Тәуелсіздік айнасы

Сырткөз

Қазақстан: 20 жылда орындалған уәделер

1991 жылдың 16 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялағанда бұл ел 20 жылдық жолын табысты жүріп өтеді деп ешкім ойламаған болар.

Алғашында бәрі қиын болды. Кеңес Одағының экономикасы одақ елдерін бір-біріне тәуелді етіп жіпсіз байлаған. Бүкіл өндіріс ошақтары мемлекеттердің қатысуынсыз жүзеге ас­пайтын.

Мұнай мен газдың ірі қорына ие Қазақстанның өндірісі Беларусь, Ресей арқылы өндірілетін. Сондықтан бәрін «нөлден» бастауға тура келді.

Барлық қиындықтарға қарамастан, Қазақстанның ұлттық құрылысы тез басталды. Алдымен бұрынғы кеңестік республи­калармен экономикалық байланыс орнатылып, шетелдік инвес­торларға есік ашып, әлемнің барлық мемлекетімен экономи­калық ынтымақтастық орнатты.

Қазақстан өзге елдерден өзгешелеу саясат ұстанды. Кеңес Одағының ядролық арсеналынан бас тартып, батыл шешім қа­былдай білді. Ол үшін Қазақстан территориялық тұтастығы­ның сақталуына БҰҰ-ның атынан Қытай, Ресей, АҚШ мемлекет­те­рінің қол қоюы арқылы кепілдік алды.

Қазақстан осы бір батыл шешімі арқылы ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, Семейдің экологиясын қалпына келтіруді ойлады. Бүкіл әлем назарын Арал теңізінің болашағына аударды. Бұл – тек Қазақстан үшін емес, Орталық Азияға ортақ проблема. Бұл Тәуелсіз елдің алғашқы батыл шешімдері еді. 

Ал бүгінде 20 жылдан кейінгі Қазақстан еуропалық және ғаламдық энергетикалық жобалардың негізгі қатысушысына айналып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арманы орындалды. Қытай бағытындағы мұнай және газ құбырлары Азия алыбын энергетикамен қамтамасыз етіп отыр. Ресейге, Еуропаға да еркін шығатын жобалары бар.

Қазір Қазақстан шекаралық, территориялық тұтастығын өз күшімен сақтап отыр. Өңірде әскери, құрылымдық күштердің оқу-жаттығулары жиі өтіп тұрады. Аймақтағы есірткіге қарсы күресті де жүргізіп отырған – негізінен осы ел. Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болып, 11 жыл өтпеген саммитін Астана қаласында абыроймен атқарды. 2011 жылдың маусым айынан бастап Ислам ынтымақтастық ұйымының төрағалығын мойнына алды. Бұл халықаралық табыстар елдегі азаматтық қоғамның дамуына өз септігін тигізді.

Тәуелсіздігінің 20 жылында Қазақстан өз тарихында мақтануға тұрарлық көп жетістікке жетті.

Diplomat Club (Румыния), 10.06.2011




«Алтын орданың» ұрпақтары әлемдік нарықты бағындырады

Қазақстан биыл Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді. Алып елдің бұл күнді атап өтуіне соңғы он жылда экономикалық өсімін 12 пайызға өсіргенінің өзі үлкен себеп бола алады. Бұрындары жазық даласы мен биік таулары ғана болған ел бүгінде Орталық Азияның экономикалық таңғажайыбына, халықаралық аренаның жаңа «ойыншысына» айналды. Меңіреу дала елестейтін елде қазір жергілікті қазақтар барлығын болашақ үшін жасап жатыр. Көшпенділердің ұрпағы ретінде жоспарды асыра орындады. Оны елдің жалпы ішкі өнімінің көрсеткіштерінен аңғаруға болады.

«Стандардың» ішіндегі ең табысты «стан» бүгінде жүздеген мың баррель мұнай өндіреді, биік ғимараттары көк тірейді.

Қазақстанның табысқа жету құпиясы – жеріндегі Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің 118 түрі бар табиғи ресурстарды тиянақты жоспар арқылы пайдалануы мен қазір жүргізіп отырған әлеуметтік саясатында. Қазақстан жерінде қанша мұнай бар деген сұраққа кейбір ақпарат көздері бүкіл әлемде мұнай қоры таусылғанда бір жыл бойы дүниежүзін мұнаймен қамтамасыз ететін қоры бар дегенді растайды. 

Табысты саясаттың «әкесі» саналатын Нұрсұлтан Назарбаев батыстық өмір сүру мен дәстүрлі қоғамды жұмылдырып, экономикаға пайда әкелуді дер кезінде ойластырып жүзеге асырған. Осының арқасында бұл ел 90-шы жылдардағы дағдарыстан аман шықты. Табиғи ресурстары Қазақстанға энергетикалық егемендік сыйлады. Алайда Қазақстан инвестиция тартып, дүниежүзілік «ноу-хау» енгізді. Бүкіл Азия мен Еуропаның жартысын жаулап алған «Алтын орданың» бүгінгі ұрпақтары бүгінде әлемдік нарықты бағындыруы ықтимал. Бұл елдің амбициясын аз жылдың ішінде салынған елордасы Астанадан-ақ аңғаруға болады. Көптеген ел Қазақстанның экономикалық таңғажайыбына таңғалады. Хорваттар да таңдай қағады.

«Вестник» газеті (Хорватия) 09. 07.2011




Көрілген: 3065    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.12.2011, 11:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31