Тарих тереңінен – болашақ биігіне

Тарих тереңінен – болашақ биігіне

Өзінің жүріп өткен жолында қандай із қалды, сондай-ақ алда не күтіп тұрғанын білу үшін адам артына бір қайырыла қарайды. Сол секілді Тәуелсіздік алғалы көтерілген жаңа белестерімізді таразылау үшін бізге тарихқа шолу жасау аса маңызды. Бар мен жоғымызды  түгендеу мақсатында Елбасымыздың «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдағанын білеміз. Аталған бағдарламаның барысында қол жет­кізген жетістіктеріміз, жалпы, Тәуелсіздік таңындағы тарихи жетістікте­ріміз жайын өзіміз үшін бір түгендеп қойғанымыз артық етпес.
Кезінде Қадыр ағамыз қазақ тарихының бай тарих, бірақ оқулығы жіңішке екенін күйіне жырлап еді. Ал енді сол өткенде кеткен «кегіміз» қайтып, ел тарихы том-том болып жазылып жатқаны – қалпағы­мызды аспанға атып айтар қуаныш. Мәсе­лен, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдар­ламасының бүгінде бірінші және екінші кезеңін еңсеріп үлгеріппіз.  Алғашқы кезе­ңінде 3 миллиардқа жуық,  екінші кезеңін­де 4 миллиард қаржы бөлінді. Бұл аз сома емес! Соның арқасында талай археология­лық қазба жұмыстары жүргізіліп, тарихи ескерткіштер өңдеуден өтті. Қазақ тарихы­на қатысты ағылшын, неміс, француз тілдерінде жазылған батыс ғалымдарының еңбектері қазақ тілінде басылды. Ең негіз­гісі, Қазақстан тарихшылары көрші Ресейді айтпағанда, Қытай, Ватикан, Франция, Гер­мания және басқа елдердің мұрағат­тарында көз майын тауыса жұмыс жасап, нәтижесінде бұрын-соңды біздің қолы­мызға тимеген материалдар көптомдық кітап болып жарыққа шығуда. «Өнер» баспасы қазақ тарихына қатысты қытай тіліндегі деректік материалдарды қазақ тілінде екі том етіп шығарды. Қытайдағы қандастары­мыздың арасындағы ғалым­дар­дың арқа­сында «Ежелгі үйсіндер тари­хы», «Ұлы Түрік қағанаты» атты еңбектер шықты.  Осы­ның бәрі – мемлекеттік Тәуел­сіздік жағ­дайында «Мәдени мұраның» аясында қол жеткізген жетістік. Бұл – Тәуел­сіздіктің нәтижесі!
Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Біздің өз арамызда «қазақ тари­хы дағдарыста» деп айқай салып жүрген ғылым докторы, профессор атағы барлар кездеседі. Міне, солар­дың өзінен мен: «Айналайын-ау, ғы­лым дағдарыста болса, онда өзің не бітіріп жүрсің,  жаңа сапаға шығару­ға өзің қандай үлес қостың?» деп сұрар едім. Шүкір, Тәуел­сіздік алғалы бері тарих ғылымында біраз жағымды өзгерістер бар. Атап айтар болсақ, тарихшы Зардыхан Қиная­тұлы баста­ған ғалымдар тобы «Қазақ мемлекет­тігінің тарихы» атты зерттеу еңбегін жариялады. Жақсы еңбек. Сосын Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы­на бай­ла­нысты, Кенесары Қасымұлы баста­ған ұлт-азаттық қозғалыс, Алаш қозға­лысына арналған іргелі еңбектер жарық көруде. 20 жыл ішінде, әрине, бұдан да көп іс атқаруға болар еді, бірақ ол үшін тарихшылардың көзқа­ра­сы, ұстанымы өзгеруі керек. Ал ол баскиім ауыстыра салғандай оп-оңай шаруа емес, уақыт керек. Енді бізге осыншама мұраны жоғары дәрежеде қорыта алатын тарихшы мамандар­дың жаңа буыны керек. Себебі көне кезеңдегі қазақ жеріндегі мемлекеттік құрылымдар мен орта ғасырдағы, жаңа замандағы мемлекет­тік құры­лым­дар арасындағы сабақтастық әлі де болса толық шешімін таппаған, ал оны зерттеу – жас буынның еншісінде.

Түйін
Әлем ойшылдарының бірінде: «Тарихшының отбасы болмауы керек, ол жеке бастың тірлігін ұмытуы керек» деген сөз бар екен. Шүкір, жағдайымыз біршама дұрысталды, демек, таяу болашақта тарих­шы­ға «міне, саған қаржы, отыр да, тек та­рих­ты жазумен айналыс» деп қомақты қаржы бөлетін күн де туар.  Және сол кезде өмірдің басқа қызықтарын тәрк етіп, тек та­рих жазуға отыратын ғалымдар да өмірге келер.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста