Тәуелсіздік айнасы

Тәуелсіз елдің парламентаризмі

  • Тәуелсіз елдің парламентаризмі

    Тәуелсіз елдің парламентаризмі

Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі келбетінің қалыптасуына 1995 жылғы саяси оқиғалар шешуші рөл атқарды десек те болады. Сол жылдың тамыз айында қабылданған ел Конституциясы Қазақ­станның саяси жүйесін түбегейлі өзгертті. Қазақ елінің заң шығарушы органы кеңес кезіндегідей Жоғарғы Кеңес аталып келген еді. Нағыз демократиялы мемлекеттердегі сияқты қоспа­латалы Парламенттің түзілуіне осы Негізгі заң себепкер болды.


Парламентаризм тарихы

Бірінші сайланған Парламент – 1996-1999 жылдар

Парламентте Сенат пен Мәжіліс деп аталатын қос палата құрылды. 1995 жыл­дың желтоқсан айында жаңа Конституцияға сәйкес Сенат пен Мәжіліске жалпыхалық­тық сайлау өткізілді. Ал тікелей халықтың таңдауына ие болған депутаттар өз мандаттарын 1996 жылдан бастап пайдалана бастады. Осы жылдың 30 қаңтарында қос палатадағы халық қалаулылары өздерінің алғашқы отырыстарын өткізді. Парламент алғаш құрылған уақытта Сенатта (1999 жылға дейін) 44 депутат, ал тарихта Ос­па­новтың құрамы деген атпен қалған Мәжі­лісте 67 халық қалаулысы жұмыс істеген екен.

Екінші сайланған Парламент – 1999-2004 жылдар

1999 жылдың күзінде енгізілген кон­ституциялық өзгерістерге сәйкес алғаш рет Орталық Азия өңірінде аралас жүйе бо­йынша Мәжіліске сайлау өтті, бұл саяси партияларға тең өкілдік негізінде пар­тия­лық тізім бойынша Парламентке сайлану мүмкіндігін берді. Сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты округтер бойынша 67 депутат және біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялардан 10 депутат сай­ланды. Ал 2003 жылы Сенатта 39 депу­тат болды.

Үшінші сайланған Парламент – 2004-2007 жылдар

1999 жылғы қыркүйекте алты жыл мерзімге сайланған 16 сенатордың сайлауы 2005 жылғы тамызда өтті. Жаңадан сайланған сенаторларды қосқанда 2005 жылғы желтоқсанда Парламент Сенатында 39 депутат өз қызметін атқарды. Ал Мәжі­ліс сайлауы 2004 жылдың қыркүйек айында өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысты. Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды.

Төртінші сайланған Парламент – 2007 жылдан бері

Ата Заңымызға 2007 жылдың мамыр айында енгізілген өзгерістер мен толық­тыруларға сәйкес төртінші сайланған Парламент палаталарының жаңа құрамы 2007 жылғы тамызда қалыптастырылды. Жоғар­ғы палатаға Президент тағайын­дайтын депутаттар санының 15 адамға дейін ұл­ғаюын көздейтін өзгерістерге сәйкес, Президент 2007 жылғы 28 тамызда қосымша сегіз сенаторды тағайындады. Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 депутаттан тұрады. Олардың 98 депутаты 2007 жылғы 18 тамызда жеті саяси партиядан біртұтас жалпы ұлттық округ бойынша жал­пыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланса, тоғыз депутат 2007 жыл­ғы 20 тамызда Қазақстан халқы Ас­сам­блея­сының атынан мандат иеленді. Тәуел­сіз елімізде қалай болғанда да «заң шы­ғарушы органға халықтың өкілдері өту керек» деген ұстаным сақталып отырды. Сайлау кезінде белгілі бір мөлшерде дауыс жинай алмаған саяси партиялар мен түрлі қо­ғамдық ұйымдар да тыс қалған жоқ. Парламент Мәжілісінің жанынан 2007 жылы Қоғамдық кеңес құрылып, саланың дамуына үлес қосу үстінде.

Тәуелсіз Қазақстан Парламентінің 15 жылдағы жұмысы

Қазір Парламент палаталарының әр­қай­сысында жеті комитеттен жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде әрбір сала бойынша қабылданатын құжаттардың өміршең болып халыққа жұмыс істеуін қамтамасыз етуге септігін тигізері сөзсіз. Кәсіби қос­па­латалы Парламент осы уақыт аралығында 1800-ден астам заң қабылдап, қоғамдық мәселелерді реттеуге күш салып келеді. Заңгерлер қауымының айтуынша, Парламент тәжірибе жинақтап, кемелдену үс­тінде. Өткен 15 жыл ішінде еліміз дип­ло­ма­тиялық қатынастар орнатып, әріптес мемле­кет­тердің заң шығарушы органдарымен тығыз байланысып, халықаралық парламенттермен де тәжірибе алмасты. Атап айтар болсақ, ТМД Парламенттік Ассамблеясына, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ­тастық ұйымының Парламенттік ассамблеясына, түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясына, тағы басқа ұй­ым­дарға мүше. Еуропа мен АҚШ-тың кон­грес­мен, депутаттарымен тығыз қарым-қаты­нас орнатылған. Демократиясы ке­мел­денген мемлекеттердің заң шығарушы орга­нының депутаттарымен арадағы қаты­нас тәуелсіз жас мемлекеттің заң шығару сала­сының өркендеуіне үлес қосуда. Қо­ғам­да бірпалаталы Парламент болу керек дейтіндер де бар. Алайда еліміздің дамуына, қоғам­дық қатынастарды реттеуге септігі тиген әр­бір заңда Сенаттың да өзіндік қол­таң­басы қалды. Жоғарғы палатаның 15 жыл ішіндегі жұмысы Сенаттың қоғам­ға, мемлекетке керектігін дәлелдеді.



Парламентаризм деректері:

• Әзірге төрт Парламенттің ішінде екінші сайланған депутаттық корпус қана бес жыл қызмет істеді.

• Төртінші сайланған Мәжіліс тарихта құрамы бір ғана партия мүшелері болуымен қалады.

• 15 жыл ішінде Сенатты да, Мәжілісті де төрт төраға басқарды.

• Екі бірдей шақырылымда төраға болған Орал Мұхамеджанов қана.

• Роман Мәдинов, Тито Сыздықов, Ерлан Нығматулин, Иван Чиркалин сынды халық қалаулылары 1999 жылдан бері депутат. Олар үш сайланым қорытындысы бойынша Мәжілісте жұмыс істеп келеді.

• 1996-1999 жылдар аралығында 13 нәзікжанды депутат болды. 1999-2004 жылдар ішінде олардың саны кеміп, қос палатада жалпы саны 11 әйел депутат қалды. Үшінші сайланған Парламентте 10 нәзікжанды саясаткер болса, 2007 жылы олардың саны күрт артып, депутаттық мандатқа иелік еткен әйелдердің саны 17-ге дейін жетті.

• Посткеңестік елдердің ішінде сегіз мемлекет өзінің заң шығарушы органын Парламент деп атаса, қалған жетеуі өз тілінде ресми ат қойған.





Көрілген: 3099    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.11.2011, 11:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30