Мәжілістің пәр­менділігінен Үкімет тарқауға мәжбүр бол­ғаны анық. Әйтсе де елде ешқандай да сая­си дағдарыс орын алмады. Осының өзі — біздің билік құ­ры­лымдарының үлкен же­тістігі. Тіпті алыс­қа бармай-ақ, 2008-2009 жылдар­да­ғы жаһандық дағдарыс тұсында Парламент ат­қарушы билікпен үйлесімді жұмыс жасап, қажетті заңдарды шапшаң қабыл­дау­дың нәтижесінде күйзе­ліс салдары сәтті еңсерілді. Ендеше, Қазақ­стан да­муы­ның түр­лі кезеңдеріндегі Пар­ла­мент­тің пәрмен­ділігін барлық кезең­дерде де бай­қауға бо­лады. Әр шақырылым өзіне ар­тылған жүкті жетер жеріне апара білді. Бұл да — ел Тәуел­сіздігінің нық болуына, оны тұғырлы ете түсуге деген депутаттардың еншісіндегі ерекше үлес. Солай болуға да тиісті. Бір сөзбен айтқанда, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тағ­дырдың тезіне төзіп, жаң­ғырған қоспалаталы кәсіби Парламент уақыт сынынан сү­рін­бей өтті, онда сан салалы мүдде­лер­дің өкілеттілігі тұтас­тай қамтамасыз етілді.

– Өзіңіз Тәуелсіздікті қандай қыз­метте жүріп қарсы алдыңыз? Еркіндік туралы естігенде ішкі сезіміңіз қалай болды?

– 1991 жылы Тәуелсіздік туралы заң қабылданып, еркіндіктің ақиқатына көз жеткен жылы мен Торғай облысы Амангелді ауданында сот төрағасы лауазымында едім. Жалпы, өз басыма келетін болсақ, мен ауылдың қара баласымын, қазақ мектебін үздікке бітіріп, кейіннен білімімді жетілдіре отырып, заң саласында үзбей қызмет істеп келемін. Расын айтқанда, қазақтың қара баласы үшін кеңестік ке­зең­де көптеген кедергі болды. Бас­қасын айтпағанда, тоталитарлық режимде біз тілден көп қорлық көрдік. Қызмет істеп жүріп, Ленинградтағы тергеушілерді жетілдіру институтында білімімді тереңдеттім. Оқу бастан-аяқ орыс тілінде. Ынтам жетік, ұмтылысым да зор. Әйтке­нмен ойда бар нәрсенің бәрін тілмен жеткізіп айта алмай қорлық көретінмін. Түні бойы орыс тіліндегі оқулықтарды жаттап шығуға тура келді. Сол жылдары қазақ заңгерлерін, артымнан еріп келе жатқан ауылдан шыққан інілерімді неге қазақша толыққанды оқыта алмаймыз деп назаланатынмын. Тәуел­сіздік туралы ақиқатты естігенде сол қиын­дықтардың бәрі шешімін тапқандай әсерде болдым. Егемен ел болудың ертеңгі шағын ойлап қуандым. Ендігі күні қазақтың балалары сорламайтын болды, орталыққа барып, орыс тілі үшін арланбайтын болды деп ойладым. Расында, менің сол жылдары ойлаған арманым орындалды. Тәуел­сіздіктің арқа­сын­да ғана орындалды. Сол үшін Тәуел­сіздікке бәріміз де мәңгілік қа­рыз­дармыз!




Көрілген: 2711    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.11.2011, 11:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31